ҚР банк карталарын комиссиясыз толтыру әдістері
Мақала 07.11.2023 жаңартылды
Қолма-қол ақша арқылы:
1-әдіс (барлық банктер): өз банкіңіздің банкоматтары арқылы.
2-әдіс (Еуразиялық, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі және OGO картасы): аталмыш банктердің карталарын Касса 24 терминалдары арқылы комиссиясыз толтыруға болады. OGO картасын толтыру кезінде Jusan ретінде таңдау керек.
Әдетте касса 24 терминалдары сары түсті болып келеді, оларды көптеген жерлерден, тіпті шағын дүкендерден де кездестіруге болады. Қазақстан бойынша 16 мыңнан астамы орнатылған. Толықтыру бөлімі негізгі бетте → «Аударымдар мен картаны толықтыру» бөлімінде орналасқан.
Демалыс немесе мереке күндері толтырсаңыз, ақша жұмыс күні ғана түсетінін ескеру керек. Минималды сома 200 теңге, максималды 480 000 теңге (кейде 500 мың).
Толтыру бойынша бейне нұсқаулық 👉 сілтемеде.
3-әдіс (ЦентрКредит банкі мен Home Credit Bank): QIWI терминалдары арқылы аталмыш банктердің карталарын комиссиясыз толтыруға болады. Бір уақыттағы максималды сома 480 000 теңгеден аспайды.
Онлайн:
4-әдіс (барлық банктер): кез келген банк картасын аталмыш банк қосымшасындағы «Аударымдар» бөлімі арқылы комиссиясыз толтыруға болады:
• Home Credit Bank – дебеттік болсын,виртуалды болсын, кез келген карта түрі. Лимит күніне 1 000 000 теңге, айына 3 000 000 теңге.
• ForteBank – Black, Blue карталары бойынша лимит – айына 500 000 теңге, Solo картасы бойынша – айына 3 000 000 теңге. Егер сізде екі карта болса, мысалы Blue жәнеBlack, онда әр карта бойынша лимит 500K, яғни жалпы алғанда 1 млн.
• ЦентрКредит Банкі – картакарта бойынша айлық лимит 300 000 теңге. Бірақ несиелік лимиттен емес, тек өз қаражатыңыздан.
• Simply – айына 300 АЕК-ке дейін (2023 жылы 1 035 000₸).
5-әдіс (Forte Bank, Еуразиялық банк, ЦентрКредит Банкі, Bereke Bank, Freedom Finance Bank және Қазпошта, РБК, Altyn Bank): аталмыш банктер арасында бір аударым үшін комиссия 0₸ мен 10₸ аралығында болатын жедел аударым жүйесі (ЖАЖ) қолжетімді (Jusan-нан басқасы, онда комиссия 250₸).
Бір операция үшін лимит – 500 мың ₸. Күніне бірнеше осындай транзакция жасауға болады (әр банктің өз лимиті бар). Аударым бірден келеді.
Мынадай жолмен жұмыс істейді: банк қосымшасын ашыңыз → «Аударымдар» бөліміне өтіңіз → алушының телефон нөмірін теріңіз → банкті таңдаңыз → аударым сомасын көрсетіп, «Жіберу» батырмасын басыңыз. Әр банк бойынша жеке-жеке қадамдық нұсқаулық 👉 сілтемеде.
Міндетті түрде нұсқаулыққа сәйкес аударыңыз, себебі, мысалы, Jusan-да кездейсоқ басқа бөлімді таңдап қоюыңыз мүмкін (ҚР нөмірі бойынша аудару керек, ал біз бірінші рет аударған кезде телефон нөмірі бойынша таңдадық).
Білу маңызды: егер аударым жұмыс істемесе, қосымшаны жаңартыңыз. Оның үстіне кейбір қосымшаларда, мысалы, Forte-де 10 теңге комиссия болғандықтан тура 500 000 теңге аударылмайды. Бұл жағдайда 499 990 теңге аудару керек.
Қазпошта карталары бойынша маңызды ақпарат: Қазпошта картасында жедел аударым жүйесі жұмыс істеуі үшін оны сол жерге тіркеу қажет. Ол үшін post.kz қосымшасының «Төлеу» бөлімінің жоғарғы жағындағы «Аударымдар» батырмасын, содан кейін мәзірдегі «ЖАЖ (жедел аударым жүйесі)» батырмасын басыңыз. Келесі бетте ЖАЖ байланыстырғыңыз келетін картаны таңдаңыз, ары қарай бәрі түсінікті болады.
6-әдіс (Jusan және OGO): Jusan және OGO карталары арасындағы аударымдар комиссиясыз жүзеге асырылады.
7-әдіс (ЦентрКредит Банкі, Home Credit Bank, Activ): РБК, Еуразиялық банк, ЦентрКредит Банкі, Home Credit Bank, Halyk Bank банктерінің қосымшасындағы «Төлемдер» бөлімі арқылы QIWI әмияныңызды комиссиясыз толтыра аласыз. Кейін сол жерден БЦК-ның картакарта, HomeCredit карталарына, сондай-ақ Activ теңгеріміне комиссиясыз ақша жіберуге болады. Бұл туралы толығырақ 👉 сілтемеде.
