Карго мекенжайын қалай қосамыз?
Сонымен, негізгі бетте геолокация белгішесін басыңыз (нұсқағыштарды қайталаңыз).
Ары қарай екінші жолақты таңдаймыз
Осы кезеңде бізде карго мекенжайын қосуға арналған мәзір пайда болады. Мекенжайды сіз каргодан телеграм мен ватсап каналдарда аласыз. Мен өз басым Карго 878-ді пайдаланамын, телеграм арнасына сілтеме - https://t.me/express878K. Төмендегі скриндерде мен Карго 878-ден алған мекенжайды енгіземін.
Карго мекенжайын көшіріп алып, Карго ұсынған нұсқаулық бойынша мекенжайды енгіземіз.
Осыдан кейін, бірінші жолаққа Карго беретін өзіңіздің жеке ID-кодыңызды жазасыз (кейбіреулерінде ақылы, кейбіреулерінде тегін).
Біз 1-жолға өз ID енгіземіз, ал 4-жолда соңында бос орын қалдырып, ағылшынша K әріпі мен сызықша жазамыз, сосын жеке ID жазып, қызыл батырманы басамыз. Мынадай болып шығуы керек:
Соңғы нәтиже мынадай болуы керек:
Карго 878 тарифі Алматы қаласы мен барлық аймақтар үшін 1 кг үшін $4,8 құрайды. Аймақтарда сіз 4,8$ тариф төлейсіз + Алматыдан қалаңызға жүк көлігімен жеткізу құнын төлейсіз. Барлық Карголардағы міндетті шарт - кем дегенде 1 кг-ға тауар сатып алу керек, соған байланысты тариф есептеледі. Әр Каргоның өз тарифі мен шарттары бар, сондықтан Карго компанияларымен жұмыс жасамас бұрын шарттармен танысып алған жөн.
Сондай-ақ, толық сипаттамасы бар басқа Карголар тізімін мына телеграм-арнадан таба аласыздар - https://t.me/otzyvkargo.