February 3, 2022

Қазақстан қорықтары

Мемлекеттiк табиғи қорықтабиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.

Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорықұйымдастырылған. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973

1

Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы

1926

131 934

Түркістан облысыжәне Жамбыл облысы

2

Алматы мемлекеттiк табиғи қорығы

1931

71 700

Алматы облысы

3

Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы

1931

191 381

Қостанай облысы

4

Барсакелмес мемлекеттiк табиғи қорығы

1939

160 826

Қызылорда облысы

5

Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы

1968

543 171

Ақмола облысыжәне Қарағанды облысы

6

Марқакөл мемлекеттiк табиғи қорығы

1976

102 979

Шығыс Қазақстан облысы

7

Үстірт мемлекеттiк табиғи қорығы

1984

223 342

Маңғыстау облысы

8

Батыс Алтай мемлекеттiк табиғи қорығы

1992

86 122

Шығыс Қазақстан облысы

9

Алакөл мемлекеттiк табиғи қорығы

1998

65 217,9

Алматы облысыжәне Шығыс Қазақстан облысы

10

Қаратау мемлекеттiк табиғи қорығы

2004

34 300

Түркістан облысы