February 13, 2023

Қазақстандағы алаяқтықтың ең көп тараған түрлері

Соңғы сегіз жыл ішінде Қазақстанда алаяқтық фактілері бойынша қозғалған қылмыстық іс 13%-ға артқан. Өткен жылдың өзінде тек алаяқтық бойынша 43 мың қылмыстық іс қаралған. Егер ресми дерекке сенсек, екі жыл бұрын ғана алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс саны қазіргі көрсеткіштен 25%-ға аз болған.

Аймақтарға бөліп қарастырсақ, 2015 жылдан бастап тіркелген алаяқтық фактісі бойынша жыл сайын Алматы, одан кейін — Астана және Шымкент қалалары көш бастап тұр. Өткен жылы Қызылорда, Жамбыл және Маңғыстау облыстарының тұрғындары алаяқтардан ең аз зардап шекті.

Редакторымыз Маргарита Кунцевич Қазақстанда ең көп таралған он алаяқтық жолдарын шолып шықты.

Қаржы және қор алаяқтары

Телефон алаяқтары

Азаматтарға әлдебір банктің қолдау қызметінен телефон шалып, клиент картасындағы қаражатқа қауіп төніп тұрғаны хабарланады. Хабарласқан адам SMS-пен келген код сандарын айтып жіберуді сұрайды. Міне, сол код сандарын алған алаяқтар сіздің банк есепшотыңызды ашып, картадағы бар ақшаңызды өзіне аударып алуға қол жеткізеді. Соңғы уақытта мұндай қоңыраулардың ішінде «полиция қызметкерімін» деп, әлдебір бап бойынша сізге іздеу жарияланғаны жөнінде хабарласатындар пайда болды.

Кез келген шығын зарарына түспес үшін мұндай бейтаныс адамдармен байланыс кезінде, әңгіменің барлық күдікті тұстарына назар аударыңыз (мысалы, адамның акцентіне). Егер сізді  алдауға тырысып жатыр деп ойласаңыз, сөйлесуді тоқтатыңыз, телефон нөміріңізді банктің қолдау қызметіне жіберіңіз немесе полицияға өтініш беріңіз (мұны онлайн режимінде де жасауға болады).

Қаржы пирамидалары

Бұл құрылымдар өз салымшыларына үлкен табыс әкелуге уәде беретін ұйымдар. Шындығында, ақшаны қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың шоттарына аударғаннан кейін, пайызбен соманы қайтарып алу мүмкіндігі жоқтың қасы. Уақыт өте келе ұйымдастырушылар жиналған қаражатпен бірге «жоғалады», ал азаматтар ақшасыз және депозиттерге кепілдік беру қорының қорғауынсыз қалады. Өйткені пирамидаға салынған қаражат әдеттегі депозит емес.

Мұндай компанияның басшылығына ақша аудармас бұрын, оның сенімділігін тексеруді ұсынамыз. Қаржы мониторингі агенттігінің сайтында лицензияланбаған қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімі жарияланған. Сонымен қатар, қысқа мерзімде ақшаңызды бірнеше есе көбейтуге уәде беретін компанияларға сенбегеңіз жөн.

Қорлардың құлықтары

Отандық «қор алаяқтары» кең таралған схеманы қолданады: танымал WhatsApp, Telegram, әлеуметтік желілері, электрондық пошта мессенджерлері арқылы әрекет етеді, қоңырау шалады  және тіпті Қор биржасы (KASE) атынан әрекет етеді, деп хабарлайды Zakon.kz. Өздерін биржа қызметкерлері ретінде көрсете отырып, әңгімелесушіге жоғары инвестициялық кірісті уәде ете отырып, бағалы қағаздарға қаражат салуды ұсынады. Ақша аударылғаннан кейін, жалған брокерлер клиентпен брокерлік шоттан ақшаны ішінара немесе толығымен алғысы келгенге дейін байланыста болады.

