Ақпарат құралдарындағы манипуляцияны қалай білеміз?
Біз FactCheck.kz редакциясымен бірге күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді тап басып тауып, ол туралы жазғанда фейк пен манипуляцияның арбауына түспеу жолдарын көрсететін материалдар сериясын жалғастырамыз. Мұның алдындағы материалдарымызда фотоның растығын анықтау, адам немесе компания туралы ақпарат табу, фейк хабарламалардың ерекшеліктері, онлайн карталарды пайдалану жолдары туралы жазған болатынбыз. Ал бүгін қазақстандық жаңалықтарды мысалға ала отырып, үстірт логика және логикаға ықпал ететін айла-амалдар туралы баяндамақпыз.
Үстірт логика неге сүйенеді?
- Ұқсастық заңы: пайымдау кезінде әр ой мен әрбір термин бір ғана мағынаны білдіруі керек, әйтпесе түсініктер ауысып кетеді.
2016 жылы допинг дауынан кейін Халықаралық олимпиада комитеті қазақстандық ауыр атлет Илья Илиннің Пекин және Лондон олимпиадаларында алған медалін қайтарып алды. Ал спортшының Қазақстанның ішіндегі имиджіне аса қатты нұқсан келе қойған жоқ: «Мен үшін ол әрқашан чемпион болып қала береді», – деді бұл жағдай жөнінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев. Демек, бастапқыда біз чемпион деп ХОК мойындаған көшбасшылықты айтсақ, Ильинді чемпиондық белгісінен айырғаннан кейін ол туралы пайымымызды өзгертіп, бұрынғы еңбегі мен күш-жігерін бағалау түрінде субъектив ой білдіреміз.
- Қарама-қайшылық заңы: бір-біріне қарама-қайшы екі түрлі пайым бір уақытта шындық бола алмайды. Олардың кемінде біреуі жалған деген сөз.
2019 жылы қазақстандықтар ұлттық қауіпсіздік сертификаты бар екенін білді – алдымен оны ҰҚК сынақтан өткізіп, содан кейін азаматтар арасында кибероқыту ұйымдастырды. Іс-шараның ресми мақсаты азаматтарды, мемлекеттік органдар мен жекеменшік компанияларды хакерлер шабуылынан, интернеттегі алаяқтардан және басқа да қауіп-қатерден қорғауды күшейту деп көрсетілді. Оқу-жаттығудан кейін қауіпсіздік комитетіндегілер «қазіргі жағдайда техникалық жағдай сертификат орнатуды қажет деп таппайды» деп мәлімдеп, содан кейін күш құрылымдарында ешкім бұл сертификат туралы ештеңе айтқан жоқ.
Дегенмен, жанама жағдайлардың көмегімен қауіпсіздік сертификатын орнатудан бас тартуға бірден одан қорғаныс орнатқан браузерлердің де ықпалы болды деп айта аламыз. Олар қазақстандық интернет пайдаланушылардың жеке деректері жарияланып кетуінің алдын алуға қадам жасады.
- Үшіншіні есептен шығару заңы: бір-біріне қарама-қайшы екі пайымның екеуі де бір уақытта шын немесе екеуі де бірден жалған бола алмайды.
Қазақстанда қант мәселесі туындаған сәтте шенеуніктер бір-біріне қарама-қайшы пікірлер айтып жүрді. Мәселен, сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев журналистерге: «Бізде тапшылық жоқ. БАҚ-та сауда нүктелерінде қантты көптеп сатып алып жатыр деп (ақпарат – ред.) тарап жатыр. Қант тапшылығына жол бермес үшін кейдір сауда нүктелері қант сатып алуға шектеу қоюда. Ал жалпы тапшылық жоқ», – деп мәлімдеді.
Екі тезис те, яғни тапшылық жоқтығы мен сатып алуға шектеу қою туралы тезистің екеуі де шын немесе екеуі де өтірік бола алмайды. Егер біреуін жоққа шығарса, демек бір мәлімдеме – жалған («үшінші жол жоқ»).
Бұл заңның негізінде «кінәсіздік презумпциясы» сынды маңызды заң принципі де жатыр, ол бойынша, кінәсі дәлелденгенге дейін ешкім кінәлі емес. Бұл принцип жиі бұзылады, дегенмен кей жағдайларда негізсіз пікір айтқандар жазасыз қалмайды. Мәселен, үш жыл бұрын «Тальго» пойызындағы зорлыққа қатысы бар делінген жолсеріктің бірінің әкесі қылмыс құрбанына жала жапқаны үшін жауапкершілікке тартылды (Тәңірберген Бердоңғаровқа сұхбат берген ер адам қылмыс құрбаны ұлынан ірі көлемде ақша бопсалағанын айтқан болатын).
Логикалық айла-шарғы
Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев осындай айла-шарғыны қолдануға тырысты. Үкім шыққаннан кейін қазақстандық ақпарат құралдарында айыпталушының соттағы соңғы сөзінің үзіндісі кеңінен тарады: «Мен кінәлі емеспін. Халқыма оқ атқан жоқпын, әйелдерді, балаларды атпадым». Көптеген ақпарат порталы сот отырысының қорытындысы туралы материалда Күдебаевтың дәл осы сөзін тақырыпқа шығарды. Ал шын мәнінде Күдебаев халыққа оқ атқаны үшін немесе бейбіт халыққа от атуға бұйрық бергені үшін айыпталған жоқ, ол азаптау бабымен бірге, қоластындағы қызметкерлерге полиция департаментінің ғимаратын тастап шығуға бұйрық бергені, оны қорғауға тырыспағаны үшін айыпталған болатын.
Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметов отставкаға кеткенге дейін журналист Асхат Ниязовқа берген сұхбатында мұндай қателікке бірнеше рет жол берді. Әңгіме барысында ол бірнеше рет негізгі тақырыптан ауытқып, өзіне қолайсыз сұраққа жауап бермеудің амалын тауып, оның орнына сұхбат алушының жеке қасиеттерін сөз етуге көшті. Нақтырақ айтсақ, Даниал Кенжетайұлы журналистің балағат сөз айтқанына назар аудартуға тырысты («Мен Асхатқа қатты ұқсайтын бір журналистің боқтап отырғанын көрдім»), сонымен бірге журналистің қазақ тілін білмейтінін бетіне басты («Қане, айтыңызшы, қазақ тілін қашан үйренесіз?»).
Кейінгі уақытта БАҚ, депутаттар және пікір көшбасшылары арқасында отандық ақпарат кеңістігінде қазақстандықтардың несиеге белшесінен батқаны туралы айту көп тарады. Әлеуметтанушылар оны қазірдің өзінде өзіндік инерциясы бар стереотип деп атайды, тіпті айтарлықтай саяси шешімдерге жол ашты деп санайды. Шын мәнінде бұл тезис әлі дәлелдеуді қажет етеді – экономистер бұл мәселенің соншалық ауқымды еместігін көрсететін нақты дәлелдерді бірінен кейін бірін ұсынуда. Мәселен, FINANCE.kz телеграм каналы осы тақырыпта бірнеше материал жариялады.
Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың Mudarabah Capital қаржы пирамидасын жеке аккаунттарында жарнамалауын дәл осы беделді пайдалануға жатқызуға болады. Ақыры сот екеуіне де қаржы пирамидасын құрып, оған жетекшілік еткені үшін бес жыл бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Бұл арада бір салада жинаған беделің келесі бір жерде көмектеспейтінін түсіну маңызды, яғни вайнер әлеуметтік желіні дамыту бойынша сенімді түрде түсініктеме бере алғанымен, қандай да бір жобаға қаржы салудың пайдасы туралы айтса, мұндайда сыни пайымды іске қосу керек.
Коронавирус пандемиясы кезінде осы логикалық қателік кеңінен тарап, аурудың алдын алу және вирусты емдеу жолы ретінде баяғыдан айтылып келе жатқан өнімдер ұсынылып, олар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қолдан-қолға тарады. Сол кезде фактчекерлер ит пен борсықтың майының ешқандай да емдік немесе иммунитет көтеретін қасиеті жоқ екенін, ал үккіштен өткізілген ақжелкек көзден жас ағызғанымен, коронавирусты емдемейтінін жазды.
Саналы түрде солай істеді ме, әлде кездейсоқ па, жуырда өткен сот процесі барысында бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі осындай әдіске жүгінді. Ол сот отырыстарының бірінде эмоцияға беріліп (журналистердің жазуына қарағанда жылап тұрып), күйеуінің суицид жасамақ болғанын айтқан, сонымен бірге тергеушілер өзіне қысым жасап жатқанын, тіпті, күйеуінің артынан тергеу изоляторына кетуі мүмкін екенін ескерткенін жариялаған. Бұған қоса, экс-министрдің әйелі істі қайта қарастыра ма деген үмітпен ілгеріде залалды өтеуге деп берілген ақшаны достары мен таныстарынан қарызға алғанын айтып, оны қайтарып беруді өтінген.
Отандық БАҚ көп жағдайда желіде отыратын қауымның пікірін қазақстандықтардың басым көпшілігінің ұстанымы етіп көрсетуге бейім. Мұның жарқын мысалы ретінде жуырда ғана болған «Би-2» тобының концерті төңірегіндегі «қоғамдық» дауды айтуға болады. Әкімдік алдымен «көпшіліктің өтініші бойынша» іс-шараны өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылдап, «қазақстандықтар Семейде «Би-2» тобының концертін өткізбей қоюға наразылық білдірді» деген хабарламадан кейін оны өткізуге рұқсат берді. Айтпақшы, былтыр да «көпшіліктің өтініші бойынша» «Базз Лайтер» мультфильмінің прокатына тыйым салынған болатын.
Басқа да логикалық айла-шарғы мен әдіс-амалдар туралы FactCheck.kz материалдарынан толығырақ оқыңыздар (мұнда, мұнда және мұнда)
«Маңызды мәселе туралы нақты» арнайы жобасы
Бұл жарияланымды Internews жүзеге асырып жатқан «Серпінді орта үшін әркелкі ақпаратпен қарым-қатынас және төзімділік (REVIVE)» жобасы аясында Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек қана «Shishkin_like» жауапты және міндетті түрде Еуропалық Одақ пен Internews көзқарасын білдірмейді.