September 20, 2024

Freedom Bank карталары мен кешбэктері туралы білу керек толық ақпарат 

Оларда бірнеше карта бар, бірақ біз әзірге тек екеуін талдап көрдік. Аталмыш шолуды жазу үшін сол екеуі де жетеді, себебі:

а) олар кешбэк береді

б) екеуі де толығымен тегін

в) екеуінің бірін біз үнемі қолданамыз

Freedom Card (дебеттік) пен Deposit Card (депозиттік) туралы айтып отырмыз. Екеуі де мультивалюталы, VISA. Екеуінде де әлем бойынша кешбэк есептеледі. Бірақ біршама айырмашылықтары бар: Deposit Card-та валюталар саны көп (¥, ₺ пен дирхам бар), сондай-ақ онда аударым мен банкоматтан ақша шешіп алу бойынша шегі жоғары.

Екеуінің арасынан Deposit Card-ты үнемі қолданамыз. Неге? Сондай-ақ онда кешбэктен бөлек картада қалған қалдыққа пайыз - 13,8% жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме есептеледі. Ол үшін картада үнемі 100 000₸ болуы керек. Одан аз болса, 0.1%. Тура депозит сияқты. Яғни сауда кезінде кешбэк аласыз, 100 000₸-ден асатын қалдық болса, оған пайыз аласыз. Екі еселенген пайда.

2024 жылдың қыркүйегінде адалдық жүйесін жаңартты, енді жалпы тұрақты кешбэкті 7%-ға дейін арттыруға болады (егер серіктестік желіден сатып алсаңыз, 30%-ға дейін):

+2% кешбэк - Apple, Google, Samsung, Garmin Pay арқылы төлеу кезінде.
+1% кешбэк - егер алдыңғы айда картамен жасаған саудаңыз 50 000₸ асса.

Бұл үш пайызға кешбэк деңгейіңізге байланысты 1%-дан 4%-ға дейін тағы кешбэк қосылады. Яғни, барлық төлемдерге максимум 7% бола алады.

Деңгейлер (ақшаны картада сақтау міндетті емес, жай депозитке салып қоюға да болады):
Standart (қалдық 100 000₸ дейін): кешбэк +1%, лимит - айына 50 000₸, транзакция үшін 5000₸.
Silver (қалдық 100 001₸-ден 300 000₸ дейін): кешбэк +2%, лимит - айына 100 000₸, транзакция үшін 7 000₸.
Gold (қалдық 300 001₸-ден 1 000 000₸ дейін): кешбэк +3%, лимит - айына 150 000₸, транзакция үшін 20 000₸.
Platinum: қалдық 1 000 001₸-ден бастап: кешбэк 4%, лимит - айына 200 000₸, транзакция үшін 30 000₸.

Өткен айдағы орташа айлық қалдық есепке алынады. Яғни, қазір 1 миллион теңге салсаңыз, 4% кешбэк келесі айдан бастап есептеледі.

Бұдан бөлек, Freedom-да ауқымды серікестік қызметтер желісі бар, олар жеке жоғарылатылған кешбэк береді, сосын оларды да 7%-ға қосуға болады.

• Freedom Mobile (смартфондар): 30% (кешбэк лимиті 300 000₸), 14 күннен кейін есептеледі.

• Freedom Insurance (сақтандыру): КАСКО 23%, ОГПО 5% | Freedom Travel: 20% | Freedom Drive: 5%

• Arbuz.kz (Алматы мен Астанадағы азық-түлік жеткізу қызметі): 15%

• Choco Рядом (Алматыдағы азық-түлік жеткізу қызметі): 10%

• Ticketon (концерттер, кино): 8%

• Aviata (әуе және теміржол билеттері): 5%

• Naimi.kz: 5%

Кешбэк алу үшін осы қызметтердің сайттары мен қосымшаларында төлем жасауға болады, есептеледі. Тек сақтандыру өнімдерін Freedom SuperApp арқылы төлеу керек (Freedom қосымшасы).