Мұндай салдардың алдын алу үшін ресми KASE брокердің лицензиясына назар аударуға және ол ұсынатын компанияны бағалауға кеңес береді. Сонымен қатар, қор нарығына инвестиция салу арқылы (тіпті нақты брокердің делдалдығымен) сіз шығындардан қорғалмайтыныңызды ұмытпаңыз.

Кредит алаяқтары

Алаяқтар ештеңеден хабары жоқ азаматтарға несие береді. Мысалы, Kazinform.kz мәліметі бойынша, өткен жылы сериялық алаяқ топ Жамбыл облысының тұрғындарын несиеге «қадаған». «Алаяқтық әрекеттердің схемасы қарапайым – жәбірленушілердің сеніміне кіру, өмірі, проблемалары, жоспарлары туралы әңгімелесу және банктер мен микрокредиттік ұйымдарда әртүрлі сылтаулармен несие алуды ұйымдастырған. Осылайша алаяқ өз таныстарының 2 200 000 теңгесін алып кеткен», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күтпеген жерден сіздің өміріңіздің егжей-тегжейіне қызығушылық танытатындарға және/немесе мәселеңізді тез шешуге уәде беретіндерге, соның ішінде проблемаңызды банктік несиелер арқылы шешуді ұсынған адамға сенім артпау арғылы ғана өзіңізді мұндай жағдайдан қорғай аласыз.

Тұрмыстық деңгейдегі алаяқтар

«Әлеуметтік қызметкерлер»

Жалғызбасты қарт адамдар әлеуметтік қызметкерлер немесе дәрігерлер сияқты көрінетін алаяқтардың әрекеттерінен зардап шегуі мүмкін. Ондай алаяқтар сенімге кіру үшін, медицина саласындағы, зейнетақы жүйесіндегі жаңалықтар туралы айтады. Үй иесі бөлмеден шыққан кезде, алаяқ зейнеткердің жинаған ақшасының тұрған орнын тауып, кейін әңгімесін тезірек аяқтап, (мысалы, дүкеннен азық-түлік әкеп берем деген сылтаумен)  кетуге асығады.

Осындай жағдайды болдырмас үшін бейтаныс адамдарға есік ашуға, ақшаны оңай қол жетімді жерлерде сақтауға болмайды.

Коммуналдық алаяқтар

Кейбір жағдайларда алаяқтар сантехник немесе үйдің жеке су есептеу құралдарын орнатуға, алып тастауға немесе қайта орнатуға жауапты басқа мамандар ретінде есік қағуы мүмкін. Олар азаматтарды есептегішті ауыстырудың шұғыл қажеттілігіне сендіреді, өз қызметтеріне ақы төлеуді талап етеді, ал ақшаны алғаннан кейін олар атқарылған жұмыс үшін өзіне ешқандай жауапкершілік алмайды (егер сондай қызмет көрсетсе).

Ақшаны бермес бұрын мердігер компанияны тексеру керек. Мысалы, алматылықтар мұны «Алматы Су» сайтында жасай алады, онда мемлекеттік лицензия негізінде есепке алу құралдарын орнатуға және өзгертуге құқығы бар компаниялардың тізімі жарияланған. Ал есептегіштерді тексеру немесе ауыстыру қажеттілігі туралы ескерту қазір коммуналдық қызметтерге ақы төлеу туралы түбіртекке жазылып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, сізге өз қызметтерін табанды түрде ұсынатын ТКШ саласының кез келген маманы қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті, ал сіз қызмет ұсынушы компанияға қоңырау шалып, оның жеке басы мен жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы ақпарат алып, көз жеткізуіңізге құқылысыз.

Интернет-алаяқтар

Ұтыс ойындары

Интернет желілерде қазақстандықтарға күн сайын ондаған және жүздеген онлайн-ұтыс ойындарына қатысу ұсынылады. Олардың кейбіреулерінде ұйымдастырушылар қатысушылардан банктік карталарының толық мәліметтерін көрсетуді немесе жүлдені алу үшін ақшалай комиссия аударуды сұрайды. Екі жағдайда да алаяқтар әрекет етуі мүмкін. Нақты жарнамалық акциялар негізінен тегін жүретінін ескеріңіз.

