АСИТ терапиясы бойынша жеке тәжірибе
Курс қанша уақытқа созылады? Менің түсінуімше, емхана мен дәріге байланысты мерзімі де әртүрлі. Телефон арқылы хабарласып сұрағанда білген ақпарат бойынша ең азы 6 ай, ең көбі 3-4 жыл болды.
Бағасы қанша? Орта есеппен бір инъекция 13 000₸ мен 18 000₸ аралығында. Айына бір рет алып тұру керек (бірінші айда үш рет алыңыз деп айтуы мүмкін, маған солай деді). Мүмкін, курсты қаңтар айынан бастағандықтан шығар. Кейбір адамдар қарашаның соңынан бастайды екен.
Іс-қимыл алгоритмі қандай? а) емхана мен дәрігер таңдадым, б) консультацияға жазылдым (9000₸), в) анализ тапсырдым, Олимпте 30 000₸ болды), г) кезекті қабылдауға жазылып, сонда бірінші инъекцияны алдым. Қайталама қабылдау кезінде инъекция үшін 16 000₸, қабылдау үшін 5 000₸ төледім. Ары қарай төлем тек инъекция үшін жасалады. Бірден бір жылға төлеп тастауға болады немесе әр инъекция үшін бөлек төлеуге болады.
Анализ бағасы сізде басқаша шығуы мүмкін. Себебі мен тек өсімдіктерге байланысты тапсырдым. Егер сізде үй жануары болса немесе белгілі бір тағамдарға аллергияңыз болса, қосымша сынақтардан өту керек болады.
Егер терапиядан өтуге мүмкіндігіңіз немесе уақытыңыз болмаса, жазда аллергиялық белгілерден Авамис спрейын пайдалануға жиі кеңес береді. Ол туралы Инстаграмдағы оқырмандарымнан сұрағанға дейін естімеген болатынмын. Аллерголог та осы спрейды ұсынды.
Сонымен қатар аллерголог мынадай ақпарат айтты: егер сізде түрлі заттарға аллергия анықталса, бірден екі инъекция тағайындайтын жағдай болуы мүмкін (бірақ сирек). Менде бес анализдің үшеуіне аллергия анықталды, бірақ ең айқын аллергенге бір ғана инъекция тағайындады.
Қандай дәрігерлерге қаралу ұсынылады? Мен курсты Астанадағы DiVera клиникасында өтіп жүрмін. Дәрігер Барменова Әлия Серікқызы (Әсел бұған дейін ол кісінің оқырманы болған, сондықтан соған жазылуымды ұсынды).
Бірақ оқырмандарымыз Астанадағы German Medical Center (GMC) клиникасын немесе Алматыдағы Шахристан тұрғын үй кешеніндегі аллергиялық емхананы жиі ұсынды.
Сондай-ақ оқырмандарымыз мына клиникалар мен дәрігерлерге қаралуға кеңес берді: