May 19, 2023

Қазақстан әлемдік рейтингтерде

Мамыр айының басында «Репортеры без границ» халықаралық ұйымы жыл сайынғы Баспасөз бостандығы индексін жариялады. Бір жыл ішінде Қазақстан 122-ші орыннан 134-ші орынға түсіп, көршілестігін Бенин мен Танзаниядан Уганда мен Шри-Ланкаға ауыстырды. Бұл орын Солтүстік Кореяға (соңғы 180-ші орын) рейтинг көшбасшысы - Норвегияға қарағанда әлдеқайда жақын.

Дегенмен, 134-ші орынның өзін біз үшін бақ десе болады, өйткені 2018-2019 жылдары Қазақстан 24 позицияға төмен болатын. Жалпы, бостандық пен демократия тұрғысынан республика соңғы бірнеше жылда әлемдік рейтингте сәл көтерілсе, гендерлік теңдік, адами капитал және бизнес орта бойынша төмендеді. Бірақ республика кибер және азық-түлік қауіпсіздігі саласында таңғаларлық жетістіктерге қол жеткізіп отыр.

Редакторымыз Әйгерім Мекішева республиканың халықаралық рейтингтер мен индекстерде тіркелген сан алуан «жетістіктерін» зерттеді. Ол рейтингтерде біз мұны мойындауымыз керек  – Қазақстан үшінші әлемнің шағын экзотикалық елдерімен жиі қатар тұрады, тек бізде банан плантациялары жоқ, бірақ пайдалы қазбалар қоры бар.

Бостандық

Баспасөз бостандығы индексі туралы әңгімеге оралсақ, әлеуметтік көрсеткіш Қазақстанның жағдайын барынша нашарлатқанын атап өту керек. Нақтырақ айтсақ, қазақстандықтар журналистерге күдікпен қарайды, бірақ, блогерлер мен әлеуметтік желідегі анонимді жазбаларға сенеді.

Freedom House халықаралық ұйымының 2023 жылғы Жаһандық бостандық рейтингінде Қазақстан 210 елдің ішінде 164-орынға ие болды (100-ден 23 ұпай жинады). Бұл жерде жалпы еліміз еркін емес шоғырландырылған авторитарлық режимі бар мемлекет деп көрсетілген. Ішінара еркін Мавританияны қуып жету үшін бізге 13 ұпай ғана жетпей қалды.

Freedom House демократияның даму деңгейлерін, саяси және азаматтық бостандықтарды, сондай-ақ интернеттегі еркіндікті ескереді. 2018 жылдан бері Қазақстан бұл рейтингте 10 позицияға көтерілді.

Теңдік

Гендерлік теңдікке келетін болсақ, соңғы бірнеше жылда жағдай күрт өзгерген жоқ. Дүниежүзілік экономикалық форумның өткен жылғы Жаһандық гендер теңсіздігі туралы баяндамасында Қазақстан дүниежүзіндегі 126 елдің ішінде 65-орынға орналасты. ДЭФ ерлер мен әйелдердің экономикалық белсенділігін, білімге қолжетімділігін, өміршеңдік пен денсаулық көрсеткіштерін, саяси құқықтары мен мүмкіндіктерін өлшейді. 2016 жылдан бері республика 14 позицияға төмен түсті.

БҰҰДБ Адам дамуы индексі (2021-2022 жылдарға арналған баяндама) бойынша республика Багам аралдары мен Тринидад және Тобаго арасындағы әлемнің 191 елі арасында 56-шы орында. Индекс көптеген параметрлерді қамтиды, олардың бірі салық төлемдерін есепке алмай ұлттық табысты бөлу болып табылады. Құрастырушылар Қазақстан халқының ең бай 1%-ына салық салынғанға дейінгі ұлттық табыстың 15,4%-ы, ал халықтың ең кедей 40%-ы осы табыстың 23,3%-ы тиесілі екенін есептеп шығарды.

Алдыңғы үш жылда Қазақстан 189 позицияның сәйкесінше 51, 50 және 58-ші орынды иеленді.

Заң

World Justice Project ұйымының Жаһандық заң үстемдігі өлшемінде Қазақстан 140 елдің ішінде 65-ші орынды иеленді. Бұл көрсеткіште Венесуэла соңғы орында, ал Дания көш бастап тұр. Бұл рейтингте сегіз фактор ескеріледі, оның ішінде сыбайлас жемқорлық деңгейі, қылмыстық және азаматтық сот төрелігінің сапасы, мемлекеттік институттардың ашықтығы және нормативтік құқықтық актілердің орындалуы.

Жалпы динамика еліміздің сот төрелігі саласындағы аз ғана жетістігін көрсетеді – зерттелген елдер санының артуына қарамастан, Қазақстан өз орнын сақтап қала алды. 2017 жылмен салыстырғанда, іс жүзінде біз бір ғана позицияға төмен жылжыдық.

