April 29, 2020

30.04.20 тапсырма

Пайдалы ақпарт

«Қасиетті Құранның Ағаф сүресінің 180-аятында «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар», ал Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) «Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Кім оларды жаттап алса жәннатқа кіреді» дегеніндей, бұлай дұға ету – үлкен сауапты істерден болып табылады. Олай болса, ұлы құдіретті Алланың ұлық есімін жадымызда ұстап, мағынасын түсініп, үнемі айтып жүрейік. Өйткені, барлық мақтау жалғыз Аллаға ғана тән».


1. Дұға ету

·        
Бүгіннен бастап мына дұғаны жазып алыңыз да, рамазан бойы тоқтамай айтыңыз:
"Я, Аллаһым, осы рамазан айында Сен жақсы көретін нәрселерге жақын болуымды, Сен жақсы көретін нәрселерге махаббатымның ашылуын, Сен разы болатын іс-әрекеттерді көбірек жасауымды нәсіп етші; және рамазанды Сен разы болатындай етіп өткізуімді нәсіп етші. Осы рамазанда менің тілеген барша дұға-тілектерімді қабыл ет. Я, Аллаһым! Сенің разылығың үшін ұстаған, ұстап жатқан, жасап жатқан амалдарымды, тұтқан оразамды қабыл ет!"

·         Жақын адамдардың тізімін жасап, оларға дұға жасу

Дұғалары қабыл болатындар:

  1. Қиналған адамдардың дұғасы;
  2. Зұлымдыққа ұшырағандардың дұғасы, (кәпір немесе күнәһар болса да);
  3. Ата-ананың баласына жасаған дұғасы;
  4. Әділетті имамның дұғасы;
  5. Салиқалы, ізгі адамның дұғасы;
  6. Ата-анасына жақсылық жасап, кішіпейілділік көрсеткен перзенттің дұғасы;
  7. Ораза ұстаған адамның ауыз ашардағы дұғасы;
  8. Мұсылманның мұсылман бауыры үшін жасаған дұғасы (сол үшін бауырларымызға дұға жасаймыз)
  9. Күнәларынан тәубә еткен пенденің дұғасы;
  10.  Жолаушының дұғасы.

2.Зікір

«Лә иләһә илләллаһу, уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һууә ъалә кулли шәй-ин қадир» (100 рет).

Мағынасы: «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ. Ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ. (Бүкіл) мүлік Оған тән әрі мақтау-мадақ Оған лайық әрі Ол әр нәрсеге Құдіретті». (әл-Бұхари, Муслим)

3.Салауат

«Алейһис соләту уәс сәләм» 100 рет

4.Истиғфар ету (кешірім тілеу)

«Әстағфируллаһәл Азыйм» 100 рет

5.Аят жаттау

әркім өзі мақсат қойған сүренің

6. Алланың 4 есімін жаттау

13.Әл-Бари – Жаратушы, жоқтан бар етуші.  Жаратқан мақұлықтарына әр түрлі пішін және бейне береді. Алла әрдайым жаратуда.  214 рет

14. Әл-Мусаууир-Келбет беруші. Өзінің қалауымен әрбір жаратқан нәрсесіне өзгеше келбет және әр түрлі пішін береді. Миллиардтаған келбет жаратқан Алла Тағалаға ешкім теңесе алмайды. 336 рет.

15.Әл-Ғаффар – Аса жарылқаушы. Күнә және жаман істерді кешіруші. Кім осы әдемі есімді жұма намаздан кейін 100 рет қайталаса, оған Алла Тағала ғафу етеді. Ал кім екінті намазынан кейін «Иә Ғаффар ғфирли» деп айтып жүрсе, Алла Тағала оны кешірім еткен құлдардың қатарына қосады.

16.Әл-Қаһһар – Өте үстем, Қаһарлы. Өзіне қарсыларды қатты азаппен қорлайды, өлтіреді не болмаса көпшіліктің алдында беделін түсіреді. Оның жазасынан ешкім аман қалмайды. Дүние сәнін жақсы көретін пенде Алланың бұл есімін қайталап Оған мойынсұнып жүрсе Алла Тағала ол адамның иманын күшейтеді. 306 рет

(Ескеретін жайт:Негізгі мақсат есімдерді жаттау, жанындағы тұрған сан бойынша айту өз қалауыңызға қарай

7.Құран оқу/үйрену

8.Кітап оқу

9. Шүкіршілік жазу