May 27, 2019

Төлеутай Рақымбеков

Төлеутай Рахымбеков 1964 жылы 19 шілдеде Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазақ ауылшаруашылық институтын, Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін инженер-механик, заңгер мамандықтары бойынша бітірген. ҚР ЖҒҰА академигі, экономика ғылымдарының докторы, құрылыс магистрі.

Еңбек жолын 1986 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының кіші ғылыми қызметкері, аспиранты ретінде бастады.

1987-1989 жж. — Жаңаарқалық «Ауылшаруашылық техникасы» РҚ-ның инженері, шебер, аға шебер, аға инженер-технологы болып қызмет атқарды.

1989-1992 жж. — Ауыл шаруашылығын электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының аспиранты.

1992-1999 жж. — Жезқазған қаласындағы бірқатар коммерциялық құрылымдарды басқарды.

1999-2001 жж. — Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары.

2001-2002 жж. — Жезқазған мемлекеттік университетінің доценті.

2002-2006 жж. — ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің ауыл шаруашылығы жерлері мен АӨК-ті дамытуды мемлекеттік реттеу және талдау департаментінің бөлім бастығы, директоры, Ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу, кедендік-тарифтік саясат пен ДСҰ департаментінің директоры, Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын реттеу департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2006-2007 жж. — ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.

2007-2009 жж. — «ҚазАгроИнновация» АҚ Президенті.

2009 ж. – ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі.

2009 ж. —«КазЦентрЖКХ» АҚ-ның төрағасы.

2009-2011 жж. — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2011-2013 жж. — «КазЦентрЖКХ» АҚ-ның төрағасы.

2013-2016 жж. — «ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс ұлттық палатасы» ЗТБ басқарма төрағасы.

2016-2017 жж. — «Атамекен» ҚР ҰКП Агро құзіреттілік орталығының директоры.

2017 жылдың наурызынан сәуір айына дейін - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі.

2017 жылдың сәуірінен шілдесіне дейін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

2017 жылдың қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қаржы кафедрасының профессоры.

«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының құрмет грамотасымен марапатталған.