August 8, 2025

“Баламның самооценкасы төмен…” Ата-ана ретінде не істей аламыз?

Мұндай жағдай сізге де таныс па?..

Баланың өз-өзіне деген бағасы төмен болса – ол өмірде батыл шешім қабылдаудан, өз пікірін айту мен жаңа нәрсеге қадам басудан қорқуы мүмкін. Бірақ бұл – өзгертуге болатын жағдай!

🤲 Ең бастысы – сіздің қолдауыңыз.

❤️ Балаңыз өзін бағалауы үшін не істей аласыз?

✅ Шартсыз махаббат: Қандай баға алса да, қандай көңіл-күйде болса да, «Мен сені жақсы көрем» деп айтыңыз.
Кішкентай жетістікке – үлкен қуаныш: «Сен тырыстың, жарайсың!» деген бір сөйлем – оның жүрегінде жылулық болады.
Дене тілі – ішкі сенімнің көрінісі: «Батыр қыз қалай тұрады?» деп ойынмен тік тұруға, сөйлеуге үйретіңіз.
Қиял, ойын, өнер: Рөлдік ойындар, сурет салу, би – ішкі әлемін сыртқа шығарады.
“Мен қандаймын?” дәптері: Күнде кішкентай жазба – өзімен сырласуға үйретеді.

💌 Есіңізде болсын:

Әр бала гүл сияқты. Біреу ерте бүршік атады, біреу кеш. Бірақ әрқайсысы махаббатпен, сеніммен, күнде суарып отырғанымызда ғана гүлдейді.

Сіздің жылы сөзіңіз – балаңыздың болашақтағы ішкі дауысы.