May 5, 2020

06.05.2020 тапсырма

·        1. Дұға ету Бүгіннен бастап мына дұғаны жазып алыңыз да, рамазан бойы тоқтамай айтыңыз:
"Я, Аллаһым, осы рамазан айында Сен жақсы көретін нәрселерге жақын болуымды, Сен жақсы көретін нәрселерге махаббатымның ашылуын, Сен разы болатын іс-әрекеттерді көбірек жасауымды нәсіп етші; және рамазанды Сен разы болатындай етіп өткізуімді нәсіп етші. Осы рамазанда менің тілеген барша дұға-тілектерімді қабыл ет. Я, Аллаһым! Сенің разылығың үшін ұстаған, ұстап жатқан, жасап жатқан амалдарымды, тұтқан оразамды қабыл ет!"

  • Жақын адамдардың тізімін жасап, оларға дұға жасу

2.Зікір

«әшһәду әл ла илаһә иллаллаһ уә уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһу әл-мулку уа ләһу әл-хамду йухи, уа йумуту уа һуа хайиун лә йамуту бийадаһи әл-хайру уа һуа ъалә кулли шәй'ин қәдиир» 100 рет


Мағынасы: Аллаһдан басқа ешбір тәңір жоқтығына куәлік беремін. Ол Аллаһ жалғыз-ақ Оның ортағы жоқ иелік Онікі және барлық мақтау Оған тән тірілтеді ле өлтіреді игілік Оның еркінде әрі Оның әр нәрсеге күші толық жетеді.

3.Салауат

«Аллаһуммә салли алә сәиидинә Мұхаммәд» 100 рет


Мағынасы: Оған және отбасына Алланыңигілігі мен сәлемі болсын.

4.Истиғфар ету (кешірім тілеу)

Астағфируллаһ 100 рет
Мағынасы: Аллаһтан мені кешіруін тілеймін. Бұрынғы және кейінгі күнәлары толығымен кешірілген ардақты Пайғамбарымыз : «Мен Аллаһтан күніне жетпістен астам рет кешірім сұрап, тәубе етемін», – деген (әл-Бұхари, 5948)

5.Аят жаттау

әркім өзі мақсат қойған сүренің

6. Алланың 4 есімін жаттау

35.Әл-Ғафур – Кешіруші, күнәларды кешуші. Кешірім сұраушыларды күнәлары үшін қолға алмайды, жаман істерін жақсы амалдарға ауыстырады. 1286 рет

36.Әш-Шәкур – Шүкірді қадірлеуші. Адамдарға шүкірлік айтқаны үшін мәрхамет етеді. Құлдарына көркем істері үшін ізгілік етеді. 526 рет

37.Әл-Алиу – Өте биік, Жоғары, Мәртебелі. Адамдардың сезім, сана және басқа қабілетіне келетін бейнелерден тыс, одан жоғары. Ол әр уақытта биіктікте. 110 рет

38.Әл-Кәбир – Ұлық, Ең Ұлы, Абырой және мәрхамет иесі. Адамдардың ойлау, көру және сезу мүшелерінен тыс. 232 рет

 

(Ескеретін жайт:Негізгі мақсат есімдерді жаттау, жанындағы тұрған сан бойынша айту өз қалауыңызға қарай)

7.Құран оқу/үйрену

8.Кітап оқу

9. Шүкіршілік жазу