07.05.2020 тапсырма
1. Дұға ету Бүгіннен бастап мына дұғаны жазып алыңыз да, рамазан бойы тоқтамай айтыңыз:
"Я, Аллаһым, осы рамазан айында Сен жақсы көретін нәрселерге жақын болуымды, Сен жақсы көретін нәрселерге махаббатымның ашылуын, Сен разы болатын іс-әрекеттерді көбірек жасауымды нәсіп етші; және рамазанды Сен разы болатындай етіп өткізуімді нәсіп етші. Осы рамазанда менің тілеген барша дұға-тілектерімді қабыл ет. Я, Аллаһым! Сенің разылығың үшін ұстаған, ұстап жатқан, жасап жатқан амалдарымды, тұтқан оразамды қабыл ет!"
· Жақын адамдардың тізімін жасап, оларға дұға жасу
2.Зікір
«Әшһәду әл ла илаһә иллә Аллаһу уаһдаһу лә шәрикәләһ уә әшһәду әннә мұхаммәдән абдуһу уә расулуһ Лә иләһә иллә Аллаһ, Мұхаммәдур расул Аллаһ» 100 рет
Аллаһдан басқа ешбір тәңір жоқтығына куәлік беремін және анығында Мұхаммет ( с.а.с ) Аллаһның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін.
3.Салауат
«Аллаһуммә салли алә сәиидинә Мұхаммәд» 100 рет
Мағынасы: Оған және отбасына Алланыңигілігі мен сәлемі болсын.
Пайғамбарымыз с.а.с.: «Әрбір дұға-тілек аспан астында бүркеліп тұрады. Егер маған айтылған салауат келсе дұға көкке көтеріледі», – деген. Салауат айту – дұға-тілектің қабыл болуына үлкен себепкер.
4.Истиғфар ету (кешірім тілеу)
Астағфируллаһ 100 рет
Мағынасы: Аллаһтан мені кешіруін тілеймін. Бұрынғы және кейінгі күнәлары толығымен кешірілген ардақты Пайғамбарымыз : «Мен Аллаһтан күніне жетпістен астам рет кешірім сұрап, тәубе етемін», – деген (әл-Бұхари, 5948)
5.Аят жаттау
әркім өзі мақсат қойған сүренің
6. Алланың 3 есімін жаттау
39. Әл-Хафиз – Қорғаушы. Сүйікті құлдарын жамандық пен кесірден сақтайды. Өз құлдарының сауап істерін қиямет күні мәрхамет ету үшін жазып, сақтайды. Алла Тағала – әлсіздердің жәрдемшісі. 998 рет
40. Әл-Муқит – Азық беруші. Азықты жаратып мақұлықтарына таратып береді. Даналықты және білімді жүректерге жеткізеді. 550 рет
41. Әл-Хасиб – Есеп беруші, Жеткізуші. Өз құлдарының қажеттерін өтейді. 80 рет
7.Құран оқу/үйрену
8.Кітап оқу
9. Шүкіршілік жазу