Кіріспе сабақ
Жаңартылған курсқа қош келдіңіздер! Бұл курсты өту барысында сіздер қаржы нарықтары, криптовалюталар жəне трейдинг туралы толық əрі жан-жақты білім аласыздар. Материалдарды жеңіл меңгеру үшін төменде негізгі терминдер сөздігін ұсынамыз.
Биржа – сатып алушылар мен сатушылар құнды қағаздармен, тауарлармен, валюталармен жəне басқа да активтермен сауда жасайтын алаң. Биржа сауда процесін реттейді жəне ұйымдастырады.
Биржалар бірнеше түрге бөлінеді: тауарлық, валюта, криптовалюта, фьючерстік жəне қор биржалары. Мұнда биржалық тауарлар (бағалы металдар, энергия ресурстары, өнеркəсіптік шикізат жəне т.б.), валюталар мен криптовалюталар, фьючерстік келісімшарттар жəне құнды қағаздар саудаланады.
Қор нарығы немесе құнды қағаздар нарығы – инвесторлар, эмитенттер жəне олардың делдалдары арасындағы қарым-қатынасты білдіреді. Мұнда құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерстер) шығарылады жəне айналымға енгізіледі.
Нарықтық құнды қағаздар – белгілі бір материалдық немесе материалдық емес активтерге құқық беретін қаржы құралдары. Олар екі тарап арасындағы келісім-шарт ретінде рəсімделеді, нəтижесінде бір тарап қаржы активтерін алады, ал екіншісі белгілі бір міндеттемелерді қабылдайды.
Актив (базалық актив) – биржада саудаланатын тауарлардың жалпы атауы. Оған құнды қағаздар, шикізат жəне т.б. жатады. Сонымен қатар, активтер компанияның немесе жеке тұлғаның материалдық жəне материалдық емес меншігі ретінде қарастырылады (мысалы, бренд). Активтер үш түрге бөлінеді: капиталдық активтер (жылжымайтын мүлік жəне жабдықтар), қаржылық активтер (құнды қағаздар жəне ақшалай қаражат), материалдық емес активтер (компанияның беделі, бренд құндылығы). Компанияның материалдық жəне материалдық емес барлық активтері оның капиталын құрайды.
Компанияның міндеттемелері – бұл оның қарыздары мен өзіне алған қаржылық жауапкершіліктері.
Дериватив – бұл қаржылық келісімшарт жəне базалық активке қатысты белгілі бір əрекеттерді орындау міндеттемесі. Оның құны базалық активтің бағасына байланысты өзгереді, бірақ оған толықтай сəйкес келе бермейді.
Деривативтердің бірнеше түрлері бар:
• Фьючерстер – алдын ала белгіленген баға бойынша активті белгілі бір уақыт аралығында сатып алу немесе сату келісімі.
• Опциондар – сатып алушыға белгілі бір активті белгіленген бағада сатып алу немесе сатуға құқық беретін, бірақ міндеттемесіз келісім.
Ликвидтілік – активті тез жəне шығынсыз ақшаға айырбастау мүмкіндігі.
Нарықтық капитализация – компанияның жалпы құнын көрсететін көрсеткіш. Ол акция бағасын олардың жалпы санына көбейту арқылы есептеледі.
IPO (Initial Public Offering) – компанияның алғашқы акцияларын биржаға орналастыруы, нəтижесінде компания жеке меншіктен көпшілікке қолжетімді ұйымға айналады.Фиаттық валюталар – үкіметпен бекітілген жəне орталық банктермен басқарылатын ұлттық валюталар (мысалы, АҚШ доллары, еуро, юань).