Мысал: сізде Platinum деңгей, Apple Pay арқылы төлемдер мен саудаңыз өткен айда 50 000₸-ден асты делік. Онда Arbuz.kz-тен әр тапсырыс үшін 22% кешбэк аласыз (4+2+1+15).

Кешбэкті қалай алуға болады? Freedom SuperApp қосмышасына кіру немесе тіркелу қажет → өз картаңызға басыңыз → Freedom валютасы. Кешбэк холдинг акциясының бағасына байланысты Freedom валютасында тікелей картаға аударылады.

Freedom валютасы қалай жұмыс істейді?

2024 жылдың 22 мамырында Freedom Bank өзінің жаңа адалдық бағдарламасын ұсынды. Басқа банктерден айырмашылығы, олардың кешбэктері ақша немесе бонустар түрінде емес, қор биржасындағы Freedom акцияларына бекітілген Freedom валютасында есептеледі.

Бұл қиын болғанымен, жақсы нәрсе. Сонда сіз кешбэкті бірден акция түрінде аласыз деген сөз.

Бірден айта кететін жайт, біз көптеген банк карталарында 1 бонус = 1 теңге болатынына үйреніп қалғанбыз. Ал мұнда 1 Freedom 1 теңгеге тең емес. Оның өзіндік бағамы бар және ол Freedom холдинг акцияларының құнына байланысты көтерілуі немесе төмендеуі мүмкін. Яғни, компания өссе, онымен бірге сіздің жинаған кешбэк те өседі.

Бұл кешбэкті бірден алып, жұмсап тастағысы келмейтіндер үшін таптырмас тәсіл. Мысалы, біз Freedom карталары бойынша кешбэк ала бастаған кезде олардың Freedom валютасының бағамы 3,2₸ болған, қазір ол 4,58₸. Біз кешбэкке тиіскен жоқпыз, соның арқасында жайдан жай +16,4% өсім алдық. Бірақ, әрине, бұл кері бағытта да жұмыс істейді.

Бұл іс жүзінде қалай жұмыс істейді? Сіздің Freedom картаңыздағы кешбэк 5% және сіз 100 000₸-ге сауда жасадыңыз делік.
Ол үшін сізге ~1091 Freedom есептеледі, яғни Freedom Holding Corp акцияларының ағымдағы бағасы бойынша 5000₸ есептеледі (бүгін 1F = 4,58₸). Freedom акциялары өссе, сіздің 1091 Freedom 5 000₸-ден өсуі, ал акциялар төмендесе, құлдырауы мүмкін.

Freedom валютасы бірден есептелмейді, әдетте транзакция өңделгеннен кейін, бірнеше күн ішінде түседі, бірақ кейде бір апта кетуі мүмкін.
Freedom валютасы есептелгеннен кейін өзінің бағамын өзгерте алады, көтерілуі немесе құлдырауы мүмкін.

Freedom валютасын қалай шығарып алуға болады? «Операциялар» бөліміне өтіңіз → Өз шоттарымның арасында → [Кімнен] Freedom валютасы → [Есептік жазбаға] карта шотына. Шығарып алудың ең аз сомасы - 100F.

Қосымшаны талдайық

Басты бетте бірден сіздің кешбэк деңгейіңіз шығып тұрады. Сонда кізсеңіз, өткен айдағы орташа қалдығыңызды көресіз (деңгейге әсер етеді), және өткен айдағы 50 000 теңгеден басталатын сауда үшін +1% кешбэк бар ма, жоқ па көресіз.

Менде 5% деп жазылып тұр, бірақ онда Apple\Google\Samsung Pay арқылы төлем есептелмеген. Яғни негізінде маған 7% кешбэк түседі.

Енді картаның өзіне бассаңыз, мынадай мәзірді көресіз.

Бүкіл мерзім үшін сыйақы бағанында Deposit Card-та ақшаңыз жатқаны үшін қанша пайыз алғаныңыз көрсетіледі.

Ал Freedom валютасы бағанында қанша Freedom валютасын жинағаныңыз, оның ағымдағы бағаны қандай, табысыңыз бен өткен төлемдеріңіз үшін қанша кешбэк алғаныңызды көре аласыз.