Көлік салығын қалай тексеруге болады?
Kaspi қосымшасы арқылы: «Мемлекеттік қызметтер» → «Салықтар» → «Көлік салығы» таңдаңыз. Сондай-ақ, «Төлемдер» бөлімінде де «Көлік және мүлік салығы» деген бөлім бар.
e-Salyq Azamat қосымшасы арқылы: «Салық әмияны» → «Бюджетпен есеп айырысу» → «Алдағы төлемдер». Сонымен қатар, «Электрондық сервистер» бөлімінде «Жеке тұлғалар мен ЖК-нің алдағы төлемдері» деген арнайы сервис бар.
eGov Mobile қосымшасы арқылы: Бас мәзірден қызметтер → «eSalyq» бөлімін таңдаңыз. Егер сізде бірнеше көлік болса, олардың әрқайсысы бойынша жеке ақпарат көрсетіледі. Сондай-ақ, салықтың қай айларға есептелгені де толық жазылады. Егер бұрынғы салықтан артық төлем қалған болса, оны жаңа салықты өтеуге бағыттауға немесе картаңызға қайтаруға болады. Ол үшін «Артық төлемді пайдалану» бөліміне кіріңіз.