ҚОРҚЫНЫШТАР
Қайырлы таң!
Қорқыныштар туралы әңгіме әлі бір де бір марафонымда болмаған екен. Мүмкін өзім онша-мұнша қорқыныштарға берілмегендіктен болар. Неге екенін білмеймін, басқалар үшін қорқынышты болған нәрселер маған көп жағдайда проблема болмаған екен. Бала кезімнен бір какой-то пофигизмім бар. Мысалы мен басқалардың әлі болмаған нәрсеге кәдімгідей серьезно қорқатынын осы жұмысымда жүріп көрдім.
Менің басты қорқыныштарымның бірі - көлік жүргізу болған. Осы жазда ол қорқынышымды да жеңдім. Мені көбісі біртүлі дейді, адамдармен жақын араласпағаным үшін. Осы мінезімді өзім қабылдамай жүргенде іштей қорқынышым болды, жалғыз қаламын ба деген. Кейін өзімді таныған сайын оны да қойдым.
Сіздерге өздеріңізді қабылдаңыздар деп қақсап жүретінім де сол, Жаратқанның негізгі заңдылықтарын бірінші орынға қойсаң, қорқыныштардың қалай сейілгенін байқамайсың. Өйткені қорқыныштың түбі - сенімнің әлсіздігінде.
Зона комфортадан шығу үшін бұрынғы қатып қалған ақпараттардан ғана емес, қорқыныштардан да арылу керек.
Менің бақылауым бойынша қорқыныштар мынадай түрлерге бөлінеді екен:
әлі болмаған нәрселерден қорқу: күйеуім жүріп кете ма, балам ауырып қала ма, досым өліп қала ма, Қазақстанда соғыс бола ма т.с.с - деп қорқамын дейтіндер
дүние-мүлікке байланысты қорқыныштар: үйсіз қалам ба, машинам бұзылып қала ма, пенсия алмай қаламын ба, доллар көтеріліп кете ма т.с.с - деп қорқамын дейтіндер
адамдардан қорқу: енемнен, атаман, бастығымнан, күйеуімнен, папамнан, мамамнан т.с.с - деп қорқамын дейтіндер
жасамаған нәрсені жасаудан қорқу: адамдардың алдында сөйлеуден, бизнес ашуға, самолетке мінуге, машина айдауға т.с.с - деп қорқамын дейтіндер
Осы төрт түрлі қорқынышқа қарсы вакцина:
Болмаған нәрседен қорқу. Папамның любимый сөзі бар - жаңбыр жаумай су болу дейтін. Содан ба білмеймін, өзім болмаған іске онша күйініп, қорқып энергия құртпайды екенмін, бірақ пендеміз ғой, иногда переживание қосылып кетеді. Менің есімді жинайтын мына сөздер: "Мүміндер Аллаға ғана тәуекел етсін" (Ибрахим сүресі 11аят). Мен болашақты болжай алмаймын, не үшін оның қандай болатына уайымдауым керек? Оған тәуекел етсем, мені жаман қылмайтыны сөзсіз. Керек деп тапса сынақ берер, бәрі дұрыс болса сыйын берер. Проблемы надо решать по мере поступления! Сонымен бірінші қорқыныш жоқ болды.
Дүние-мүлік, ақша. Осы қорқыныш барлық қорқыныштардың алды, хиты десе болады. Менде де болып тұрады. Пендешіліктен қалмаймыз. Бірақ бұрынғыға қарағанда бұл қорқынышты сезіну уақыты бірнеше күндерден бірнеше минуттарға дейін азайыпты. Бұл дегеніміз энергиямды құртпаймын. Осындайда тағы да тәуекел мен Македонскийдің жерлеуі есіме түседі. Әлемді жаулаған жауынгер о дүниеге бос қолмен кеткені туралы әңгімені бәріміз білеміз. Ешбір дүние бізге тиесілі емес екені басыма сап ете қалады да, сразу отпускает. Барыма шүкірлігім артады. Осы қорқынышты жеңуге бірнеше уақыт кетуі мүмкін, но игеріп алсаңыз супер қабілет!
Адамдардан қорқу. Қазіргі кезде абсурд дейді ғой, бос қорқыныштардың бірі. Бұл әлемде ең қорқынышты нәрсе өлім болса, сіз қорққан адам сізді өлтірмейтін болса, не үшін қорқасыз?
Жасамаған нәрсені жасаудың қорқынышын жеңуді сіздер уже бастан өткіздіңіздер. Қорқа-қорқа пост жазып, жасырын ойларыңызды сыртқа шығарып, одан ешкім жапа шекпейтініне көз жеткіздіңіздер.
Бүгінгі тапсырма әрине қорқынышты жеңу аясында. Есіңізге сала кетейін, бүгін штраф төлеп қайта кіруге мүмкіндік берілмейді. Сондықтан, тапсырмаларды жасамаған адам 100% ойыннан шығады.
ТАПСЫРМА (5рет оқыңыз):
1. Өз қорқыныштарыңызды дәптерге жазыңыз. Оларды саралап, жоғарыда көрсетілген "вакциналардың" көмегімен қорқыныштарыңызға көзқарасыңызды өзгертіңіз.
2. Өзгерген көзқарастарыңызды да жазып, жаңа ойларыңызды дәптеріңізге "шегелеңіз".
3. Өз парақшаңыздан тікелей эфирге шығыңыз. Кемінде 15минутқа. Тақырып ретінде өзіңіздің өзгерткен қорқынышыңызды талдайсыз.
4. Есеп беру тәртібі: есеп ретінде инстаграмдағы өз парақшаңызға сілтеме бересіз. Сілтемеңізді есеп чатына саласыз. Есепті 21.12.2019 жыл Астана уақытымен сағат 18:00ге дейін тапсыру керексіз.
5. Бүгін ТАЛҚЫЛАУ ЧАТЫ тек 18:00ден кейін жұмыс істейді. Яғни тапсырманы талқылау мүмкіндігі берілмейді.
ҚАНДАЙ ҚАТЕЛІКТЕР МАРАФОННАН ШЫҒЫП ҚАЛУ ҚАУІПІН ТӨНДІРЕДІ?
· есеп беруден жалтарсаңыз
· парақшаңыз жабық болса
· есеп уақытынан хотя бы 1секунд кешіксеңіз
· тікелей эфирде үндемей отырсаңыз
· тікелей эфирді басқа тақырыпта өткізсеңіз
БОНУС: Бүгінгі тапсырманы орындаған барша қатысушыларға өзімнің қорқыныш жайлы вебинарымды сыйға беремін.