27.04.20 тапсырма
1.Дұға ету
- Бүгіннен бастап мына дұғаны жазып алыңыз да, рамазан бойы тоқтамай айтыңыз:"Я, Аллаһым, осы рамазан айында Сен жақсы көретін нәрселерге жақын болуымды, Сен жақсы көретін нәрселерге махаббатымның ашылуын, Сен разы болатын іс-әрекеттерді көбірек жасауымды нәсіп етші; және рамазанды Сен разы болатындай етіп өткізуімді нәсіп етші. Осы рамазанда менің тілеген барша дұға-тілектерімді қабыл ет. Я, Аллаһым! Сенің разылығың үшін ұстаған, ұстап жатқан, жасап жатқан амалдарымды, тұтқан оразамды қабыл ет!"
- Жақын адамдардың тізімін жасап, оларға дұға жасу
2.Зікір
Субханаллаһи уа бихамдиһи, субханаллаһил азыйм 100 рет
Аллаһтың елшісі: Екі сөз бар, тілге жеңіл, таразыда ауыр, аса Мейірімдіге сүйікті: «Субханаллаһи уа бихамдиһи, субханаллаһил азыйм» сөздері» (әл-Бұхари, 6304; Муслим, 2694)
3.Салауат
«Аллаһуммә салли алә сәиидинә Мұхаммәд»100 рет
Мағынасы: Оған және отбасына Алланың игілігі мен сәлемі болсын.
4.Истиғфар ету (кешірім тілеу)
«Әстағфируллаһ мин кулли мә кәрихаллаһ»100 рет
Бұл истиғфардың мағынасы: Йа Рабби разы болмаған нәрселеріңнен не істеген болсам бәрін кешіре гөр, жасамағандарымды жасаудан сақта!
5.Аят жаттау
әркім өзі мақсат қойған сүренің
6. Алланың 3 есімін жаттау
4. Әл-Мәлик – Патша. Мұсылман адам бұл есімді зікір етіп жүрсе, қаржыдан қысылмайды. 90 рет
5. Әл-Қуддусу – Қасиетті. 170 рет
6. Ас-Сәлам – Есендік беруші. Егер бұл есімді 99 рет оқып, науқасты ұшықтаса, шипа табады.