July 2, 2024

bcc.kz қосымшасындағы fx-ақша айырбастау қызметі арқылы қалай "кейінге қалдырылған ордер" жасауға болады?

1-қадам. bcc.kz қосымшасының басты бетінгені баннерге басып, FX-ақша айырбастау қызметіне кіріңіз.

2-қадам. Ары қарай "кейінге қалдырылған ордер" қызметін таңдайсыз.

3-қадам. Қажетті валюта жұбын таңдайсыз. Бізге доллар қажет болды, сондықтан бірінші жолақты таңдадық.

4-қадам. Егер аталмыш қызметті бірінші рет пайдаланып тұрсаңыз, валюталық шот ашу керек. Оны жүйе өзі автоматты түрде ұсынады. Валюталық шотты ашу мен жүргізу - тегін.

5-қадам. Өз келісіміңізді беріп, төмендегі батырманы басыңыз.

6-қадам. Содан кейін сіздің өтінішіңіз қабылданып, сізге бастапқы бетке өтуді ұсынады. Сол жерден қайтадан FX-ақша айырбастауға кіріп (1-қадам), қайтадан "Кейінге қалдырылған ордерді" таңдаймыз.

7-қадам. Осы терезеден "Сату" немесе "Сатып алу" опциясын таңдап, шот пен салып алғыңыз немесе сатқыңыз келген бағамды көрсетесіз. Сосын шешілетін немесе есептелетін соманы жазасыз.

Мысал: біз 500$ сатып алдық, біздің терезеде осылай шықты. "Есептелу сомасы" жолағына 500$ деп жаздық, сонда "шешілетін сома" автоматты түрде есептелді.

8-қадам. Келісім бергеннен кейін ордеріңізбен жұмыс басталады. Егер бағам сол күн ішінде сіз белгілеген бағамға дейін түссе, қосымшаға қайта-қайта кірмей-ақ автоматты түрде өзіңіз көрсеткен валюта көлемін сатып ала аласыз.

Біздің мәміле сәтті өтті! Таңғы 11.30-да өтініш берік, түске қарай орындалды.