29.04.20 тапсырма
1. Дұға ету
· Бүгіннен бастап мына дұғаны жазып алыңыз да, рамазан бойы тоқтамай айтыңыз: "Я, Аллаһым, осы рамазан айында Сен жақсы көретін нәрселерге жақын болуымды, Сен жақсы көретін нәрселерге махаббатымның ашылуын, Сен разы болатын іс-әрекеттерді көбірек жасауымды нәсіп етші; және рамазанды Сен разы болатындай етіп өткізуімді нәсіп етші. Осы рамазанда менің тілеген барша дұға-тілектерімді қабыл ет. Я, Аллаһым! Сенің разылығың үшін ұстаған, ұстап жатқан, жасап жатқан амалдарымды, тұтқан оразамды қабыл ет!"
· Жақын адамдардың тізімін жасап, оларға дұға жасу
Дұғалары қабыл болатындар:
- Қиналған адамдардың дұғасы;
- Зұлымдыққа ұшырағандардың дұғасы, (кәпір немесе күнәһар болса да);
- Ата-ананың баласына жасаған дұғасы;
- Әділетті имамның дұғасы;
- Салиқалы, ізгі адамның дұғасы;
- Ата-анасына жақсылық жасап, кішіпейілділік көрсеткен перзенттің дұғасы;
- Ораза ұстаған адамның ауыз ашардағы дұғасы;
- Мұсылманның мұсылман бауыры үшін жасаған дұғасы (сол үшін бауырларымызға дұға жасаймыз)
- Күнәларынан тәубә еткен пенденің дұғасы;
- Жолаушының дұғасы.
2.Зікір
Субхаан-Аллаһи, әлхамду лилләһи, лә иләәһә иллаллаһу, Аллаһу әкбар. (100 рет)
Мағынасы: Аллаһ – кемшілік атаулыдан пәк. Бар мадақ Аллаһқа тән. Аллаһтан басқа тәңір жоқ. Аллаһ ұлы
3.Салауат
Аллаһуммә салли ‘алә Мухаммәдин уә ‘алә әәли Мухаммәдин кәмә салләйтә ‘алә Ибраһимә уә ‘ала әәли Ибраһимә иннәкә Хамиидун Мәжиид. 100 рет
4.Истиғфар ету (кешірім тілеу)
«Әстағфируллаһәл Азыйм» 100 рет
5.Аят жаттау
әркім өзі мақсат қойған сүренің
6. Алланың 3 есімін жаттау
10. Әл-Жәббар – Аса өктем. Билік пен қуат Иесі. 206 рет
11.Әл-Мутәкәббир – Паң, ұлылық және биіктік Иесі. Кім бұл көркем есімді зікір етіп жүрсе, халық арасында құрметті болады. 662 рет
12.Әл-Халиқ – Жаратушы. Ол әр нәрсені көркем түрде жаратады. 731 рет
(Ескеретін жайт:Негізгі мақсат есімдерді жаттау, жанындағы тұрған сан бойынша айту өз қалауыңызға қарай)
7.Құран оқу/үйрену
8.Кітап оқу
9. Шүкіршілік жазу
Пайдалы ақпарт
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗҒА (С.А.С.) САЛАУАТ АЙТУДЫҢ ПАЙДАЛАРЫ
1. Алланың бұйрығына мойынсұну
2. Алла тағаланың Пайғамбарға салауат жолдауына сай әрекет ету
3. Пайғамбарға салауат айтқан періштелердің істеріне сәйкестік
4. Бір салауат айту арқылы он сауапқа кенелу
5. Құлдың дәрежесінің он есе өсуі
6. Салауат арқылы он жақсылықтың жазылуы
7. Он күнәнің кешірілуі
8. Дұғаның қабыл болуына себеп
9. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шапағатына бөлену себебі
10. Күнәлардың кешірілуіне себеп
11. Пенденің қайғы-мұңына Алла тағаланың жеткілікті болуына себеп
12. Қиямет күні Пайғамбарымызға жақын болудың себебі
13. Садақа бере алмайтын адамның садақасының орнына жүреді
14. Қажеттіліктерінің өтелу себебі
15. Алла тағала мен періштелердің оған салауат айтуына себеп
16. Салауат айтушының жаны мен тәнінің тазаруы
17. Жан тапсырмастан бұрын пенденің жәннатпен сүйіншіленуі
18. Қиямет күнінің қиындығынан құтылудың себебі
19. Құлдың ұмытқан нәрсесін еске түсіруге себепкер
20. Пайғамбарымызға салауат пен сәлем жолдауына жауап берілудің себебі
21. Пайғамбарымызға салауат айтқан отырыстардың жұпар иіске бөленуіне себеп және ол қиямет күнінде сол отырыстағыларды қасіретке ұшыратпайды
22. Кедейліктің болмауы
23. Пенденің сараңдықтан құтылуы
24. Пайғамбарымыздың аты аталған кезде салауат айтпағандар үшін жасалған бәддүғадан құтылудың себебі
25. Салауат айтушыға жәннат жолына бастау, айтпағанға оның жолынан алыстаудың себебі
26. Алла тағала мен елшісінің аты аталмаған мәжілістің жаман иісінен құтылу
27. Хұтба және басқа да уағыз-насихаттарды кемелдендіре түседі
28. Қыл көпірден өтерде пенденің нұрының ерекше көп болуына себеп
29. Пенденің қатыгездіктен құтылуының себебі
30. Жердегілер мен көктегілердің пайғамбарымызға салауат атйқанға Алла тағаланың жақсы мадақ айтуының жалғастығы
31. Салауат айтушының берекеге кенелуінің себебі
32. Алла тағаланың рақымына бөлену себебі
33. Пайғамбарымызды жақсы көрудің жалғасымдылығына себеп
34. Пайғамбарымыздың өзіне салауат айтушыны жақсы көруінің жалғасыдылығының себебі
35. Пенденің тура жолға келуінің және жүрегінің тірілуіне себеп
36. Салауат айтушының есімінің Пайғамбарымызға ұсынылу себебі
37. Қыл көпірде құлдың аяқтарының нық болуына себеп
38. Пайғамбарымыздың біздегі кейбір қарыздарының өтелуіне себеп
39. Салуат Алланы еске алу мен Оған шүкіршілік білдіруді де қамтиды
40. Шындығында ол дұға болып табылады. Өйткені ол Алланың Өз сүйіктісін мақтауды сұрауына жауап немесе ол – пенденің материалдық әрі рухани қажеттіліктерін сұрау»