9-сабақ. Копитрейдинг – табыс табудың тиімді əдісі
Копитрейдинг – бұл тəжірибелі трейдердің жасаған мəмілелерін автоматты түрде өз шотыңызға көшіру процесі. Дұрыс қолдана білсеңіз, бұл – қазіргі таңда ең тиімді стратегиялардың бірі. Бұл құралмен жұмыс істеуді меңгерсеңіз, өз уақытыңыз бен күшіңізді айтарлықтай үнемдей аласыз.
Уақытты үнемдеу
Графиктер мен жаңалықтарды сағаттап талдаудың қажеті жоқ – бұл жұмысты сіз үшін кəсіби трейдер атқарады. Əсіресе, тұрақты жұмысы бар немесе трейдингті қосымша табыс көзі ретінде қарастыратын адамдар үшін өте қолайлы.
Жаңадан бастаушылар үшін таптырмас мүмкіндік
Копитрейдинг – ұзақ оқуды қажет етпейтін, трейдинг əлеміне кіруге арналған қарапайым əдіс. Бұл – табыс тауып қана қоймай, нарықтағы тəжірибелі ойыншылардың əрекеттерін бақылап, үйренуге мүмкіндік береді.
Автоматтандыру жəне қарапайымдылық
Бір рет баптағаннан кейін жүйе өздігінен жұмыс істейді. Сіз тек қаражатыңыздың көлемін бақылайсыз жəне қажет болған жағдайда көшіріп отыруды тоқтатып немесе параметрлерді өзгерте аласыз.
Қандай тəуекелдер бар?
Копитрейдинг – сиқырлы құрал емес. Тіпті ең тəжірибелі трейдерлер де қателеседі жəне шығынға ұшырауы мүмкін. Сондықтан:
• Ешқашан өзіңіз жоғалтуға дайын емес қаражатты инвестицияламаңыз.
• Тəуекелдерді бөлу үшін тек копитрейдингке сенбей, мысалы, DCA (Dollar-Cost Averaging) стратегиясын қатар қолданыңыз.
• Портфеліңізді үнемі бақылап, қажет болған жағдайда тиімсіз стратегиялардан бас тартыңыз.