Kaspi арқылы автокөліктерді сатып алу мен сату. Қадамдық нұсқаулық
Жағдайды екі жақтан да қарастырып көреміз, сатушы тұрғысынан да, сатып алушы тұрғысынан да.
Мен сатушы болсам
Сіз үшін бүкіл процесс толығымен онлайн режимде өтеді және екі кезеңге бөлінеді:
а) Kaspi-де өтінішті толтыру (5-10 минут)
б) Kaspi-ден автокөліктің сатып алушының атына тіркелгені жайлы хабарлама алу (3-4 сағат). Мемлекеттік органдарға көлікті тіркеу үшін шамамен осы көлемдегі уақыт керек. Аталмыш хабарлама келгеннен кейін сіз ақшаңызды алып, көлікті, мемлекеттік нөмірі мен техникалық төлқұжатын оның жаңа иесіне тапса берсеңіз болады. Құжат «Мәміле нысаны» деп аталады.
Сатып алушымен бірге Арнайы ХҚКО барудың қажеті жоқ. Ол мұны өз бетінше жасайды.
1. Kaspi.kz қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін таңдаңыз.
2. «Көлікті тіркеуден онлайн шығару» батырмасын басыңыз.
Маңызды ақпарат! Қайта тіркеу 9:00-ден 19:00-ге дейін қолжетімді, жексенбі — демалыс күні.
3. Көлікті таңдап, «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
4. Төленбеген айыппұлдар немесе салықтар болса, оларды төлеңіз.
5. Сатып алушының ЖСН-ін енгізіп, оның аты-жөнін тексеріп, «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
6. Kaspi Gold-қа автокөлік үшін аударылуы керек соманы көрсетіңіз. Егер соманы мәміле нысанында көрсеткіңіз келсе, «Мәміле нысанында көрсету» слайдерін «Қосу» күйінде қалдырыңыз.
Келісімнің минималды сомасы 1000 теңге, бірақ қалауыңызша көрсетсеңіз болады.
7. Егер мемлекеттік нөмірді өз атыңызда сақтап қалғыңыз келсе, «Иә» опциясын таңдаңыз.
Нөмір 6 ай сақтауға қойылады. Оны кейін басқа көлігіңізге тіркеуге болады.
8. Kaspi ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алуға өтінішке СМС-код арқылы қол қойыңыз.
Kaspi ЭЦҚ алу үшін ХҚКО барудың немесе eGov.kz-пен байланысудың қажеті жоқ, ол Kaspi.kz мобильді қосымшасында автоматты түрде жасалады және қолмен қойылған қолтаңбаның аналогы болып табылады.
9. Жеке басыңызды растау үшін фотосуретті растаудан (фотоверификация) өтіңіз.
10. Автокөлікті тіркеуден шығару туралы өтінішті оқып шығып, «Хабарламаға қол қою» батырмасын басыңыз.
11. Сізге автокөлік үшін сома Kaspi.kz сайтындағы арнайы шотқа түскені туралы хабарлама келеді. Процесті бақылау үшін «Мәртебені тексеру» батырмасын басыңыз
12. Сатып алушы көлікті тіркегеннен кейін ақша сіздің Kaspi Gold картаңызға түседі де, мәміле нысаны жарияланады (3-4 сағат уақыт алады). Бұл сатушы көлікті, оның нөмірлері мен тіркеу куәлігін береді, ал сатып алушы оны өзіне алады дегенді растайтын соңғы хабарлама. Сатушы да, сатып алушы да бұл хабарламаны БІР УАҚЫТТА алады.
Ары қарай сатып алушы нөмірлер мен тіркеу куәлігін жаңасына ауыстырады. Тәуелсіз түрде, сатушының қатысуынсыз.
Мен сатып алушы болсам
1. Сатушы көлікті тіркеуден шығарғаннан кейін Kaspi.kz қосымшасында сізге хабарлама келеді, сол кезде көлікті есепке қойсаңыз болады.
2. Төленбеген айыппұлдар болса, төлеп шығыңыз.
3. Автокөлік саудасы үшін қаражатты төлеңіз.
Ақша Kaspi.kz-тегі арнайы есепшотқа түседі.
4. «Көлікті тіркеуге онлайн қою» батырмасын басыңыз.
5. Техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмірлерді алу үшін Арнайы ХҚКО таңдап, нөмір түрін көрсетіңіз (1А – тікбұрышты, 2А – тікбұрышты және шаршы), стандартты немесе VIP нөмірді таңдаңыз.