Осындай жағдайдың құрбаны болмау үшін ұтыс ойыны туралы хабарландыру орналастырылған алаңға назар аудару керек. Егер бұл акция өткізілетін компанияның ресми сайты болмаса, демек күмәнді. «Ірі брендтер мен кәсіпорындар өздерінің ресми платформаларында және әлеуметтік медиа беттерінде акциялар мен ұтыс ойындары туралы хабарлайды және үшінші тараптар арқылы мессенджерлерге хабарландырулар жібермейді», - деп еске салады Tengrinews.kz.

Тегін хабарландырулар

Жарнаманы тегін онлайн сайттарға орналастырғаннан кейін авторларға потенциалды сатып алушылардан хабарламалар келе бастайды. Сұхбаттасушылардың бірі басқа ауданда / қалада тұратынын және тауарды алу үшін «Қазпошта» немесе OLX курьеріне өзі төлеуге дайын екенін хабарлайды, сізге сілтеме бойынша белгілі бір нысанды толтыру ғана қалады. Әдетте, бұл сілтеме фишингтік сайтқа апарады, оның көмегімен алаяқтар сіздің банктік картаңыздың мәліметтерін біледі.

Жеке деректерді сақтау үшін олар таныс сайттардың мекен-жайларына қатты ұқсаса да ешбір бейтаныс сілтемелерді ашпаған жөн және ешқандай ақпарат қалдырмаңыз.

Арзан тауарлар

Желіде азық-түлік немесе кез-келген басқа тауарларды арзан бағамен сату туралы хабарландырулар жиі беріледі. Бұл жағдайда сатушылар әдетте потенциалды сатып алушылардан алдын ала төлем жасауды сұрайды. Жоқ зат үшін ақша алғаннан кейін, алаяқтар сатып алушылардың телефонын блоктайды немесе SIM картасын ауыстырады.

Өткен жылдың тамыз айында дәл осындай осында жолмен Өскемен қаласының тұрғындары қант сатып алғанда 130 млн теңгеге алданғанын Liter.kz-ке хабарлаған. Алаяқ алдымен тапсырыс берілген өнімді дұрыс жеткізіп, азаматтардың сеніміне кірген, соңында үлкен ақша алғаннан кейін жоғалып кеткен.

Бұл жағдайда өзіңізді қорғау үшін алдын-ала төлем жасаудан бас тарту керек немесе мәміле жасамас бұрын сатып-алуды рәсімдеу қажет.

Көлік алаяқтары

Бұл саладағы ең көп таралған алаяқтық схемасы лизингке байланысты: азамат көлікті лизингке алады, оған сенімхат пен сақтандыру жасалады. Алғашқы бірнеше айда ол жалдау ақысын төлейді, содан кейін көлікті сатып жібереді.

Алаяқ демалыс күндері көлікті тіркеу есебінен шығару мүмкін емес кезде мәміле жасайды. Мұндай көліктің бағасы, әдетте, нарықтық бағадан төмен болады. Сатушы сатып алушыға нотариустың сенімхатын рәсімдеуді ұсынады, ал жұмыс күндері ол өзі арнайы ХҚКО-да көлікті есептен шығарамын деп алдайды. Ақшаны алғаннан кейін алаяқ байланысқа шығуды тоқтатады.

Автокөліктің нақты иелері жалдау ақысын алуды тоқтатқан кезде полицияға жүгінеді, олар қылмыстық іс қозғайды, көлікке тыйым салынады. Көлік бұрыңғы иесіне қайтарылынғаннан кейін, әдетте, жаңа иесімен заңды тартыстар  басталады.

Мұндай жағдайды болдырмау үшін ақша аударар алдында сатушы автокөлікті арнайы ХҚКО-да есептен шығарып, оны өз атына қайта рәсімдеуі керек.

«Маңызды мәселе туралы нақты» арнайы жобасы

Бұл жарияланым Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен әзірленген. Басылымның мазмұны «Shishkin_like» жауапкершілігінде және Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.

@Shishkin_like