April 10, 2025

3-сабақ. Криптоəмияндар

Криптовалютаны қауіпсіз сақтау – цифрлық активтер əлеміндегі ең маңызды мəселелердің бірі. Əмиянды дұрыс таңдамасаңыз, қаражатыңыз хакерлік шабуылдарға, фишингке немесе кілттерді дұрыс сақтамау салдарынан жоғалып кетуі мүмкін. Бұл мақалада криптоəмияндардың үш негізгі түрін қарастырамыз: ыстық, суық жəне кастодиандық емес əмияндар.

Ыстық криптоəмияндар

Ыстық əмиян – интернетке қосылған, қаражатқа жылдам қол жеткізуге арналған əмиян. Бұған негізінен Binance, Bybit, OKX сияқты криптобиржалар жатады. Бірақ мұндай əмияндардың бір ерекшелігі – қаражатыңызға үшінші тараптар қол жеткізе алады. Мысалы, биржаның қауіпсіздік қызметі белгілі бір себептермен шотыңызды бұғаттауы мүмкін.

Артықшылықтары:

• Ыңғайлы жəне жылдам
• Активтерді оңай басқаруға болады

Кемшіліктері:

• Хакерлік шабуыл қаупі
• Фишинг пен вирустар – зиянды бағдарламалар жеке кілттер мен парольдерді ұрлауы мүмкін

Ыстық əмиянды тек күнделікті пайдаланатын қаражатты сақтау үшін қолдану керек. Ал ұзақ мерзімді сақтауға арналған қаражат үшін сенімдірек бір балама қажет.

Суық криптоəмияндар

Суық əмиян – интернетке қосылмайтын, криптовалютаны ұзақ уақытқа қауіпсіз сақтауға арналған құрылғы. Оның басты артықшылығы – қорғаудың жоғары деңгейі. Əмиянға қол жеткізу үшін арнайы аппараттық құрылғы қажет, сондықтан сырттан бұзу немесе ұрлау мүмкін емес.

Артықшылықтары:

• Максималды қауіпсіздік
• Вирустардан жəне хакерлік шабуылдардан қорғалған
• Ірі сомаларды ұзақ мерзімге сақтауға ең жақсы нұсқа

Кемшіліктері:

• Қаражатқа қол жеткізу үшін көбірек уақыт қажет

Суық əмиян – криптоинвестор немесе трейдер үшін міндетті құрал. Егер сізде ұзақ мерзімді активтер болса, оларды суық əмиянда сақтау – ең қауіпсіз əдіс.

Ұсынылатын суық əмияндар:

• SafePal
• Trezor

Ұсынылмайтын нұсқа:

• Ledger

Кастодиандық емес əмияндар

Кастодиандық емес əмиян – ыстық жəне суық əмияндардың арасындағы алтын орта. Мұнда қаражатыңызға тек сіз қол жеткізе аласыз, яғни ешқандай биржа немесе компания шотыңызды бұғаттай алмайды. Бірақ бұл физикалық құрылғы емес, сондықтан оны ыстық əмиянмен бірге қолдану ұсынылады. Күнделікті саудаға ыстық əмиян пайдаланылады, ал қолданылмай тұрған қаражат кастодиандық емес əмиянға аударылады

Артықшылықтары:

• Қаражатқа толық бақылау – ешкім бұғаттай алмайды
• Қауіпсіздік – сервис жұмысын тоқтатса да, seed-фраза арқылы əмиянды қалпына келтіруге болады
• Ыңғайлы балама

Кемшіліктері:

• Жеке кілттерді сақтау жауапкершілігі – seed-фразаны жоғалтсаңыз, қаражатыңызды да жоғалтасыз • Фишинг жəне хакерлік шабуыл қаупі – егер seed-фраза бөтен адамның қолына түссе, ол əмиянды толық бақылауына алады

Ұсынылатын кастодиандық емес əмияндар:

• Trust
• Exodus
• MetaMask

Қай криптоəмиянды таңдау керек?

• Белсенді сауда үшін – ыстық əмиян
• Ұзақ мерзімді сақтау үшін – суық əмиян
• Қысқа мерзімді сақтау үшін – кастодиандық емес əмиян
• Бірнеше əмиянды бірге қолдану.