8-әдіс (Simply): Simply картасы Билайн нөмірінің теңгерімімен байланыстырылған жандар үшін (бұл Simply қосымшасындағы профиль бөлімінде жасалады):
• Билайн нөмірдің теңгерімін банк қосымшалары арқылы толтыруға болады. Негізінен айлық лимит 20-50 мың теңге.
• немесе «Менің Beeline-ым» қосымшасындағы «Менің нөмірім» → «Толтыру» бөлімі арқылы кез келген банк картасынан нөміріңіздің мобильді балансын толтыра аласыздар. Лимит – күніне 250 мың теңге. Картаңызда интернет төлемдер қосулы болуы керек. Егер қате деп шығып тұрса, басқа картаны қолданып көріңіз. Сіздің банкіңізде ұялы байланыс операторларының балансын толтыруға ішкі шектеулер болуы мүмкін.
• немесе Plus 24 әмияныңыздың (қосымша) балансын Касса 24 терминалдары арқылы қолма-қол ақшамен толтыруға болады. Комиссия жоқ. Содан кейін Plus 24 әмияныңыздан Билайн нөміріңіздің балансын толтыра аласыз.
Егер сіздің Simply картаңыз Билайнмен байланыстырылмаған болса, онда осы мақаладағы 10-әдіс арқылы толтыру ең қолайлы болмақ.
9-әдіс (OGO): алдымен келесі әдістердің бірін пайдаланып Activ немесе Kcell нөмірінің балансын қажетті сомаға толтыру қажет:
• Activ\Kcell нөміріңіздің балансын банктік қосымшалар арқылы толтыруға болады. Айлық лимит негізінен 20-50 мың теңге. Лимит бітіп қалса, картаңызды Vlife қосымшасымен байланыстырып,«төлемдер» бөлімі арқылы теңгерімді толтырыңыз (онда да айлық лимит 50 000). P.s: бұл қазақстандық қосымша, тексерістен өткен. Ол Qazaq Oil мен Gasenergy жанармай құю бекеттерінен бонустар алу үшін қажет.
• тағы бір жолы – Activ\Kcell қосымшасына кіріп, негізгі беттегі «Толықтыру» батырмасын басыңыз (балансыңыздың жанында «+» батырмасы түрінде көрсетіледі). Ары қарай нөміріңіздің балансын толтыратын банк картасы мен соманы енгізіңіз. Аталмыш жолмен балансыңызды тәулігіне 250 000 теңгеге толтыра аласыз. Картаңызда интернет төлемдері қосулы болуы керек. Егер қате деп шығып тұрса, басқа картаны қолданып көріңіз. Банкіңізде ұялы байланыс операторларының балансын толтыруға ішкі шектеулер болуы мүмкін. Бұл әдіс Kaspi Gold-та қолжетімсіз, қосымшадағы төлемдер мен ұялы интернетке лимит ортақ.
• немесе Plus 24 әмияныңыздың (қосымша) балансын Касса 24 терминалдары арқылы қолма-қол ақшамен толтыруға болады. Комиссия алынбайды. Сосын Plus 24 қосымшасы арқылы нөміріңізді толтырасыз.
• аталмыш мақаладағы 7-әдіс арқылы Activ балансын комиссиясыз толтыруға болады.
Балансыңызды толтырғаннан кейін Activ\Kcell қосымшасындағы «Банк» → «Картаны толтыру» бөліміне өтіңіз. Осылайша нөмір балансы картаға ақша түрінде аударылады.
10-әдіс (барлық банктер): кез келген банктің картасын комиссиясыз толтырудың ыңғайлы сызбасы бар. Ол туралы білу үшін мына Telegram-ға жазыңыз - t.me/Inessa_Nur
11-әдіс: (Қазпошта): Қазпошта карталарын Kazpost қосымшасы арқылы Kcell, Activ балансынан комиссиясыз толтыруға болады, ол үшін «төлеу» — «аударымдар» — «Kcell/Activ теңгерімінен аудару» бөлімдеріне өтіңіз.
12-әдіс: (HomeCredit): HomeCredit банк карталарын Halyk банктегі төлемдер арқылы толтыруға болады, ол үшін төлемдер —> барлық төлемдер —> қаржылық қызметтер —> несиелер, басқа банктердегі депозиттер —> несиені өтеу және Home Credit Bank карталарын толтыру бөлімдеріне өтіңіз.
Аккаунт нөміріне келісімшарт нөмірін қоса жазу керек, оны HomeCredit қосымшасынан табуға болады —> картаны басыңыз —> карта мен шот туралы мәліметтер —> шот мәліметтері —> келісімшарт нөмірі (оны көшіріп, HomeCredit толтыру кезінде «аккаунт нөмірі» жолағына енгізіңіз).