01.05.2020
1. Дұға ету
Бүгіннен бастап мына дұғаны жазып алыңыз да, рамазан бойы тоқтамай айтыңыз:
"Я, Аллаһым, осы рамазан айында Сен жақсы көретін нәрселерге жақын болуымды, Сен жақсы көретін нәрселерге махаббатымның ашылуын, Сен разы болатын іс-әрекеттерді көбірек жасауымды нәсіп етші; және рамазанды Сен разы болатындай етіп өткізуімді нәсіп етші. Осы рамазанда менің тілеген барша дұға-тілектерімді қабыл ет. Я, Аллаһым! Сенің разылығың үшін ұстаған, ұстап жатқан, жасап жатқан амалдарымды, тұтқан оразамды қабыл ет!"
· Жақын адамдардың тізімін жасап, оларға дұға жасу
· Дұғаның қабыл болуының ең үлкен, ең маңызды шарттары төмендегідей:
· Бірінші шарт: Ықылас-ынта. Ол – дұға мен оған амалды барлық күмән туғызатын нәрселерден таза орындау, барлық істі бір Аллаға тапсыру
· Екінші шарт: Ұдайылық. Бұл – тек дұғаның ғана емес, ғибадат түрлерінің барлығының да шарты.
· Үшінші шарт: Алла тағалаға шын сенім мен дұғаның қабыл болуына анық илану.
· Төртінші шарт: дұғаны жүректен шығару, Раббыдан қорқу, Алланың алдындағы мол сауаптан үміт етіп, жазаларынан жасқану.
· Бесінші шарт: дұғаны нық шешіммен, ыждағаттылықпен, байсалдылықпен тілеу. Мұсылман Раббысына тілеу тілегенде айнымас нық шешіммен, ынты-шынтысымен беріліп дұға қылуы керек.
2.Зікір
Жүніс пайғамбардың дұғасы:
Лә илаһә илла әнтә, субханака, инни кунту минә-ззалимин» (100 рет).
Мағынасы: "Сенен басқа ешбір тәңір жоқ! Сен - пәксін. Шын мәнінде мен өз-өзіне зұлымдық жасағандардан болдым"
3.Салауат
«Аллаһуммә салли алә сәиидинә Мұхаммәд» 100 рет
Мағынасы: Оған және отбасына Алланың
игілігі мен сәлемі болсын.
4.Истиғфар ету (кешірім тілеу)
Астағфируллаһ 100 рет
Мағынасы: Аллаһтан мені кешіруін тілеймін. Бұрынғы және кейінгі күнәлары толығымен кешірілген ардақты Пайғамбарымыз : «Мен Аллаһтан күніне жетпістен астам рет кешірім сұрап, тәубе етемін», – деген (әл-Бұхари, 5948)
5.Аят жаттау
әркім өзі мақсат қойған сүренің
6. Алланың 4 есімін жаттау
17. Әл-Уаһһаб – Өте жомарт, Береген. Адамдарды Өз нығметтерімен ризықтандырады. Берем деген нәрсесін береді. 196 рет
18. Әр-Раззақ – Ризық, тамақ беруші. Алуан түрлі ризықтарды жаратады және сол ризықтарымен мақұлықтарын ризықтандырады. 308 рет
19. Әл-Фәттах – Жақсылық жасаушы. Асқан мейірімінен құлдарына төгіп беріп, жақсылық істейді. Шындықты әшкерелеп, өтірікті өрге асырмайды. 489 рет
20. Әл-Алим – Бәрін білуші, Терең білім иесі. Ол әр нәрсені толық біледі және де Ол білмейтін ешнәрсе жоқ. Алла Тағала – білушілердің білушісі. Алла Тағала ғайыпты да, көмескіні де біледі. 150 рет
(Ескеретін жайт:Негізгі мақсат есімдерді жаттау, жанындағы тұрған сан бойынша айту өз қалауыңызға қарай)
Пайдалы ақпарт
«Қасиетті Құранның Ағаф сүресінің 180-аятында «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар», ал Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) «Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Кім оларды жаттап алса жәннатқа кіреді» дегеніндей, бұлай дұға ету – үлкен сауапты істерден болып табылады. Олай болса, ұлы құдіретті Алланың ұлық есімін жадымызда ұстап, мағынасын түсініп, үнемі айтып жүрейік. Өйткені, барлық мақтау жалғыз Аллаға ғана тән».
7.Құран оқу/үйрену
8.Кітап оқу
9. Шүкіршілік жазу