February 13

Тарифтердің өсуі қаншалықты негізді екенін қалай білуге болады?

1) Түбіртектен нақты қай қызметтердің құны артқанын тексеріп, түсініктеме алу үшін сол қызметті көрсетуші мекемеге хабарласу қажет. Қалалар мен облыстар бойынша мұндай ұйымдардың байланыс мәліметтері осы сілтемеде. Кейбір мекемелер e-Otinish жүйесіне қосылған, оларға сол арқылы да жазуға болады.

2) Егер мәселе шешілмесе, e-Otinish арқылы немесе Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаментіне шағым түсіруге болады.