May 28, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев

1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған. Әкесі Тоқаев Кемел Тоқайұлы (1923-1986), Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қазақ жазушысы болған. Анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000), Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген.

1975 жылы Қ-Ж. Тоқаев КСРО Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын аяқтады. 1984-1985 жылдары КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызметте болды. 1992 жылы Мәскеудегі КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының дипломатиялық басшы кадрлардың біліктілігін арттыру курсын аяқтады.

Еңбек жолын 1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінен бастап, Сингапур Республикасындағы кеңестік елшілікке жолданды. 1984-1985 жылдары КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызметте болды. Кейін Пекиндегі кеңестік елшілікке жолданып, онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарын атқарды.

1992 жылы Қ-Ж.Тоқаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1993 жылы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары және 1994 жылы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 1999 жылы Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. 1999 жылдың қазан айында Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Премьер-министр лауазымына тағайындалды. 2002 жылы Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі болды. 2003-2007 жж. Сыртқы істер министрі қызметін атқарды. Бұл қызметте Тоқаев ядролық қаруды таратпау ісіне белсене атсалысты.

2007 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды. Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы ретінде 2008 жылы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Вице-Президенті болып сайланған.

2011 жылғы наурызда БҰҰ-ның Бас Хатшысы Тоқаевты Бас хатшының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы Бөлімшесінің Бас Директоры және БҰҰ Бас хатшысының Қарусыздандыру жөніндегі конференциядағы жеке өкілі етіп тағайындау туралы шешімін жария етті. Сонымен қатар, ол Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымын атқарды. ТМД және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері Кеңестерінің Төрағасы болып та сайланған,

2013 жылдың 16 қазанында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы болып сайланды.

2019 жылдың 20 наурызында ҚР Президенті ретінде ант қабылдады.

2007 жылдан бері «Nur Otan» партиясының мүшесі. Саяси ғылымдар докторы. Бүкіәлемдік гуманитарлық және жаратылыс ғылымдары академиясының мүшесі, Мюнхен қауіпсіздік конференциясы «Даналар» кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ, Шэньчжэнь университетінің құрметті профессоры (ҚХР), РФ-ның Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының құрметті профессоры және докторы. Халықаралық қатынастар жөніндегі Қазақстан кеңесінің Құрметті президенті. Женева дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің Құрметті деканы. Орыс Биографиялық қоғамы Қ. Тоқаевты «Жыл адамы – 2018» лауреаттарының тізіміне енгізген. 13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды.

Халықаралық қатынастар мәселелері бойынша тоғыз кітап пен бірқатар мақалалардың авторы.

Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің бірнеше мемлекеттік наградаларымен марапатталған.

Салауатты өмір салтын қолдайды. Ол фантастикалық, саяси және мемуарларды оқығанды ұнатады.

Ажырасқан. Тимур есімді ұлы бар.