June 6, 2024

139express көлік қызметінде PDD -дан жасалған тапсырыстарды қалай бақылауға болады? 

Қызыл батырмаға басып, жүк көлігінің белгісіне кіреміз (тауардың қайда келе жатқанын көруге болатын жер), өз тауарымызға басып, жоғарыда көрсеткеніміздей трек-кодты көшіріп аламыз. Ең алдымен, сізде Қытай КАРГО тасымалдаушысының трек коды мен үйіңіздің мекенжайы тұрады. Тауар қоймаға жеткенде мекенжай тауарды алып кететін қойманың мекенжайына ауысады да, трек коды да өзгереді:

Сосын осы трек кодты көшіріп алып, сайтқа кіреміз - 139Expess - Қытайдан жедел жеткізу қызметі (139express.com)

Трек-кодымызды қойып, "Іздеу" батырмасын басамыз. Сол жерден тапсырысымызды бақылай аламыз. Тауар кедендік бақылаудан өтіп, Қазақстанға келгеннен кейін (бұл туралы жоғарыда айтылғандай сайттан білеміз) бақылау сілтемесі пайда болады:

EXLINE сілтеме берілетін тауар туралы ақпарат шығады. Яғни, барлық қадамдардан кейін тауар EXLINE компаниясы арқылы басқа қалаларға жіберіледі:

Тауардың трек-кодын жазып, тауар туралы ақпарат алып, тапсырысты алып кетеміз.