May 27, 2019

Сәдібек Түгел

Сәдібек Түгел Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 1955 жылдың 23 ақпанында Ұлан ауданының Амангелді ауылында қарапайым жұмысшының отбасында өмірге келді.

Жоғары білімі бар. 1982 жылы Киров атындағы ҚазМУ-дің (қазіргі Әл-Фараби атандағы ҚазҰУ) журналистика факультетін сырттай тәмамдаған.

Әскери қызметін Германияда өткізді.

Еңбек жолын Сәдібек Түгел Алматыдағы мақта-мата иіру фабрикасында слесарь болып бастады.

Біршама уақыт партиялық ұйымдарды істеді.

1990 жылы Алматының Жоғары партиялық мектебін аяқтады.

Кейін Ұлан аудандық газетінің бас редакторы, «Қазақстан телевидение және радио корпорациясының» аппаратында, Ақмола қаласының баспасөз хатшысы лауазымын атқарып, Астананың халықаралық баспасөз орталығын басқарды.

2004 жылдан 2005 жылдар аралығында Парламент Сенатында бөлім басшысы болды.

2006 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінге дейін қоғамдық қызметпен және шығармашылықпен айналысуда, 10 кітаптың авторы.

Еңбек сіңірген жаттықтырушы, Ұлттық ат спорты түрлері федерациясының вице-президенті.

Екі баласы бар, бүгінде үш немере тәрбиелеп отыр.