August 6, 2024

RBK Signature картасы бойынша кешюэктер туралы толығырақ 

Негізі бұл премиалды карта, сондықтан оны айсайынғы кешбэктер шолуына қоспауымыз керек еді. Бірақ оны толығымен тегін ету әдісі бар болғандықтан, өздеріңіз қарап көріңіздер:

Барлығына 4% кэшбэкті қалай алуға болады? (Интернетте де, POS терминалда да). Картаңызда үнемі кем дегенде 250 000₸ болуы қажет. Картаны жаңа ашқан болсаңыз, Sarqyt-ты қосып, жоғарыда аталған соманы немесе одан да көп соманы салып, келесі күнгі 00.00-ге дейін күтіңіз.

Егер сізде бұрын Sarqyt RBK-ның басқа картасына қосылған болса, банк қосымшасы арқылы Signature-ге ауыстыра аласыз.

Картаны қалай тегін жасауға болады? Ай сайын 350 000₸-ден асатын сауда жасау керек. Сондай-ақ виртуалды картаны ашу керек, My RBK қосымшасында картаны ашу тегін. Ал пластик картаға тапсырыс беру ақылы.

Яғни, егер аталмыш картамен ай сайын 350 000 ₸-ден басталатын сауда жасасаңыз және онда үнемі 250 000 ₸ сома болса, карта тегін болады, оған қоса барлығына 4% кешбэк ала аласыз. Ал VISA ұсынатын басқа да премиалды карталардың артықшылықтары туралы жазба сілтемеде.

Кэшбэк шарттары: барлық сауда үшін айдың соңғы жұмыс күні тікелей картаға аударылады. Кешбэктің максималды сомасы айына 30 000₸. Бір транзакция үшін қандай да бір шектеулер жоқ.

Карта My RBK қолданбасында ашылады.