Қор индексі (биржалық индекс) – бұл оған кіретін компаниялардың акцияларының жиынтық құнын көрсететін, олардың қозғалысын бақылауға жəне тиімділігін өлшеуге мүмкіндік беретін көрсеткіш. Индекстер белгілі бір саладағы немесе көлемі бойынша жіктелген компаниялардың акцияларын бақылауы мүмкін. Мысалы:
• Dow Jones Industrial Average индексі Нью-Йорк қор биржасында саудаланатын АҚШ-тың ең ірі 30 компаниясының акция бағалары негізінде есептеледі.
• FTSE 100 индексі Лондон қор биржасындағы ең ірі 100 компанияның акция бағаларына сүйеніп есептеледі.
Индекс оған кіретін барлық акциялардың орташа немесе салмақталған орташа бағасы ретінде есептеледі. Көп жағдайда индекстер бастапқыда 1000 базалық мəнімен белгіленіп, акция бағаларының өсуі немесе төмендеуіне қарай өзгеріп отырады.
💸 Бағалар
• Bid (сатып алу бағасы) – сатып алушы актив үшін төлеуге дайын ең жоғарғы баға.
• Ask (сату бағасы) – сатушы активті сатуға дайын ең төменгі баға.
Bid бағасы əрдайым ask бағасынан төмен болады, ал олардың арасындағы айырмашылық спред (bid-ask spread) деп аталады. Bid жəне ask көрсеткіштері трейдерлерге активтің нақты уақыттағы объективті құнын бағалауға мүмкіндік береді.
Нысаналы баға – трейдердің болашақта активті сатып алу немесе сату үшін жоспарлаған күтілетін бағасы. Бұл көрсеткіш нарыққа кіру жəне позициядан шығу стратегиясын анықтауға көмектеседі. Əдетте, нысаналы баға техникалық жəне іргелі талдау əдістері арқылы есептеледі.
Ашылу бағасы – сауда сессиясы басталған сəттегі активтің құны. Ол жабылу бағасынан (алдыңғы күнгі соңғы мəміле бағасынан) өзгеше болуы мүмкін. Осы бағалар арасындағы айырмашылық гэп (gap) деп аталады. Гэптерді талдау трейдерлерге сауда стратегияларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Волатильдік – актив бағасының өзгеру деңгейі, орташа немесе қалыпты мəннен ауытқуы.
Бұқа нарығы – актив бағасының ұзақ мерзімді тұрақты өсу кезеңі (бірнеше айдан бірнеше жылға дейін). Əдетте, бағаның алдыңғы минимумнан 20%-ға өсуі жəне алты айдан астам уақыт бойы жоғары үрдісте болуы бұқа нарығының басталу белгісі ретінде қарастырылады. Қысқа мерзімді 10%-ға дейінгі төмендеулер түзету (коррекция) деп аталады. Егер баға соңғы максимумнан 20%-ға төмендесе, бұл бұқа нарығының аяқталғанын білдіреді.
Аю нарығы – бұқа нарығына қарама-қарсы жағдай, яғни актив бағасының тұрақты төмендеу кезеңі. Егер баға алдыңғы максимумнан 20% жəне одан да көп төмендесе, бұл аю нарығының басталғанының белгісі болып саналады.
Трейдинг терминдері
Криптовалюта – бұл эмиссиясы мен айналымы тек электронды түрде жүзеге асатын виртуалды (цифрлық) ақша. Оның физикалық баламасы жоқ жəне əлемдік валюталарданайырмашылығы, мемлекет тарапынан реттелмейді. Барлық есеп-қисап пен транзакциялар автономды түрде жұмыс істейтін децентрализденген төлем жүйесінде жүргізіледі. Криптовалютамен жасалған операциялар əдетте қайтарылмайды.
Ең танымал криптовалюталар: Bitcoin, Ethereum, Monero, Litecoin.
Bitcoin пайдаланушылар арасында тəулік бойы (24/7) делдалсыз жəне комиссиясыз лездеаударым жасауға мүмкіндік береді, бірақ ол жоғары волатильді актив болып табылады. Биткоиннің жалпы саны 21 миллионмен шектелген. Қолданыстағы монеталарды криптобиржалардан сатып алуға болады, ал жаңалары майнинг арқылы өндіріледі.
