December 1, 2023

Банк бонустарын қалай аударып алуға болады?

1-әдіс: Simply картасы арқылы

1. Beeline-ның ұялы балансын бонустармен толтырамыз, ақша түскеннен кейін Simply қосымшасына кіреміз.

2. Экранның төменгі жағындағы «профиль» бөліміне кіреміз.

3. «Профильге» өткеннен кейін нөміріңіздің астында «әмиян теңгеріммен байланыстырылған» немесе «әмиянды теңгеріммен байланыстыру» деген жазу шығады. Егер бірінші жазу шықса, онда бонустарыңызды енгіздіңіз деген сөз, енді Simply картасымен сауда жасай аласыз немесе ақшаны аудара аласыз (оны басты беттегі «аударым» бөлімінде жасауға болады, айына 300 АЕК-ке дейін комиссиясыз аударуға болады) немесе қолма-қол ақшаны шешіп алсаңыз болады.

4. Егер сізде «әмиянды теңгеріммен байланыстыру» деген екінші жазу шықса, жазудың жанындағы тумблерді «қосу» дегенде аударыңыз.

4. тумблерді «қосу» дегенде ауыстырғаннан кейін сізден SMS кодты енгізу сұрайды.

5. Сәтті байланыстырудан кейін сәйкес растау батырмасын көресіз, сосын «дайын» батырмасын басыңыз.

6. Бәрі дайын, енді Simply картасымен сауда жасай аласыз немесе ақшаны аудара аласыз (оны басты беттегі «аударым» бөлімінде жасауға болады, айына 300 АЕК-ке дейін комиссиясыз аударуға болады) немесе қолма-қол ақша түрінде шешіп алсаңыз болады.

2-әдіс: OGO картасы арқылы

1. Kcell немесе Activ ұялы балансын кез келген банк картасынан бонустар арқылы толтырыңыз (төлемдер бөлімі арқылы).

Ақша түскеннен кейін қосымшаға өтіп, жүйеге кіріңіз (жоғарғы сол жақтағы «кіру» батырмасы арқылы).

2. Экранның төменгі жағындағы «Банк» батырмасын басыңыз.

3. «Картаны толтыру» батырмасын басыңыз (2024 жылдың 8 қаңтарынан бастап мобильді теңгерімнен OGO картасына айына 200 000₸ артық ақша аудару кезінде 3,99% комиссия алынады, аударым сомасынан кемінде 500₸).

3. «Сома» батырмасының астына соманы жазып, экранның төменгі жағындағы «жалғастыру» батырмасын басыңыз.

4. Аударымды экранның төменгі жағындағы «растау» батырмасы арқылы растаңыз.

Аударымыңыз сәтті аяқталды, енді бонустарыңызды кез келген нәрсеге жұмсай аласыз, мысалы сауда жасауға немесе қолма-қол ақша түрінде шешіп алуға болады.

Виртуалды картадан қолма-қол ақшаны қалай шешіп алуға болады?

Егер сізде Jusan банк картасы болса (OGO-дан басқа), онда сіз OGO картасынан Jusan картасына ақшаны комиссиясыз аудара аласыз, ол үшін:

1. Activ немесе Kcell қосымшасындағы «Банк» бөліміне өтіңіз (қалай өту керектігі екінші суретте көрсетілген).

2. «Аударымдар» батырмасын басыңыз.

3. «Кез келген банк картасына».

4. «Алушының картасы» жазуының астына Jusan картасының нөмірін, ал «сома» жазуының астына аударым сомасын жазыңыз, сосын «Жалғастыру» батырмасын басып, растаңыз.

5. Ақшаңызды Jusan картасына комиссиясыз аударып алдыңыз.