May 28, 2019

Әміржан Қосановтың өмірбаяны

Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов 1964-жылы 13-мамырда Қызылорда облысы Арал ауданының Сапақ бекетінде көпбалалы теміржолшының отбасында дүниеге келді.

Қызылорда облысы Жаңақазалы стансасындағы №17 қазақ орта мектебін бітірді.

1981-1982 жж. – Жаңақазалы стансасындағы №716 құрылыс-монтаж пойызының слесарі.

1982 ж. – ҚазМУ журналистика факультетінің студенті.

1983-1985 жж. – Кеңес Армиясының қатарында қызмет атқарды (Мәскеу қаласы).

Университетті тәмамдаған соң 1989-жылдың наурызынан – республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі.

1990-жылдың маусымында балама негізде (4 үміткердің арасынан) Алматы қаласы Фрунзе (қазіргі Медеу) аудандық комсомол комитетінің біріншісі хатшысы боп сайланды. Кейінірек – Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің саясат бөлімінің меңгерушісі, ҚР Жастар істері жөніндегі Мемлекеттік комитетінің БАҚ-пен жұмыс бөлімінің бастығы.

1993-жылдың сәуірінен – Жастар ісі жөніндегі жастар комитеті төрағасының орынбасары.

1994-жылдың наурызынан – ҚР Жастар істері, туризм және спорт министрінің орынбасары.

1994- 1997 жж. аралығында – ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы – Министрлер Кабинеті баспасөз қызметінің жетекшісі.

1998-жылдың желтоқсанынан – Қазақстан Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП) атқару комитеті төрағасының орынбасары.

1998-жылдың наурызынан – «Реформа» әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси бастамалар орталығының президенті.

2006-жылдың қыркүйегінен – Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) бірінші орынбасары.

2009–2012 жж. – біріккен оппозициялық «АЗАТ» ЖСДП партиясының бас хатшысы.

2019 жылы Президенттік сайлауға қатысу үшін өз кандидатурасын ұсынды.

Отбасы

Әкесі – Сағидрахман Ағыбетұлы Қосанов. Анасы – Аққыз Нағашыбайқызы Қосанова.

Жұбайы – Роза Мұратқызы Қосанова.

Балалары: Индира, Томирис, Ғалымжан

Марапаттары 

1994-жылы Қазақстан Жастар одағының сыйлығының лауреаты атанды.

«Жыл адамы-2013» сыйлығының «Жыл саясаткері» номинациясының жеңімпазы.