May 4, 2020

05.05.2020 тапсырма

  1. Дұға ету Бүгіннен бастап мына дұғаны жазып алыңыз да, рамазан бойы тоқтамай айтыңыз:
    "Я, Аллаһым, осы рамазан айында Сен жақсы көретін нәрселерге жақын болуымды, Сен жақсы көретін нәрселерге махаббатымның ашылуын, Сен разы болатын іс-әрекеттерді көбірек жасауымды нәсіп етші; және рамазанды Сен разы болатындай етіп өткізуімді нәсіп етші. Осы рамазанда менің тілеген барша дұға-тілектерімді қабыл ет. Я, Аллаһым! Сенің разылығың үшін ұстаған, ұстап жатқан, жасап жатқан амалдарымды, тұтқан оразамды қабыл ет!"
  • Жақын адамдардың тізімін жасап, оларға дұға жасу

2.Зікір

Алланы еске алушылар пенделерге жақсылықтар жазылып, күнәлары кешіріледі. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кім бір күнде жүз мәрте «Ләә иләәһә иллаллаһу уәхдәһу ләә шәрийкә ләһу ләһул мулку уә ләһул хәмду уә һуә ғәләә кулли шәйъин қадийр», десе, ол он құлды азат еткендей болады, оған жүз жақсылық жазылады және оның жүз күнәсі кешіріледі. Бұл оған сол күнгі шайтанға қорған болады. Осы жағдай кешке дейін жалғасады. Бұны содан көбірек жасаған кісіден басқа ешкім ол келтіргеннен абзалырақ нәрсе клтіре алмайды.

«Ләә иләәһә иллаллаһу уәхдәһу ләә шәрийкә ләһу ләһул мулку уә ләһул хәмду уә һуә ғәләә кулли шәйъин қадийр» 100 рет

Мағынасы: Құлшылық етуге серігі жоқ Жалғыз Алладан басқа ешкім лайық емес, осы дүние мен ақирет билігі және барлық мадақ тек Оған ғана тән әрі Ол – әрбір нәрсеге Құдіретті.

3.Салауат

«Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм» 100 рет Мағынасы: Алланың оған салауаты менамандығы болсын.

4.Истиғфар ету (кешірім тілеу)

Астағфируллаһ 100 рет
Мағынасы: Аллаһтан мені кешіруін тілеймін. Бұрынғы және кейінгі күнәлары толығымен кешірілген ардақты Пайғамбарымыз : «Мен Аллаһтан күніне жетпістен астам рет кешірім сұрап, тәубе етемін», – деген (әл-Бұхари, 5948)

5.Аят жаттау

әркім өзі мақсат қойған сүренің

6. Алланың 4 есімін жаттау

31.Әл-Ләтиф – Жұмсақ, зор кеңшілік Иесі. Өзінің құлдарына өте ілтипатты. Өз құлдарының істерін толық біледі және адамдардың мінездеріне жұмсақтық салады. 129 рет

32.Әл-Хабир – Толық хабар алушы. Барлық істер оның қалауымен жасалады. Ол ешқашан хабарсыз қалмайды. Жаратушының бұл көркем есімін қайталаған адамды Алла Тағала қанағатты етеді. 812 рет

33.Әл-Халим – Ерекше Мейірімді, Өте Жұмсақ. Азабын тездетпейді, бірақ малғұн шайтанға еріп, күнәлі іс жасағандарға азабы жақын. 88 рет

34.Әл-Азим – Аса зор, кеңшілік Иесі, Мәртебелі, Ең Ұлы. Оның мәртебесінің басы да, соңы да жоқ. 1020 рет

(Ескеретін жайт:Негізгі мақсат есімдерді жаттау, жанындағы тұрған сан бойынша айту өз қалауыңызға қарай)

7.Құран оқу/үйрену

8.Кітап оқу

9. Шүкіршілік жазу