Марапат бағдарламасы туралы
Оқырман ұсынған ақпарат ретінде әдетте біз төмендегілерді жариялаймыз:
4) қызметтер мен сервистар бойынша ұсыныстар мен кеңестер;
5) тақырыбымыз аясындағы нұсқаулықтар;
6) жеке тәжірибеңіз бен кәсіби қызметіңіз негізіндегі шолулар мен мақалалар;
7) қандай да бір науқанды пайдалану арқылы айтарлықтай үнемдегеніңіз жайлы жеке оқиғалар.
Аталмыш тармақтар бойынша мысалдарды мақалада төменде көрсетеміз.
Маңызды: біз компаниялар ұсынатын жиі өткізілетін науқандар мен ұтыс ойындары жайлы ақпараттар жарияламаймыз (каскадты жеңілдіктер мен техника дүкендеріндегі жеңілдіктер түндері сияқты, немесе қайталанатын промокодтар және т.б.).
Марапат Kaspi Gold картасына аударым ретінде немесе нөмір теңгеріміне жіберіледі
1) Алдымен ұсынысыңызды модераторлар "Рекомендации подписчиков Казахстан Подешевле" https://t.me/+I2Nt5xrabOU1ZmQy арнасына жібереді. Онда оқырмандар үздік ұсыныстарды лүпілдермен бағалайды. Осы шарт негізінде, сондай-ақ қандай да бір ақпараттың пайдалылығы жөніндегі жеке пікірге сүйене отырып, ақпаратыңызды негізгі арнаға жіберу керек пе, жоқ па шешеміз.
2) Егер ақпаратыңыз негізгі арнада, яғни Казахстан Подешевле (Тиімді Қазақстан) арнасында жарық көрсе, марапат төленеді (негізгі арнада жарияланса).
3) қандай да бір арнадан немесе дереккөзден алынған дайын жазба марапаттау бағдарламасына кіреді. Бірақ тек бір рет жарамды болатын шығар. Себебі біздің команда мүшелері дереккөзді өз бетінше бақылап отыратын болады;
4) ақпарат біздің контент жоспарымызға сәйкес келмесе, жарияланбуы мүмкін. Мысалы, қажетті топтама немесе себеп пайда болғанша науқан мерзімі бітіп кетуі мүмкін.
5) жеке рефералды промокодтар мен жеңілдіктер ақылы жазбалар санатына жатпайды, бірақ кейде оларды да жариялауымыз мүмкін.
6) жазбаның уақыты мен күнін біз өзіміз таңдаймыз, ол біздің апталық немесе айлық контент жоспарымызға сай таңдалады. Яғни, ақпаратыңыз жарық көрмес бұрын біршама уақыт өтуі мүмкін.
7) шолу мақаласын жазбас бұрын тақырыпты бізбен келісіп алған жөн, бұл еңбегіңіз босқа кетпей, біз мақаланы нақты арнада жариялауымыз үшін қажет;
8) ақпарат жеткілікті түрде пайдалы, тиімді әрі қажетті болуын ескеріңіз, себебі біз оны жариялағандықтан, компанияға тегін жарнама жасаймыз. Қарапайым дүкендердің маркетингтік науқандары мен қызметтері алаңдарымызда жариялана бермейді.
9) бар болса, науқанға сілтеме жіберген жөн.
10) ақпаратты бірінші жіберген адам марапатқа ие болады.
Біздің https://t.me/chatpodeshevle чатымызға (міндетті түрде #рекомендация #ұсыныс хештэгін қойыңыз)
Оқырмандар ұсынған жақсы жазбалар мысалдары:
- Отбасы банктен шот сатып алу кезіндегі лайфхак.
- Науқан: қосымшада MC Donald’s-тан тегін комбо.
- Ипотека алу бойынша қадамдық нұсқаулық.
- Дәрі-дәрмекті арзанырақ алуға болатын сайт бойынша ұсыныс.
- Шолу: заңды тұлғалар үшін интернет-банкингтің қызмет көрсету шарттарын салыстыру.
- Үлкен кешбэк алғаны жайлы жеке тәжірибесі.
- Сараптамалық мақала: қолданылған iPhone-ды қалай таңдауға болады?
Қорытынды ретінде бірнеше кеңес:
1) Instagram желісінде немесе Stories-те көрген жарнаманың скриншотын жіберуге болады;
2) жақсы науқандарды тек интернетте емес, көше мен сауда үйлерінен де кездестіруге болады: дүкендер мен тамақтану орындарындағы жеңілдіктер мен т.б. Оны сурет түрінде жібере аласыздар.