28.04.20 тапсырма
1. Дұға ету
· Бүгіннен бастап мына дұғаны жазып алыңыз да, рамазан бойы тоқтамай айтыңыз:
"Я, Аллаһым, осы рамазан айында Сен жақсы көретін нәрселерге жақын болуымды, Сен жақсы көретін нәрселерге махаббатымның ашылуын, Сен разы болатын іс-әрекеттерді көбірек жасауымды нәсіп етші; және рамазанды Сен разы болатындай етіп өткізуімді нәсіп етші. Осы рамазанда менің тілеген барша дұға-тілектерімді қабыл ет. Я, Аллаһым! Сенің разылығың үшін ұстаған, ұстап жатқан, жасап жатқан амалдарымды, тұтқан оразамды қабыл ет!"
· Жақын адамдардың тізімін жасап, оларға дұға жасу
2.Зікір
Лә хаула уә лә қууата иллә билләһ 100 рет
Мағынасы: Аллаһтың тауфиғы мен көмегінсіз бір халден екінші халге ауысу да, ешбір күш те, қуат та жоқ. Пайғамбарымыз» : Саған Жәннат қазыналарының бір қазынасы болған қазынаға нұсқайын ба? Ол – «Лә хаула уә лә қууата иллә билләһ» сөзі», – деген (әл-Бұхари,6021; Муслим, 2704). Сондай-ақ бұл зікір муаззиннің «Хәййә аләс-салә» және «Хәййә аләл-фәләх» сөздерін айтқанда, азаншының сөздерін қайталамай, олардың орнына осы зікір айтылады.
3.Салауат
«Аллаһуммә бәәрик 'алә сәййдинә Мухаммәдин уә 'алә әәли сәййдинә Мухаммәдин кәмә бәәрактә 'алә сәййдинә Ибраһимә уә 'алә әәли сәййдинә Ибраһимә иннәкә Хамиидун Мәжиид» 100 рет
4.Истиғфар ету (кешірім тілеу)
«Әстағфируллаһәл Азыйм» 100 рет
6. Алланың 3 есімін жаттау
7. Әл-Мумин – Қорғаушы, Сенуші. Өзінің сүйікті құлдарын қауіпқатерден сақтайды. 136 рет
8. Әл-Мухаймин – Үстем, Қорғаушы. Кімде-кім бұл керемет есімді ғұсыл алғаннан кейін екі рәкағат намаз оқып, 100 мәрте шынайы ықыласпен айтса, Алла Тағала оны рухани тазартады.
9. Әл-Азиз – Аса зор, Ұлық, Қуатты, зор кеңшілік Иесі. Кімде-кім Алланың бұл көркем есімін таң намазынан кейін 40 рет қайталап оқыса, Алла Тағала оны қаржы мәселесінде басқалардан тәуелсіз етеді.
7.Құран оқу/үйрену
8.Кітап оқу
9. Шүкіршілік жазу
Пайдалы ақпарат!
РАМАЗАНДА ОРАЗА ҰСТАУШЫ 8 ТҮРЛІ НӘРСЕГЕ НИЕТ ЕТУІ КЕРЕК!
⠀
1.Алла бұйырған амалды орындау арқылы Оның разылығын алу, Алланың парыз еткен құлшылығын жасап, мейіріміне бөлену
2.Алла Елшісі (с.а.с) жасаған істі орындау арқылы Оған еру, Пайғамбарға (с.а.с) ілесу⠀
3.ораза деген сауапты құлшылықты орындау арқылы ең жаман орын болған тозақтан жетпіс жылға алыстау.
Себебі, Алла Елшісі (с.а.с): "Кімде-кім Алла жолында бір күн ораза ұстаса, Алла оның жүзін тозақтан жетпіс жылға алыстатады", - деген
4.Тозақтан алыстау, өзін мәңгілік азаптан саналы түрде құтқарып қалу.
Пайғамбарымыз (с.а.с): "Кім Алла жолында бір күн ораза ұстаса, Алла оны тозақтан жер мен көктің қашықтығындай мөлшерге алыстатады", - деген
5.Ең ауыр әрі қорқынышты Қияметтің күні оразаның Алладан ол үшін кешірім сұрап, өзіне шапағатшы болуынан үміттену.
Пайғамбар (с.а.с): "Ораза мен Құран Алланың құлына Қиямет күні шапағатшы болады. Ораза: "Иә, Раббым! Мен оны күндіз тағам мен сусыннан құр қалдырдым. Ендеше, оған шапағат етуіме рұқсат бере гөр!" - десе, Құран: "Иә, Раббым! Мен оны түнде ұйқысынан айырдым, ендеше, оған шапағат етуіме рұқсат бере гөр!" - дейді. Сонда олардың шапағаттары қанағаттандырылады (яғни қабыл болады)", - деген
6.Жәннатқа мәртебелі қақпа арқылы кіруге талпыну.
Пайғамбарымыз (с.а.с): «Расында, Жәннатта «Әр-Райан» деп аталатын қақпа бар. Қиямет күні одан ораза ұстағандар кіреді. «Ораза ұстағандар қайда?», – делінеді. Олар орындарынан тұрады. Олардан басқа ол қақпа арқылы ешкім кірмейді. Олар кіріп болған соң ол қақпа жабылады да, одан кейін ол арқылы ешкім кірмейді», - деген
7.Ең соңғы амалының ораза болуын қалау. Аллаға ең әдемі, ең ұнамды іс жасап дүниеден өтуге қам жасау.
Иә, ешкім өзінің қашан және қай жерде дүниеден өтетінін білмейді. Бірақ ерте ме, кеш пе, өзекті жанға әйтеуір бір өлімнің болатыны анық. Ал адам ораза ұстаған күйде көз жұмса, Алла оған Жәннаттағы ең жарқын өмірді уәде етеді екен. Алла Елшісі (с.а.с): «Кім ораза ұстап жүрген күйде көз жұматын болса, ол Жәннатқа кіреді", - деп ашық айтқан
8.Амалдар Аллаға көтерілетін уақытта өзінің ораза ұстаған күйде болуын қалау.
Усама ибн Зейд (р.а): «Мен Алла Елшісінің дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстайтынын көретінмін. Бір күні одан мұның себебін сұрағанымда: «Дүйсенбі мен бейсенбі күндері (апталық) істеген істер Аллаға ұсынылады. Сондықтан менің істерім Аллаға көтерілерде аузымның берік болғанын ұнатамын» деді", - деген.
⠀