April 30, 2020

1.05.2020 тапсырма

·         Жақын адамдардың тізімін жасап, оларға дұға жасу

·         Дұғаның қабыл болуының ең үлкен, ең маңызды шарттары төмендегідей:

·         Бірінші шарт: Ықылас-ынта. Ол – дұға мен оған амалды барлық күмән туғызатын нәрселерден таза орындау, барлық істі бір Аллаға тапсыру

·         Екінші шарт: Ұдайылық. Бұл – тек дұғаның ғана емес, ғибадат түрлерінің барлығының да шарты.

·         Үшінші шарт: Алла тағалаға шын сенім мен дұғаның қабыл болуына анық илану.

·         Төртінші шарт: дұғаны жүректен шығару, Раббыдан қорқу, Алланың алдындағы мол сауаптан үміт етіп, жазаларынан жасқану.

·         Бесінші шарт: дұғаны нық шешіммен, ыждағаттылықпен, байсалдылықпен тілеу. Мұсылман Раббысына тілеу тілегенде айнымас нық шешіммен, ынты-шынтысымен беріліп дұға қылуы керек. 

2.Зікір

Жүніс пайғамбардың дұғасы:

Лә илаһә илла әнтә, субханака, инни кунту минә-ззалимин» (100 рет).
Мағынасы: "Сенен басқа ешбір тәңір жоқ! Сен - пәксін. Шын мәнінде мен өз-өзіне зұлымдық жасағандардан болдым"

3.Салауат

«Аллаһуммә салли алә сәиидинә Мұхаммәд» 100 рет Мағынасы: Оған және отбасына Алланың
игілігі мен сәлемі болсын.

4.Истиғфар ету (кешірім тілеу)

Астағфируллаһ 100 рет


Мағынасы: Аллаһтан мені кешіруін тілеймін. Бұрынғы және кейінгі күнәлары толығымен кешірілген ардақты Пайғамбарымыз : «Мен Аллаһтан күніне жетпістен астам рет кешірім сұрап, тәубе етемін», – деген (әл-Бұхари, 5948)

5.Аят жаттау

әркім өзі мақсат қойған сүренің

6. Алланың 4 есімін жаттау

17. Әл-Уаһһаб – Өте жомарт, Береген. Адамдарды Өз нығметтерімен ризықтандырады. Берем деген нәрсесін береді. Кімде-кім дұғада бұл есіммен Аллаға жалбарынса, ол ешқашан қайыршы болмайды. 196 рет

18. Әр-Раззақ – Ризық, тамақ беруші. Алуан түрлі ризықтарды жаратады және сол ризықтарымен мақұлықтарын ризықтандырады. 308 рет

19. Әл-Фәттах – Жақсылық жасаушы. Асқан мейірімінен құлдарына төгіп беріп, жақсылық істейді. Шындықты әшкерелеп, өтірікті өрге асырмайды. Кімде-кім өзінің оң қолын кеудесіне қойып Алла Тағаланың бұл әдемі есімін таң намазынан кейін 70 рет қайталаса, жүрегі нұрланады, көңілі шаттанып жәй табады. 489 рет

20. Әл-Алим – Бәрін білуші, Терең білім иесі. Ол әр нәрсені толық біледі және де Ол білмейтін ешнәрсе жоқ. Алла Тағала – білушілердің білушісі. Алла Тағала ғайыпты да, көмескіні де біледі. Кім бұл есімді атап, зікір етіп жүрсе Алла Тағала оған білім мен даналықтың есіктерін ашады. 150 рет

(Ескеретін жайт:Негізгі мақсат есімдерді жаттау, жанындағы тұрған сан бойынша айту өз қалауыңызға қарай)

Пайдалы ақпарт

«Қасиетті Құранның Ағаф сүресінің 180-аятында «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар», ал Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) «Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Кім оларды жаттап алса жәннатқа кіреді» дегеніндей, бұлай дұға ету – үлкен сауапты істерден болып табылады. Олай болса, ұлы құдіретті Алланың ұлық есімін жадымызда ұстап, мағынасын түсініп, үнемі айтып жүрейік. Өйткені, барлық мақтау жалғыз Аллаға ғана тән».

 

7.Құран оқу/үйрену

8.Кітап оқу

9. Шүкіршілік жазу