Pinduoduo-дан JanaPost арқылы тапсырыс берілген тапсырысты қалай бақылауға, сондай-ақ жеткізу құнын төлеуге болады?
Алдымен, Pinduoduo-да бір нәрсеге тапсырыс бергенде, JanaPost қызметіне кіргіңіз келетін телефон нөмірін көрсетуіңіз керек. Мысалы, Pinduoduo-ға тапсырыс беру кезінде тапсырыс берушінің телефон нөмірі: +7 777 777 77-77 болса, тапсырысты қадағалап, КАРГО қызметтерінің құнын төлеуге ыңғайлы болу үшін JanaPost жүйесіне де дәл сол нөмірмен кіру керек.
Тіркелгеннен кейін қолданбаға кіріп, «Тапсырыстар» қойындысына өтіңіз
Егер тапсырысыңызды жіберген болса, ол "Күтілуде" жолағында пайда болады
Бастысы тапсырыстар бұл жолақта пайда болуы үшін ары қарай тек күту керек, тапсырыстар "Бөлімше" жолағында пайда болуы керек
Тапсырыс аталмыш жолақта пайда болған кезде, тапсырысты алып кету үшін қабылдау орнына келіп, қызметкерге QR кодын көрсету керек.
Бірақ тапсырысты алып кету үшін жеткізу құнын төлеу керек, оны қалай төлеу керектігін төменде оқыңыз.
Тапсырыс құнын қалай төлейміз?
Тапсырысыңыз орналасқан жолақты таңдаңыз, сонда жеткізу ақысын төлеу қолжетімді болады.
Карта, Apple Pay немесе Kaspi төлемдері арқылы төлеуге болады.
Онлайн-сауда кезінде жоғарылатылған кешбэк беретін карталармен төлеу тиімдірек болмақ, біз мына жазбада қолайлы төлем шарттарын ұсынатын қолданыстағы карталар жайлы ақпаратты жаңартып тұрамыз.