04.05.2020 тапсырма
- · 1. Дұға ету
Бүгіннен бастап мына дұғаны жазып алыңыз да, рамазан бойы тоқтамай айтыңыз:
"Я, Аллаһым, осы рамазан айында Сен жақсы көретін нәрселерге жақын болуымды, Сен жақсы көретін нәрселерге махаббатымның ашылуын, Сен разы болатын іс-әрекеттерді көбірек жасауымды нәсіп етші; және рамазанды Сен разы болатындай етіп өткізуімді нәсіп етші. Осы рамазанда менің тілеген барша дұға-тілектерімді қабыл ет. Я, Аллаһым! Сенің разылығың үшін ұстаған, ұстап жатқан, жасап жатқан амалдарымды, тұтқан оразамды қабыл ет!" - Жақын адамдардың тізімін жасап, оларға дұға жасу
2.Зікір
Лә хаула уә лә қууата иллә билләһ 100 рет
Мағынасы: Аллаһтың тауфиғы мен көмегінсіз бір халден екінші халге ауысу да, ешбір күш те, қуат та жоқ. Пайғамбарымыз « : Жәннат қазыналарының бір қазынасы болған қазынаға нұсқайын ба? Ол – «Лә хаула уә лә қууата иллә билләһ» сөзі», – деген (әл-Бұхари,6021; Муслим, 2704).
Сондай-ақ бұл зікір муаззиннің «Хәййә аләс-салә» және «Хәййә аләл-фәләх» сөздерін айтқанда, азаншының сөздерін қайталамай, олардың орнына осы зікір айтылады.
3.Салауат
«Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм» 100 рет Мағынасы: Алланың оған салауаты менамандығы болсын.
4.Истиғфар ету (кешірім тілеу)
Астағфируллаһ 100 рет
Мағынасы: Аллаһтан мені кешіруін тілеймін. Бұрынғы және кейінгі күнәлары толығымен кешірілген ардақты Пайғамбарымыз : «Мен Аллаһтан күніне жетпістен астам рет кешірім сұрап, тәубе етемін», – деген (әл-Бұхари, 5948)
5.Аят жаттау
әркім өзі мақсат қойған сүренің
6. Алланың 3 есімін жаттау
28.Әл-Басир – Көруші. Ол бәрін Көреген. Адам және басқа мақлұқтар көрмейтінін бәрін көреді. Оған көрінбейтін зат жоқ. Ол ғайыпты да көреді. 112 рет
29.Әл-Хакәм – Хәкім. Қазы, Төреші. Соттың үкімі Оның құзырында. Оның үкімі кесімді. Оны ешкім сынай алмайды және Алланың үкімдерін кемсітіп, жамандауға ешкімнің хақысы жоқ, 68 рет
30.Әл-Адил – Әділ, Адал. Ол кімге болмасын, ешбір әділетсіздік жасамайды. Ол өз шешімдерінде әділ. 104 рет
(Ескеретін жайт:Негізгі мақсат есімдерді жаттау, жанындағы тұрған сан бойынша айту өз қалауыңызға қарай)
7.Құран оқу/үйрену
8.Кітап оқу
9. Шүкіршілік жазу