May 24, 2023

Зейнетақы аннуитеті

Адамдардың ешқашан зейнетке шыға алмаймыз деп ойлауының бірнешесебептері бар: олардың пассивті табыс әкелетін активтері жеткіліксізболуынан немесе өмір сүру салтының қарқынды болу әсерінен шығындары шамадан тыс болуынан не болмаса олар жұмыс берушісінен қандай да біржеңілдіктерді күткендеріндіктен.

Қаржылық еркіндікке жетудегі артықшылықтардың бірі – ерте зейнеткешығу. Мерзімінен бұрын зейнетке шығуға жоғары амбициялы қаржылық мақсат қоя білгенмен, оған дұрыс жоспармен ғана қол жеткізе аласыз. Бұл жазбада біз Қазақстанда зейнетақы аннуитеті қалай жұмыс істейтінін айтып беретін боламыз.

Ол дегеніміз не?

Зейнетақы аннуитеті – бұл адам өмірін сақтандыратын компанияларыныңұсынатын өнімі. Ол Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) салымшыларына жинақтары жеткілікті болған жағдайда «зейнетақыны»белгілеген мерзімнен бұрын алуға мүмкіндік береді.

Зейнетақы аннуитетінің келісім-шарты салымшы 55 жасқа толғаннан кейін оны өмір бойы төлемдермен қамтамасыз ететін кепілді табыс көзі болып табылады, сондай-ақ БЖЗҚ-дан тұрғын үй не емделуге алғаннан кейінгіқалған артық соманы пайдалануға мүмкіндік береді.

Шектеулер мен жас мөршері

2023 жылы 55 жастағы ер адам үшін зейнетақы аннуитетін келісу үшін жеткіліктілік сомасы шамамен 8 млн теңгені, ал 53 жастағы әйел үшін -шамамен 10,5 млн теңгені құрайды.

Сондай-ақ кейінге қалдырылған, яғни мерзімі ұзартылған зейнетақы аннуитеті бар, оны 45 жастан бастап сатып алуға болғанмен, төлемдері 55 жастан басталады.

Ол үшін 45 жастағы ер адамның БЖЗҚ-да кемінде 7,2 млн теңге, ал сол жастағы әйелде 9,1 млн теңге жинақтары болуы қажет.

Олар қанша төлейді

Зейнетақы аннуитеті келісім-шартына отырған кезден бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен бола алмайтын ең төменгі төлемдер сәйкесінше сақтандыру ұйымына ең төменгі соманы аудару кезіндетағайындалады.

2023 жылы бұл 28 396 теңге болды. Егер сақтандырушыға зейнетақы жинақтары көбірек берілсе, төлем көп болуы мүмкін.

Өзін сақтандырып қойған қазақстандық индексацияны ескергенде сақтандыру зейнетақысын өмір бойы алуы тиіс. Зейнетақы аннуитеті келісім-шарты қағидаларына сәйкес жыл сайын кемінде 7% -ға өсуі тиіс.

Арнайы шарттар

Мүгедектігі бар және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін зейнетақы аннуитеті одан да қолжетімді болды. Осы жылдың 25 наурызында төмендегі түзетулер күшіне енді:

● сақтандыру төлемдерін индекстеудің ең төменгі мөлшерін 5-тен 7 %-ға дейін арттыру;

● кіріс ставкасының максималды мөлшерін 6-дан 9 %-ға дейін арттыру;

● мүгедектігі бар және зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін жеке өлім кестесін пайдалана алу мүмкіндігі.

Осылайша 55 жастағы ер адамдар үшін зейнетақы аннуитетінің құны 8 млн теңгеден төмендеді:

● I мүгедектік тобы үшін 2,4 млн теңге;

● Мүгедектіктің II тобы үшін 3,4 млн теңге;

● III мүгедектік тобы үшін 4,4 млн теңге;

● Зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін 5,3 млн теңге.

Сақтандыру немесе БЖЗҚ

Зейнетақы тікелей БЖЗҚ-дан алынған кезде төлемдер салымшының зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады. Ал сақтандыру ұйымынан төлемдер өмір бойы алынады.