Өткен жылы Жемқорлықты қабылдау индексінде республика 180 елдің ішінде 101-ші орынды иеленді (36 ұпай). 2018 жылмен салыстырғанда Қазақстан 23 позицияға көтерілді (5 ұпай қосқан). Индекс сарапшылар мен кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлық деңгейін 100 балдық шкала бойынша бағалауына негізделген, мұнда 0 – ең жоғары, ал 100 – мұндай құқық бұзушылықтардың мүлдем жоқтығы. Зерттеу туралы барлық ақпарат Transparency International ұлттық бөлімше сайтында жарияланған.

Үміт

Дүниежүзілік банк құрастырған Адам капиталының индексі бүгін туған баланың 18 жылдан кейін алатын адами капиталының болжалды мөлшерін көрсетеді. Индекс үш элементтен тұрады: 5 жасқа дейінгі балалардың өмір сүру деңгейі, бала кәмелетке толғанға дейін алатын сандық және сапалық білім өлшемі және азаматтардың денсаулық көрсеткіштері.

2020 жылғы баяндамада Қазақстан 174 елдің ішінен 55-орынға тұрақтады, ал 2018 жылы 157 елдің ішінде 31-орында болған. Айта кетейік, 2017 жылға дейін адами капиталға қатысты осындай зерттеуді Дүниежүзілік экономикалық форум жүргізген болатын. Онда Қазақстан 130 елдің ішінен 29-орынға ие болған.

Бақыт

Осы жылдың наурыз айында кезекті World Happiness Report есебі жарияланды. Қазақстан ол жерде 137 елдің ішінде 44-ші орында (Гватемала мен Сербия арасында). Бұл зерттеуде Финляндия көшбасшы, Ауғанстан аутсайдер ретінде танылды. Рейтингті қалыптастыру кезінде өмір сүру ұзақтығы, жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі, сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі, жұмыспен қамту, құқықтар мен азаматтық бостандықтар, өмірлік таңдау еркіндігі, сондай-ақ альтруизм ескерілді. 2018-2020 жылдары Қазақстан сәл төмен орында болған еді  - 149 ел ішінде 45-ші орында.

Тамақ

Өткен жылы Азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық индексінде Қазақстан 113 елдің ішінде 32-орынға ие болып, Грециядан қалып, Уругвайды басып озды. Индексте азық-түлік тауарларының бағасы мен қолжетімділігі, сапасы, қауіпсіздігі және басқа да параметрлер ескерілген. Оны The Economist медиа тобы мен Corteva Agriscience трансұлттық агрохимиялық компаниясының зерттеу бөлімі басқарады. 2014 жылдан бері Қазақстан 25 позицияға көтерілген.

Бизнес

Қазақстандық шенеуніктердің шығаруға деген құлшынысын тузызған «Doing Business» ұтымды есептері Дүниежүзілік банктің шешімімен 2021 жылдан бастап шықпайтын болды. Дегенмен, отандық ұлттық жобалардың авторларының қолында Менеджментті дамыту институтының жыл сайын жариялайтын жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің беделді рейтингі бар. Рейтинг мемлекеттің бәсекеге қабілетті бизнестің өсуіне қолайлы жағдай жасау мүмкіндігін көрсететін 333 критерийге негізделген.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан әлемнің 63 елі арасында 43-орынға ие болып, Португалия мен Индонезия арасында орналасқан. Айта кету керек, 2018 жылы республика бес позицияға жоғарылады.

Жағдайды The Heritage Foundation ұсынған Экономикалық еркіндік индексімен толықтырайық. Ол 12 критерийге негізделген, оның ішінде үкімет адалдығы, сот жүйесінің тиімділігі, сауда мен инвестиция еркіндігі және т.б. Мұнда Қазақстан «орташа еркін» ел деген анықтамамен 176 елдің ішінде 71-орында. Көршілеріміз Вануату мен Вьетнам. 2018 жылмен салыстырғанда республика бірден 31 позицияға төмендеген.

Цифрландыру және мемлекеттік басқару

Цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингін де Менеджментті дамыту институты жасайды және Қазақстан ондағы 63-орынның 36-шы орнында. 2018 жылы еліміздің рейтингтегі орны екі позицияға төмендеді. Басқа бағалау критерийлер арасында кибер қауіпсіздігі де бар.

Бұл салада БҰҰ-ның жанында Халықаралық телекоммуникациялық одағының жеке рейтингі бар. Мұнда еліміз айтарлықтай ілгерілеуде және  2020 жылға арналған соңғы нұсқасының нәтижелері бойынша көптеген басқа әлемдік индекстердің көшбасшысы Данияны басып озып, 194 ел арасында 31-ші орында тұр. 2017 жылы Қазақстан әлемнің 164 елінің ішінде 82-ші орынға ие болған еді.

БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту рейтингінде Қазақстан 193 елдің ішінде 28-ші орында. 2018 жылы біз 11 позицияға төмен едік. Сонымен қатар, даму үстіндегі елдер мен өтпелі экономикасы бар елдердің арасында мемлекеттік басқару бойынша республика өткен жылы 139-ның ішінде 79-орынға ие болды. Бұған Бартелсман қорының индексі дәлел. Салыстыру үшін, 2018–2020 жылдары республика екі позицияға төмен болды.

Үздік елдер

US News & World Report медиа компанияның 2021 жылғы World Best Countries рейтингінде Қазақстан 85 елдің ішінде Сербия мен Иран арасында орналасып 82-орында тұр. Зерттеу бұл елдерде ешқашан болмаған адамдардың арасында сауалнама жүргізу арқылы жасалады, яғни олардың жеке қабылдауы арқасында. Әлемнің 36 ел респонденттері арасында 8061 адам  хабары бар элита өкілдері, 4536 кәсіпкерлер, 8035 қалың жұртшылық. 2020 жылы Қазақстан 73-тің ішінен сәл құрметті 66-орынға ие болған еді.

Қазақстан басқа рейтингтерде...

… Менеджментті дамыту институтының дарындар рейтингінде 63 елдің арасынан 39-шы орындамыз. Ол мемлекеттің таланттарды ұстап қалу мүмкіндігін, сондай-ақ кадрлық резервтің құзыреттілік деңгейін және оны дамытуға жұмсалатын инвестицияны көрсетеді. 2018 жылмен салыстырғанда республика бір орынға жоғары көтерілді.

... Портулан институты, Адами капиталдың көшбасшылығы институты және INSEAD дүниежүзілік бизнес мектебі құрастырған Таланттардың жаҺандық бәсекеге қабілеттілігі индексінде 133 елдің арасынан 62-ші орынға ие болдық. Бұл жерде Колумбияны сәл басып оздық. 2020 жылы біз 132 елдің арасынан 54-ші орында болдық.

... The Social Progress Imperative зерттеу жобасының Әлеуметтік прогресс индексінде 169 елдің арасынан 65-ші орынға ие болды. 2020 жылмен салыстырғанда республика екі позицияға көтерілді, ол кезде индекске әлемнің 133 елі кірген болатын.

... Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат және туризм саласындағы бәсекеге қабілеттілік индексінде 117 орынның 66-шысына тұрақтады. Айта кету керек, Чад Республикасының шенеуніктері бұл саланың дамуына ең аз алаңдайды екен. 2017 жылы Қазақстан 136 елдің ішінде 81-ші орынға ие болды.

... Legatum институтының Өркендеу индексінде 167 елдің арасынан 69-шы орында. 2018 жылы республика үш позицияға жоғары болатын.

... Экологиялық көрсеткіштер индексінде 180 елдің арасынан 93-ші орында. Индексті жасауға Йель және Колумбия университеттерінің зерттеушілері қатысады. 2020 жылы Қазақстан сегіз позицияға жоғары болатын.

Экономика және бейбітшілік институтының Жаһандық бейбітсүйгіштік индексінде 163 елдің ішінде 97-ші орын иеленді. Авторлар республиканы соғысқұмар да, бейбітшіл де емес, бірақ әйтеуір ортада жүретін, Кубаның маңайында орналасқан ел ретінде анықтапты. 2018 жылмен салыстырғанда Қазақстан 23 позицияға төмендеді.

Катон мен Фрейзер институттарының Адам бостандығы индексінде 167 елден 107-ші орындамыз. Көршілеріміз - Мадагаскар мен Иордания. 2018 жылы республика 17 позицияға жоғары (162 ел арасынан) болды.

Global Citizen Solutions компаниясының Ең қуатты төлқұжаттар рейтингінде 199 елдің ішінен 107-ші орынға табан тіредік. Бұл тұрғыдағы динамикаға қатысты деректер табылмады.

Демократияның даму индексінде 167 мемлекеттің қатарынан 127-ші орындамыз. Economist Group-тың зерттеу бөлімі болып табылатын Economist Intelligence Unit құрастырушылары Қазақстанды авторитарлық режимге жатқызады. Мұнда біз Буркина-Фасомен бір орынды бөлісеміз. 2018 жылы Ресеймен 144-ші орынға жайғастық.

Оқырмандар еңсесін тағы көтеру үшін еске сала кетейік, Қазақстан қазба отындарының үлесі бойынша әлі де бірінші жиырмалықтың қатарында және уран өндіру бойынша әлемдік ауқымда көшбасшы.

@Shishkin_like

«Маңызды мәселе туралы нақты» арнайы жобасы

Бұл жарияланымды Internews жүзеге асырып жатқан «Серпінді орта үшін әркелкі ақпаратпен қарым-қатынас және төзімділік (REVIVE)» жобасы аясында Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек қана «Shishkin_like» жауапты және міндетті түрде Еуропалық Одақ пен Internews көзқарасын білдірмейді.