May 2, 2020

03.05.2020 тапсырма

·

1. Дұға ету

Бүгіннен бастап мына дұғаны жазып алыңыз да, рамазан бойы тоқтамай айтыңыз:

"Я, Аллаһым, осы рамазан айында Сен жақсы көретін нәрселерге жақын болуымды, Сен жақсы көретін нәрселерге махаббатымның ашылуын, Сен разы болатын іс-әрекеттерді көбірек жасауымды нәсіп етші; және рамазанды Сен разы болатындай етіп өткізуімді нәсіп етші. Осы рамазанда менің тілеген барша дұға-тілектерімді қабыл ет. Я, Аллаһым! Сенің разылығың үшін ұстаған, ұстап жатқан, жасап жатқан амалдарымды, тұтқан оразамды қабыл ет!"

        

  • Жақын адамдардың тізімін жасап, оларға дұға жасу

2.Зікір

«Аллааһуммә иннии әъуузу бикә мин джәһдил-бәләә, уа дәрәкиш-шақаа уа суу’ил-қада, уа шәмәәтәтил-әъдәә». 100 рет

Мағынасы: «Уа, Алла! Шындығында мен Өзіңмен бәленің меңдеп алуынан, бақытсыздықтың жетуінен, тағдырдың жаманынан, дұшпандардың табасынан сақтанамын». Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

3.Салауат

«Аллаһуммә бәәрик 'алә сәййдинә Мухаммәдин уә 'алә әәли сәййдинә Мухаммәдин кәмә бәәрактә 'алә сәййдинә Ибраһимә уә 'алә әәли сәййдинә Ибраһимә иннәкә Хамиидун Мәжиид»100 рет

4.Истиғфар ету (кешірім тілеу)

Астағфируллаһ 100 рет
Мағынасы: Аллаһтан мені кешіруін тілеймін. Бұрынғы және кейінгі күнәлары толығымен кешірілген ардақты Пайғамбарымыз : «Мен Аллаһтан күніне жетпістен астам рет кешірім сұрап, тәубе етемін», – деген (әл-Бұхари, 5948)

5.Аят жаттау

әркім өзі мақсат қойған сүренің

6. Алланың 4 есімін жаттау

25.Әл-Муиз – Қуат беруші. Өзінің мүмин құлдарына мықты қуат береді. Олардың мойынсұнғандары үшін күнәларын кешіріп, жәннатта құрметті орын береді. 117 рет

26.Әл-Музил – Кемсітуші. Кәпірлерді мойынсұнбағандықтары үшін кемсітеді, оларға «азап үйін» –  тозақты дайындайды. 770 рет

27.Әс-Сәмиғ – Әр нәрсені Есітуші. Әр естілетін дыбыс ғайып айтылса да Оның есітуінен тыс қалмайды. Ол құпияның бәрін біледі. Оның ести алмайтын нәрсесі жоқ. 180 рет

(Ескеретін жайт:Негізгі мақсат есімдерді жаттау, жанындағы тұрған сан бойынша айту өз қалауыңызға қарай)

7.Құран оқу/үйрену

8.Кітап оқу

9. Шүкіршілік жазу