July 31, 2025

«Мен баласын тыңдамаған ананы білемін…»

Бала мектепте мұғалімімен сөзге келіп қалады. Сөйтіп, мұғалім баланың анасына шағымданады. Анасы үйге келген бойда ұлына дүрсе қоя береді:

— Мені масқара еттің! Мұғалімге қалайша қарсы сөйлейсің?! Енді мектепке қалай барам?!

🔕Жылдар өтеді.

Бұл бала енді анасымен ештеңе бөліспейді. Мұғаліммен мәселе туындаса да, досымен ренжіссе де — үндемейді. Өйткені оны ешқашан тыңдамаған…

Бұл оқиға сізге де таныс болуы мүмкін. Айтарымыз, балаңыз қателік жасаса — алдымен тыңдаңыз. Ол өтірік айтты ма? Біреумен ұрысты ма? Бірдеңені сындырып қойды ма?
Көп ата-ана мұндай жағдайда бірден ұрысады.

Бірақ…

📌 Тыңдалмаған бала — тұйықталады.
Егер әр жолы жазаланса, келесіде мүлде ештеңе айтпай қояды.

📌 Әрбір қателіктің артында себеп болады.
Қорқыныш, түсінбеушілік, назар аударуға деген мұқтаждық… Мұны тек тыңдап қана түсінуге болады.

📌 Әңгімелесу — тәрбиенің ең сау жолы.
«Неге олай істегеніңді білгім келеді» деп бастасаңыз, бала да үйренеді: жауапкершілік, ашықтық, сенім.

🎯 Мақсат — жазалау емес, түсіндіру және дамыту.