February 14, 2024

Бір электр жеткізушісінен екіншісіне қалай ауысуға болады?

Бұл Астана бойынша жеке тәжірибе. Басқа қалаларда алгоритм + - ұқсас болуы керек.
Сонымен, «Астана Қалалық Жарықтан» (ары қарай – АҚЖ) «Астанаэнергосбытқа» (ары қарай – АЭС) ауысу үшін маған не істеу керек болды:

1) ауданға қызмет көрсететін АЭС қызмет көрсету орталығына бару

Өзіңмен бірге не алу керек:
* жеке куәлік көшірмесі
* сатып алу-сату шартының көшірмесі
* техникалық төлқұжат көшірмесі
* тіркелгендер жайлы анықтама (eGov-тағы «Құжаттама» бөлімінен эксель түрінде жүктеп алып, басып шығару керек)
* балаларыңыз болса, олардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі

— өтініш жазып, келісімшартқа отыру.

2) АҚЖ-ға (Иманова, 11) бару

Өзіңмен бірге не алу керек:
* жеке куәлік көшірмесі
* сатып алу-сату шартының көшірмесі
* техникалық төлқұжат көшірмесі

— келісімшартты үзу туралы өтініш жазу
— айдың басынан бергі ағымдағы қарызды төлеу
— қарыздың жоқ екені жайлы анықтама алу

3) қайтадан АЭС-ке бару

— оларға қарыздың жоқ екені жайлы анықтаманы беру


Тарифті есептеу мысалы: Орташа жеткізу тарифі — әрбір киловатт үшін белгіленген баға. Сараланған (дифференцированный) тариф — бірінші деңгейге сәйкес әрбір адамға (балаға да) 90 кВт беріледі. Егер лимиттен асып кетсе, келесі 90 кВт екінші деңгейге сәйкес, ал қалғаны үшінші деңгейге сәйкес есептеледі.

Менде 134 кВт шықты. Алғашқы 90 кВт 21 теңгеден есептелді, қалған 44-і 33 теңгеден.