Яғни салымшының зейнетақы жинақтары аяқталғанына немесе аяқталмағанына қарамайды. Осылайша төлем мерзімі БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына аударылған жинақ көлемімен шектелмейді.

Төлемдер сомасы

Зейнетақы аннуитеті бойынша ӨСК-дан ең төменгі ай сайынғы төлемнің мөлшері заңнамалық деңгейде кепілдендірілгені айтарлықтай маңызды. Олең төменгі күнкөріс деңгейінің кем дегенде 70% болуы керек. Сондай-ақсақтандыру компаниялары тартылған қаражатты заңнамалық түрде белгілібір лимиттер бекітілген сапалы қаржы құралдарына инвестициялайды.

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорынан (ҚДКБҚ) өтемақытөлеу кезіндегі лимиттер белгіленген депозиттерден айырмашылығы - сақтандыру компаниясы толық көлемде таратылған жағдайда Сақтандырутөлемдеріне кепілдік беру қоры (ФГСВ) зейнетақы аннуитеттері бойыншатөлемдерді жүзеге асырады.

Зейнетақы аннуитеті шартын қалай жасауға болады

Зейнетақы аннуитеті полисін сатып алу үшін өмірді сақтандырукомпаниясына (ӨСК) жүгіну қажет. Қазір зейнетақы аннуитетініңшарттары бойынша қызметтерді қаржы реттеушісінен лицензиясы бар 7 ӨСК ұсынады.

Ұлттық Банктің 2022 жылғы 1 қарашасындағы деректері сүйенсек, ӨСК арасында активтердің ішінде бірінші орынды 280,0 млрд теңгені құрайтын"Халық-Life" АҚ алады, сонымен қатар ол көлемі бойынша да 48,9 млрд теңгемен көш бастап тұрған меншікті капитал.

Егер шегіне дейін жетпесе, оны қалай жасауға болады

Ерлі-зайыптылар мен жақын туыстарға арналған бірлескен зейнетақыаннуитеті - жақын туыстарына немесе жұбайларға жинақтарды біріктіругежәне аннуитеттік төлемдерді алуға мүмкіндік беретін жаңа сақтандыруөнімі.

Мысалы, егер жұбайлардың біреуінде зейнетақы аннуитетін сатып алуүшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болса, ал екіншісінде артық болса, ерлі-зайыптылар осы өнімді пайдалану арқылы артықшылықтарға ие бола алады.

Кемшіліктері неде

Аннуитет – негізінде бұл жақсы құрал: қашан зейнетке шыққысы келедінемесе керісінше жұмыс істей беруді жалғастыра береді ме адамның өзішешеді, яғни зейнетақы активтерін басқаруға мүмкіндігі болады.

Өкінішке қарай қазіргі уақытта Қазақстанда ол тек жалақысы жоғарыжәне тиісінше үлкен зейнетақы аударымдары бар адамдарға ғанақолжетімді.

Сондай-ақ, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қарқынды болыптұрғандықтан, қазір барлық зейнетақы активтерін басқарушыкомпанияларға беру қауіпті.

Қорытынды

Бұл ретте зейнетақы аннуитеті шартын бұзуға болмайтынын, ондатөлемдердің мөлшерін азайтып, ақшаның бір бөлігін БЖЗҚ-ға қайтаруарқылы ғана қайта жасауға болатынын атап өткіміз келеді.

Сізге зейнетке шығу үшін жеткілікті қаражат жинау кезінде үлкентәуекелдерге баруға тура келеді, мейлі ол өмір сүру шығындарынқысқартады не болмаса қосымша табыс табу үшін бірнеше жұмысістейсіз.

Сіздің жинақ ақшаңыз ұзақ уақытқа созылуы керек, сондай-ақ инфляцияға,күтпеген шығындарға және қор нарығындағы дауылдарға да байланыстыболады. Есіңізде болсын, күтпеген жағдайда жұмыс табысынан айырылып қалсаңыз, жиналған жинақ – жалғыз қаржы қорыңыз болып сақталады.

Дегенмен, келісім-шартқа отыру әркімнің өз еркінде.Оны өнімнің барлықартықшылықтары мен кемшіліктерін өлшеу арқылы шешім қабылдайаласыз.