TikTok монетизациясы бар аккаунтты қалай ашамыз?
Ноутбуктан:
Жаңа электронды пошта ашыңыз(HotMail-ды ұсынамыз) немесе TikTok аккаунтпен байланыстырылмаған пошта таңдаңыз. ➔ Ноутбук баптауынан елді монетизация қолжетімді елдердің біріне ауыстырыңыз. Францияны таңдасаңыздар болады, себебі онда төлем алу үшін 10 мың оқырман жинасаңыз жеткілікті (Кореяда 50 мың оқырман керек) ➔ Таңдаған еліңіздегі нақты уақытты біліп, ноутбугыңызға орнатыңыз ➔ VPN орнатып, орналасқан жеріңізді ауыстырыңыз ➔ Ноутбуктағы браузер арқылы жаңа TikTok аккаунт ашып, пошта арқылы тіркелуді таңдаңыз. Өзіңіздің жаңа поштаңызды көрсетіңіз. ➔ Жаңа аккаунтқа телефон арқылы кіріп, e-mail бойынша тіркелуді таңдаңыз. ➔ TikTok Studiо-да «Авторларды марапаттау бағдарламасы» белгішесін тауып, өтініш беріңіз.
Телефоннан:
1 әдіс (iPhone). VPN жүктеп алыңыз ➔ TikTok-ты өшіріңіз ➔ Телефон баптауындағы «Тіл мен аймақ» бөлімінде елді монетизацияс бар елге ауыстырыңыз. Сондай-ақ «Уақыт пен күн» бөлімінде сағат белдеуін де ауыстырамыз. ➔ Телефонды өшіріп, сим-картасын шығарыңых. ➔ Телефонды қосып, VPN-нен қажетті елді таңдап, TikTok-ты қайта жүктеп алыңыз. ➔ Жаңа пошта арқылы тіркеліңіз. ➔ TikTok Studiо-да «Авторларды марапаттау бағдарламасы» белгішесін тауып, өтініш беріңіз.
2 әдіс (Android). Жаңа пошта ашыңыз (бізде Gmail.сom жарамды болды) ➔ Баптауда қосымшаларға өтіп, TikTok-ты тауып, қосымшаның барлық жадысын өшіріңіз, соның ішінде файлдар, деректер базасы, баптаулар мен басқалары. ➔ VPN қосыңыз (бізде VPN France болды), Францияны таңдап (немесе монетизациясы бар басқа елді), қосылғанын күтіңіз. ➔Google Chrome-дағы іздеу жолағына «tiktok web» деп жазып, парақшаға өтіңіз. ➔ Браузерде қалыңыз. TikTok-қа жаңа электронды пошта арқылы тіркеліңіз. ➔ Енді аталмыш аккаунтқа қосымша арқылы кіруге болады. ➔ TikTok Studiо-да «Авторларды марапаттау бағдарламасы» белгішесін тауып, өтініш беріңіз.
Ескеру маңызды:
• Еш кезеңде қазақстандық нөмірді пайдаланбаңыз.
• TikTok-қа сіздің орналасқан жеріңізді бақылауға мүмкіндік бермеңіз және контактілеріңізге де қолжетімділік бермеңіз.
• Көлеңкелі тыйымға түсіп қалмас үшін бастапқы бірнеше күні жаңа аккаунтқа ештеңе жүктемеңіз.
• Салықпен мәселе туындамас үшін аккаунт тіркелген елдің резиденті емес екеніңізді көрсетіңіз.
• Кей сарапшылар видео жүктеу кезінде VPN қолдануды ұсынады.
• Аккаунтты авторларды марапаттау бағдарламасына қабылдамауы мүмкін. Егер еш ереже бұзушылық болмаса, апелляция бергеніңіз жөн.