Әйгілі "БИЗНЕС БАСТАУ" кәсіпкерлік мектебіне 36 миллионға 4 запускты қалай жасадым?
Продюсер/эксперт/маркетолог/фрилансер міндетті түрде оқуы тиіс
Байланыста Райымбек, сенің жанашыр инфопродюсер досың!
Ал кеттік, бастайық! Бәрін таста, шай қойып, тәттілеріңді дайында
Сонау 2020-21 жылдардан сочный мощный контент
Соңына қарай запусктан қанша тапқанымды бөлісемін)
Иә, бұл запуск воронкасы уже актуально емес деуің мүмкін, бірақ 1 нәрсені айтайын.
Дәл осы 2020-2021-дегі запуск моделін осы жылдың шілде айында қолдандым, және ол экспертіме 4,5 миллион теңге түсірді. Рабочая схема!
Алдымен, айтпасқа болмас, "Бизнес Бастау" компаниясында(әрі қарай ББ) қарапайым тегін кураторлықтан Бас Маркетолог деңгейіне дейін 4 жыл ішінде жеттім.
Еңбек етсең, ерінбей,
Тояды қарның тіленбей,
демекші, менің инфоәлемге кіруім осы компаниямен басталды.
2020, 2021 жылдары запуск, инфобизнес, прогрев, автовебинар деген терминдер өте сирек қолданылатын. Ал қазір оны почти әр рекламадан көруге болады.
Эксперттердің қаптап кеткені соншалық, Қазақ елі қайсысы инфосыған, қайсысы практик эксперт екенін ажырата алмай қалды. Бұл туралы басқа жазбамда бөлісермін
Сонымен, бұл жақта мен бас маркетолог ретінде компанияны тығырықтан алып шығуым қажет еді. Себебі нарық өзгеріп жатыр, ал компания инфоөнімдері уже ескеріп кетті, жаңа леп, жаңа демсіз жағдайымыз қиын болушы еді.
Сол кездері Ресейде инфобизнес тамырын тереңге жая бастаған кезі, осы жерде бір мақтанып қалайын - менің инфобизнестен хабарым өте жақсы еді.
Оны Gallup тесті де дәлелдеп берді. 4-ші мықты дамыған қабілетім бұл - Input, яғни кез келген информацияны губкадай сіңіремін. Жақсы болсын, жаман болсын.
СНГ-да Мари Афонина деген продюсер апай бар. Сол кісі сол кезде дүркіреп, бүкіл инфоәлемді шулатып жатқан кез, соның курсын алып, кеміре бастадым.
Нәтижесі өте жақсы болды, айғайлап тұрған заголовоктан байқаған шығарсың, 36 миллионға запуск жасау сол кездің өзінде офигенный нәтиже болды.
Қалай енді запусктың өзіне бірсарынды өтіп кетемін деп ойлап отырып, осылай жаза қояйын дедім. К-креатив))
1-ЭТАП. Не бар боласың, не жоқ боласың!
ББ-да шыны керек асарын асап, жасарын жасаған кәсіпкерлік мектеп еді. Әйгілі инфоөнімі - "АЛАМАН" 60 күндік курсы.
Бірі білер, бірі білмес, негізін қалаушы - Ахметбек Нұрсила ағайымыз. Иә, иә, әйгілі "шегіртке" дегенді шығарған адам. Сондай таңба қойылып кетті, амал нешік, бірақ ағайдың қаншама қазақтың кәсіпке деген шабытын ашып, көздегі шелін алып тастауға тер төккенін халық байқамай кетті.
Мүмкін, ББ-да сіз де оқыған шығарсыз, қолдап, осы жазбаны басқа да ББ-лықтарға жіберіңіз, бір сәт есіне алып қойсын.
ББ шәкірттерінің біразы қазір инфобизнесте өз нарығында топовый эксперттер болып отыр. Күмән келтіре алмайтын ақиқат
Карантин, атаңанәлет вирус бізге қатты соққы берді, себебі біздің инфоөнім офлайнға фокус қойылып, жасалған болатын.
Әр ағымға 700-800 адамды офлайн жинап жүрген кез, карантин келіп, быт-шытын шығарды.
Командамен мозговой штурм жасап, онлайнға барынша тез өтудің амалдарын қарастырдық.
Бірақ ол әрекеттер қатты нәтиже әкелмеді, карантин біткесін ғана есімізді жидық.
Срочно "бірдеңе" істеу керек болды, командаға осы запуск жасау идеясын тастадым.
Енді қаракесек етті, майлы жеріне келдік)
Сол кездің өзінде экспертке, яғни Ахметбек ағайға распаковка жасадым.
Сол распаковкадан "дайын прогрев схемасына" салдым.
Прогрев жүріп жатыр, сторис охваты 1500-2000 көлемнен 4500-5000ға көтерілді.
Жаман емес, келесі кезек воронкалар стратегиясы болды.
Алғашқы запускты өзіміздің базаға, инстаграмдардағы жылы аудиторияға жасадық
Біздегі воронка былай болды:
4 күндік "Аламан интенсив" деген тегін өнім дайындадық.
АЛАМАН курсы бренд болып қалыптасқан өнім болғандықтан, "аламанның" бір бөлігін тегін алу аудиторияға өте қатты өтті.
Трафик көздері:
Бұндай трафик көзімен қаншама миллион жасауға болатын еді ғой дейтін шығарсыз, бірақ айта кететін жайт - политика, шегіртке, партия ашу секілді ходтардың кесірінен аудиторияның сенімділігін жоғалтып алдық.
Осы запускта тікелей эфир көрушілер саны бойынша РЕКОРД қойдық. Бір сәтте 1900 адам, соңына дейін 1200 адам көріп отырды.
Ол көрермендерді жақсы ұстап отырудың басты факторлары осы болды:
Интенсивтің екінші пакеті, қателеспесем 3000 тг болды. Оффері - ББ кәсіпкер-тренерлерімен бір чатта боласың, кез келген сұрағыңды қоя аласың және интенсивте берілген үй тапсырмасына кері байланыс.
3000 тг-лік пакет примерно 500 мың теңгеге сатылды.
Сенбейтін шығарсың, бірақ осы подход әлі де өтеді, в моменте қолданып қалғаның дұрыс болады
Сөйтіп, 4 күндікті аман есен өткіздік, соңғы күні продающий күн болды. Эфир бітті, сату бөлімінен сұрасақ, продажа өте аз.
Бірақ келесі күні офисқа келіп, продажаның жағдайын сұраған кезде 1-2 миллион түсті.
Келесі этап продажаны, прогревті әлі де жалғастыру қажет болды, бұл өте маңызды этап. Көп продюсерлер, эксперттер, эфирде саттым болды деп қоя салады, әрі қарай добивать ету жоқ
Сатылым жасалған вебинардан кейін прогрев, продажа кемінде 5-7 күн міндетті түрде жүру керек.
Енді дәл осы атып тұрған воронканы қайталауымыз керек қой.
Жо-жоқ, біз "Крутоймыз", Сиқырлы таяқша тауып алдық, енді любой нәрсені сата аламыздеген үлкен сенімге тойып алғанбыз.
Жалғасын оқу үшін осы жерді бас - Жалғасы