Автобуста қай орынға отырған қауіпсіз?
Күнделікті өмірде бір рет болсын автобусқа мінеміз. Бірақ автобустағы қауіпсіздігіңіз туралы ойланып көрдіңіз бе? Оқыс жағдай кез-келген сәтте болуы мүмкін. Сақтықта қорлық жоқ деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Автобуста қай орынға отырған қауіпсіз? Бүгін осы туралы сөз қозғамақпыз.
Автобуста қаупі жоғары орындар жүргізушінің тұсы. Егер автобус алдыңғы жағынан соғылған жағдайда құрбан болу қаупі жоғары. Автобустың артқы қатарларына үлкен кісілер отырмайды, мазаламайды деп отыруға әуес екеніміз рас. Баратын жеріміз қашық болса, отырып мыжғып алуға таптырмас жер. Дегенмен автобустың арт жағынан қатты соққан жағдайда тіл тартпай кетуіңіз ғажап емес. Көп жағдайда әсіресе басқа қалаларда автобустың терезе тұсына отырып қала көрінісін тамашалағанды ұнатамыз. Бірақ автобус апаттары кейде көше қиылыстарында бүйірінен соққанда болып жатады. Аман қалуыңызға 100% кепілдік болмаса да, автобус салонының орта тұсының екінші қатарлары қауіпсіздеу. Сақтанғанды сақтаймын дейді. Әрдайым сақ болып жүрейік. Егер осы постымыз кемі он реакция жинаса автобус апатқа түскен жағдайда не істеу керектігі туралы пост жазылады.