6. Өтінішке Kaspi электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қойыңыз.
Kaspi ЭЦҚ алу үшін ХҚКО немесе eGov.kz жүгінудің қажеті жоқ, ол Kaspi.kz мобильді қосымшасында автоматты түрде жасалады
7. Жеке басыңызды растау үшін фотосуретті растаудан (фотоверификация) өтіңіз.
Төлеу:
- стандартты нөмірлер үшін ~ 9660 ₸;
- көлікті тіркеу куәлігі үшін ~ 4312,5 ₸;
- тіркеу жарнасы ~ 862,5 ₸;
- егер VIP-нөмір таңдасаңыз, оның ақысы ~ 196,650 ₸ бастап.
Оқырманымыздың жеке тәжірибесі. Колеса.кз сайтындағы бағалар өсіп кеткен. Мен мәтінде көрсеткен құн салығының мөлшері қазіргі таңдағы бағамен сәйкес келеді. Мен оларды 24.07.23 төледім. Сондықтан, келісім сомасынан бөлек, ықтимал айыппұлдардан бөлек, есепшотыңызда аталмыш төлемдер үшін қосымша 14 835 теңге болуы керек.
9. Оқырманымыздың жеке тәжірибесі. Каспи қосымшасында төлем жасағаннан кейін төмендегідей хабарлама келеді:
«Мәртебені тексеру» батырмасын бассаңыз, мемлекеттік органдар ұсынатын көлікті қайта тіркеуге кететін мерзімді көресіз (әдетте 3-4 сағат шамасында)
Жүйеде ақаулар болуы мүмкін. Менің келісім аяқталуы керек мерзім кезінде, яғни сағат 13:50-де мен хабарламаны жаңарттым (Каспи қосымшасынан шығып, қайта кірдім). Жаңартудан кейін процестің аяқталуына дейін әлі 2 сағат бар екенін көрдім:
Бірақ қорытынды жасауға асықпаңыз. Тағы 10-15 минут күте тұрыңыз. Сағат 14:02-де «Мәміле пішіні» файлында егжей-тегжейлі мәліметтермен тіркеудің аяқталғаны туралы соңғы хабарламаны алдым:
10. Оқырманымыздың жеке тәжірибесі. Енді сатушыдан көлік пен тіркеу куәлігін алып, ескі нөмірлерін шешіңіз. Мәміле жасау кезінде Каспи қосымшасында таңдаған ХҚО-ға барыңыз. Кезек нөмірі бар талон алудың қажеті жоқ. Сол жерде бірден қысқа кезекке тұрып, маманға барыңыз. Маман сіздің Кaspi қосымшаңыздағы «Мәміле пішіні» файлын қарап шығып, жеке куәлігіңізді тексеріп, ескі нөмірлер мен тіркеу куәлігін алып, сізге жаңасын береді. Бұл процесс 2-3 минут уақытыңызды алады.
Кеңестер:
1. Көріп тұрғандарыңыздай, менің Каспи қосымшасындағы мәмілемнің рәсімделуі Астанадағы ХҚКО мамандары айтқандай 1,5-2 сағат емес, 3 сағат 14 минутқа созылды. Адамдардың көпшілігі жоғарыда мәтінде көрсетілген ақпараттан хабарсыз болғандықтан, ХҚКО-на сатушымен бірге, оның үстіне қажетті уақыттан ерте келіп алады. Олар босқа жүріп, уақыттарын текке өткізді. Соңғы хабарлама келгенге дейін тіркеу куәлігі де, жаңа нөмірлер де дайын болмайтындықтан, ерте келудің еш қажеті жоқ.
2. Соңғы хабарламаны алғаннан кейін ешқандай процеске сатушының қатысуы қажет емес. Сіз бұрынғы нөмірлер мен тіркеу куәлігін алып, арнайы ХҚКО-ға өзіңіз барасыз. Мен отбасым үшін екінші көлік алып жаттым. Сондықтан сатып алған көлігімді үйімнің жанындағы тұраққа қалдырып, ХҚКО-ға бірінші көлікпен бардым.
3. Егер жаңа нөмірлер мен тіркеу куәлігін алу үшін сол күні бару ыңғайсыз болса, оны кейінірек жасасаңыз болады. 1414 байланыс орталығының маманы бұл қызметті 1 ай уақыт ішінде алуға болатынын айтты. Kaspi мамандары аталмыш ақпаратты бере алмайды.