November 10, 2023

Комиссиясыз онлайн аударымдардың ыңғайлы үлгісі

Бізде 10 түрлі банк картасы бар және біз олардың кез келгенін төмендегі әдіспен тез әрі ыңғайлы жолмен толтырамыз («тарту (стягивание)» деп аталады).

Алдымен сіз Home Credit Bank-тің клиенті болуыңыз керек (егер клиент болмасаңыз, банк қосымшасын App Store немесе Google Play арқылы орнатып, онлайн түрде тіркеле аласыз). Ол үшін сізге керегі – түпнұсқа төлқұжат, суретке арналған жақсы жарығы бар орын мен ұялы телефонның қосулы нөмірі.

Бірінші банк қосымшасындағы «Өнім» —> «Депозиттер» бөлімінен «Простой» депозитін ашу керек (аталмыш әдіс үшін міндетті түрде қажет). Егер сізде «Простой» депозиті болса, жаңасын ашудың қажеті жоқ.

Депозитке өтініш бергеннен кейін 20-30 минут ішінде ол банк қосымшасының негізгі бетінде пайда болуы керек. Егер алдыңғы күні жұмыс күні болмаса, келесі күні шығатын кездері де болады.

Депозит ашылғаннан кейін сізге Home Card Lite картасын онлайн ашу қажет, ол толығымен тегін. Ол туралы толығырақ мына жазбада айтқанбыз https://t.me/tiimdiqazaqstan/79

Картаны ашқаннан кейін оны іске қосу керек (үстінен бассаңыз, қосымшада сәйкес батырма пайда болады).

Сосын қосымшаның негізгі бетіне өтіп, депозитіңізге кіріңіз.

Депозитіңіздің «Операциялар» бөлімінде «Басқа картадан толтыру» батырмасы болады, соған басыңыз.

Дайын үлгісі бар «Аударымдар» бөліміне өтесіз. «Басқа банктің картасы —> Депозит» бөліміне өтіп, аударым сомасы мен депозитке ақша аударғыңыз келетін карта деректерін көрсетуіңіз керек (мысалы Каспи карта).

Бастысы: комиссияға ақша қалмас үшін Каспидегі барлық ақшаны аударуыңыз керек (100₸ дейін қалдыруға болады). Сонда бұл операция сауда ретінде есептеліп, нәтижесінде комиссия алынбайды.

Мысалы, Каспиіңізде 110 254₸ болса, 110 200₸ сомасын енгізіңіз.

Соманы енгізгеннен кейін «Аудару» батырмасын басыңыз, сізден жіберушінің картасының мәліметтерін енгізуді сұрайды. Жіберушінің картасында онлайн төлемдер бойынша барлық лимиттер алынған болуы маңызды, мысалы, Kaspi Gold картасынан лимитті мына жолмен алып тастауға болады: Жеке банк —> Kaspi Gold —> Интернеттен сатып алу —> Ашу —> Айлық лимит сомасын таңдайсыз (егер лимитсіз деп таңдасаңыз, ол келесі айда жойылып, лимитті қайта орнату керек болады).

Барлық мәліметтерді енгізгеннен кейін қайтадан «Аудару» батырмасын басыңыз.

«Аудару» батырмасын басқаннан кейін транзакцияны растау үшін жіберушінің банкінен келетін кодты енгізу үшін 3D Secure сайтына өтуіңіз мүмкін. Кодты енгізіп, «Растау» батырмасын басыңыз, егер код келмесе, растау кодымен туындаған мәселені шешу үшін жіберуші банкпен байланысу керек.

Бірінші рет жіберуші банктің қауіпсіздік қызметі транзакцияны болдырмауына байланысты аударымнан бас тартылады. Бас тартқаннан кейін бір минуттан кейін банк бұл операцияны шынымен өзіңіз жасап жатқаныңызды анықтау үшін сізге қоңырау шалады, сіз ақпаратты растап, шамамен 2-3 минут күтіп, аударымды қайталайсыз.

Егер бәрі дұрыс өтсе, банк қосымшасынан «Операция сәтті өтті (Успешная операция)» деген хабарламаны көресіз.

Ақша депозитке аударылғаннан кейін сол «Аударымдар» бөлімі арқылы қаражатты Home Card Lite картасына аудара аласыз. Сосын аталмыш картадан Қазақстанның кез келген банк картасына комиссиясыз ақша аударуға болады: күніне 1 000 000₸, айына 4 000 000₸ дейін.

Маңызды ақпарат: әр аударған сайын карта мәліметтерін енгізу керек, сақталған картамен аударым жасалмайды.

1-қадам
2-қадам

Оффтоп: егер Каспиде де ақша қалғаны маңызды болса, онда алдымен барлық соманы аударып алып, сосын Home Credit Bank қосымшасы арқылы қажетті соманы қайтадан Каспиге жіберіңіз. Немесе ақшаның бір бөлігін Каспи депозитте қалдырып, Kaspi Gold-та қалғанын ғана аударып алуға болады. Сосын депозиттен керекті соманы қайтадан Каспиге аударып алуға болады, басқа банктер қаражат депозитте 14 күннен аз уақыт жатса, аударым үшін комиссия алады.

Маңызды ақпарат 1: карта деректерін енгізу кезінде картаны сақтау деген белгі шығады. Кейбір пайдаланушылар бұрын сақталған картадан ақша аудара алмайды. Бірақ егер дәл сол картаның деректерін «Басқа банктің картасы» бөлімі арқылы қайта енгізсе, операция сәтті жүзеге асады.

Маңызды ақпарат 2: мұндай аударымдарды несие карталарымен жасамаған дұрыс, себебі жоғары пайыздық мөлшерлемеге түсіп қалуыңыз мүмкін. 2. Қазірдің өзінде картакарта және Forte Black карталарынан транзакциялар өтпейді деген ақпарат бар (олар несиелік карталар).