May 28, 2019

Дәния Еспаева

1961 жылы 5 наурызда Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Жайсаң ауылында дүниеге келді.

Білімі:

1982 жылы Алматы есеп-нисие техникумын аяқтады, 1993 жылы Алматы қаласының Қазақ мемлекеттік академиясын экономист мамандағы бойынша бітірді.

Еңбек жолы: 

1982 ж. – СССР Мемлекеттік Банкінің Ақтөбе облысы басқармасының несиелеу бөлімінің экономисі

1986-1987 жж. – СССР Мемлекеттік Банкінің Ақтөбе облысы басқармасының несиелеу бөлімінің бас экономисі

1988-1991 жж. – «Промстройбанк» облыстық басқармасының ақша айналымы бөлімінің аға экономисі.

1992 ж. — «Тұран» БҚ Ақтөбе филиалының бас бухгалтері.

1992-1995 жж. — «Тұран» БҚ Ақтөбе филиалының директорының орынбасары.

1995-1997 жж. — «Alem Bank Kazakhstan» Ақтөбе өңірлік департаментінің несие бөлімі бас маманы, Несие бөлімі бастығының орынбасары, Несие департаментінің бастығы.

1998 - 2005 жж. — «БТА Банкі» АҚ Корпоративтік бизнестің директорының орынбасары.

2006 жылдың қараша айынан бастап — «БТА Банкі» АҚ Ақтөбе филиалының директоры.

2014 жылғы қарашадан бастап — «Казкоммерцбанк» АҚ Ақтөбе филиалының директоры.

2016 жылдың наурызынан — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

Марапаттары:

Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны және 2011 жылы өңірлік экономиканың дамуына қосқан үлесі үшін «Мемлекеттік сыйлық» - «Құрмет» ордені, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған медаль, ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған медаль; Қазақстан Республикасының секторы «Ең үздік қаржыгер» қоғамдық медалімен марапатталды.

Қоғамдық және қайырымдылық қызметі:

Облыстық мәслихаттың депутаттығына екі рет сайланды (2008 және 2012 жж.), «Атамекен» одағының Ақтөбе филиалының басқарма мүшесі, Ақтөбе облысының облыстық үйлестіру кеңесінің мүшесі.

14 жылдан астам уақыт бойы облыстық әкімдікте отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссияның мүшесі болды.

Екі ұлы, екі немересі бар.