4-сабақ. Криптовалюта биржалары
Криптовалюта нарығында сауда жасау үшін екі негізгі биржа түрі бар: CEX – орталықтандырылған биржалар, DEX – орталықтандырылмаған биржалар
CEX – орталықтандырылған биржалар
CEX – бұл Binance, Bybit, OKX сияқты платформалар, оларда бірыңғай басқару орталығы, əкімшілік жəне өз ережелері бар. Мұндай биржаларда пайдаланушылар жеке аккаунт ашып, KYC рəсімінен өтеді.
• Жоғары ликвидтілік – ордерлер тез орындалады
• Қолайлы интерфейс – сауда құралдарының кең таңдауы
• Қолдау қызметі – техникалық көмек пен пайдаланушыларды қорғау
• Орталықтандырылған басқару – биржа шотыңызды бұғаттауы мүмкін
• Қаражатты биржа сақтайды – хакерлік шабуыл қаупі бар
• Верификация міндетті – анонимді түрде сауда жасау мүмкін емес
DEX деген не?
DEX – бұл Uniswap, PancakeSwap сияқты смарт-келісімшарттар негізінде жұмыс істейтін платформалар. Мұнда басқарушы орталық жоқ, ал сауда тікелей пайдаланушылар арасында өтеді.
• Толық анонимдік – KYC қажет емес
• Қаражат тек сіздің əмияныңызда – биржа оларды сақтамайды
• Интерфейс жаңадан бастаушыларға күрделі болуы мүмкін
• CEX-пен салыстырғанда төмен ликвидтілік
• Қателіктерді түзету мүмкін емес – транзакция қайтарылмайды
Қазіргі уақытта ең оңтайлы нұсқа – Bybit биржасы, ол көп адамдарға қолдануға ыңғайлы.