Майнинг – бұл жаңа монеталарды өндіру жəне транзакцияларды өңдеу процесі. Майнерлер күрделі математикалық есептерді шешіп, олардың дұрыстығы желі тарапынан тексеріледі. Сəтті тексерілген жағдайда, майнер Proof of Work (PoW) алгоритмі негізінде сыйақы ретінде жаңа монеталар алады. Майнингке қуатты жабдық пен айтарлықтай ресурс қажет.
Блокчейн – делдалсыз криптовалюталық төлемдерді жүргізуге арналған дерекқор. Əрбір транзакция блокқа жазылады, желі арқылы расталады жəне алдыңғы блокпен бірігеді. Бұлжүйе деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Стейблкоин – бағасы нақты активке (мысалы, валюта, алтын жəне т.б.) байланған криптовалюта. Бұл оның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Стейблкоин резервтік активпен қамтамасыз етілуі керек.
Токен – нақты активке (мысалы, токенделген бағалы қағаздар), өнімге немесе қызметке (утилити-токендер) қолжетімділік беретін криптовалюта түрі. Токендерді биржада сатып алуға, сатуға, басқа криптовалюталарға айырбастауға немесе фиат ақшаға шығаруға болады.
Airdrop – алдын ала белгіленген шарттарды орындаған пайдаланушыларға тегін токен тарату. Бұл əдіс көбіне жаңа жобаларға назар аударту немесе ICO (Initial Coin Offering) – бастапқы токен орналастыру арқылы инвестиция тарту үшін қолданылады.
Трейдердің құралдары мен стратегиялары
Ордер – бұл инвестор биржаға активпен операция жүргізу үшін жіберетін өтінім (тапсырма).
Негізгі ордер түрлері:
• Нарықтық ордер – ең жақсы қолжетімді бағамен дереу орындалады.
• Күтілетін (отложенный) ордер – тек белгілі бір шарт орындалғанда іске асады.
Мысалдар:
• Stop-loss – баға белгілі бір деңгейге түскенде автоматты түрде позицияны жабу. Бұл тəуекелдерді басқару құралы ретінде қолданылады.
• Take-profit – трейдердің күткен пайдасына жеткенде позицияны жабу. Бұл пайданыбекіту үшін қолданылады.
Сауда тапсырыстары кітабы (Order Book) – бұл сатып алу жəне сату ордерлерінің тізімі, сондай-ақ соңғы мəмілелер туралы ақпарат. Ол трейдерлерге нарықтағы сұраныс пен ұсынысты бағалауға көмектеседі.
Бағаны болжау үшін қолданылатын əдістер:
• Техникалық талдау – баға графиктері, статистика жəне тарихи деректерді зерттеу арқылы қайталанатын заңдылықтарды анықтау.
• Фундаменталды талдау – компаниялардың қаржылық есептерін, сала жаңалықтарын, саяси жəне макроэкономикалық факторларды талдау.
• Бета-коэффициент – тəуекел көрсеткіші, активтің нарыққа қатысты құбылмалылығын (волатильность) өлшейді. Егер коэффициент 1-ден жоғары болса, актив жоғары тəуекелді, 1-ден төмен болса – төмен тəуекелді.
Негізгі стратегиялар:
• Лонг-позиция (Long Position) – активті сатып алып, оны кейін жоғары бағамен сату стратегиясы.
• Шорт-позиция (Short Position) – қарызға алынған активті сату, кейін арзандаған кезде қайта сатып алу стратегиясы.
Тəуекелдерді басқару əдістері:
• Диверсификация – капиталды əртүрлі активтерге бөлу арқылы тəуекелді төмендету.
• Хеджирлеу (Hedging) – шығындардан қорғану үшін байланысты нарықтарда қарама-қарсы позицияларды ашу.