Сабақ 1. Кіріспе
Бүгін біз нарықтың негізгі құрылымдық элементтерін қарастырып, шынайы баға қозғалысын анықтауды жəне маңызды деңгейлерді тануды үйренеміз.
Графикте swing high/low қалай анықтауға болады?
Swing high/low – бұл графиктегі маңызды бағалық нүктелерді анықтауға көмектесетін құрылымдық элементтер.
Свинг – үш немесе бес шамнан (свеча) тұратын баға формациясы. Келешекте swing high/low анықтау дағдысы көптеген күрделі тақырыптарды түсінуге қажет болады.
3 шамдық (үш шамнан тұратын) свинг
Бұқа трендіндегі мысалда бізді ең алдымен орталық шам қызықтырады: — Оның максимумы сол жəне оң жағындағы шамдардың максимумынан жоғары болуы керек.
• Аю трендіндегі мысалда бізді орталық шам қызықтырады, оның минимумы міндетті түрде сол жəне оң жағындағы шамдардың минимумынан төмен болуы керек.
Графиктен свингті қалай анықтауға болады?
1. TradingView платформасын ашыңыз.
2. Кез келген активтің, мысалы BTC графигін таңдаңыз.
3. Қажетті таймфреймді белгілеңіз.
4. Графиктегі маңызды максимумдар мен минимумдарды табуға тырысыңыз.
5. Графикті парақтап, құрылымдық элементтерді үнемі іздеңіз.
6. Уақыт өте келе оларды бірден көре бастайсыз, тіпті графикті ашқан сəтте-ақ анықтай аласыз.
5 шамды свинг 5 шамды свинг – 3 шамды свингке қарағанда маңыздырақ, бірақ оларды бірге қолдану керек.
5 шамды свинг қалай көрінеді?
Бұқа трендіндегі мысалда бізді орталық шам қызықтырады. Оның максимумы екі жағындағы екі шамның максимумдарынан жоғары болуы керек (пирамида тəрізді формация түзіледі).
- Аю трендіндегі мысалда да дəл сондай қағида қолданылады. Бізді орталық шамның минимумы қызықтырады. Ол екі жағындағы екі шамның минимумдарынан төмен болуы керек.
Свинги ликвидтіліктің шоғырлану деңгейлері ретінде қызмет етеді. Бұл тақырыпты біз келесі əдістемелік материалдарда толығырақ қарастырамыз.
Нарық құрылымы
Нарық құрылымы – трейдер қандай стратегия қолданса да, міндетті түрде меңгеруі тиіс ең маңызды тақырыптардың бірі.
Құрылым дегеніміз не?
Ең алдымен, бұл – нарықтың шынайы бағыты. Белгілі бір таймфреймнің құрылымын анықтай отырып, біз баға қалыптасуының əрі қарайғы қозғалысына қатысты болжам жасай аламыз.
Құрылым түрлері
Өсуші құрылым
Бұл – максимумдар мен минимумдардың біртіндеп жоғары көтерілуі. Яғни, əрбір swing high алдыңғысынан жоғары болуға тиіс, дəл сол сияқты swing low да алдыңғысынан жоғары орналасады. Əрбір жаңа максимум мен əрбір жаңа минимум алдыңғы деңгейден жоғары болуы шарт.
Өсуші структураның жалпы көрінісі шамамен мынадай:
Құрылым сonfirm-і немесе бағаның шынайы қозғалысын оның қалыптасу кезеңінде қалай анықтауға болады?
Лонг үшін өсуші құрылымды растау (confirm):
Құрылымның бұзылмауын қадағалаңыз, яғни минимум алдыңғы деңгейден төмен түспеуі керек.
Кестеде өсуші құрылымның үлгісі:
Жоғарыдан төмен қарай төмендейтін минимумдар мен максимумдардың тізбегі. Əр келесі өсу нүктесі (Lower High) алдыңғыдан төмен болуы керек, дəл сол сияқты əр келесі төмендеу нүктесі (Lower Low) алдыңғыдан төмен болуы шарт.
Нисходящий трендтің жалпы көрінісі шамамен мынадай:
Актив бағасының төмендеуінің басталуын қалай анықтауға болады? Шорт позиция үшін төмендейтін нарықтық құрылымды растау мысалы:
Сондай-ақ, бір максимум алдыңғысын жаңартпағанына көз жеткізіңіз (құрылымның бұзылуын келесі нұсқаулықтарда толығырақ қарастырамыз).
Төмендейтін нарықтық құрылымның мысалдары:
Баға белгілі бір диапазонда дамымай, тек белгіленген шектер арасында консолидацияланатын құрылым.
Бүйірлік құрылымдағы сауда стратегияларын кейінірек толығырақ қарастырамыз, ал жалпы көрінісі келесідей:
Ең маңызды ережелердің бірі – трендке қарсы жұмыс істемеу. Егер нарықта жоғары бағытталған қозғалыс байқалса, онда ұзақ позицияларды (лонг) қарастыру қажет.
Жоғары таймфреймдегі нарықтық құрылым төменгі таймфреймдегі құрылымға қарағанда басымдыққа ие болады.
Нарық неге қозғалады?
Бағаның жеткізілу алгоритмі бар, дəл осы алгоритм графикте техникалық талдау фигураларын қалыптастырады, бағаның қозғалысын баяулатып немесе жылдамдата отырып, бүйірлік диапазондарды құрайды. Бұл алгоритмнің басты мақсаты – өтімділікті қалыптастыру жəне оны алу. Бүгін біз өтімділіктің не екенін жəне оны графиктен қалай анықтауға болатынын қарастырамыз.
Өтімділік – бұл бөлшек трейдерлердің ордерлері, олар банктерге өз позицияларының көлемін орындау үшін аса қажет.
Өтімділік қалай қалыптасады?
Бөлшек трейдерлер əртүрлі əдебиеттердің, видео материалдардың жəне біліктілігі төмен блогерлердің ықпалымен шынайы баға қалыптасу процесі туралы қате түсінік қалыптастырады. Төмендегі мысалдан көлбеу сызықтар мен олардың жанасу нүктелерінен кіру модельдерін көруге болады:
Мұндай жағдай қайта-қайта қайталана береді, жəне сіз көлбеу сызықтарды, үшбұрыштарды немесе «бас пен иықтар» фигурасын саудаласаңыз да, айырмашылығы жоқ. Көпшілік жіберетін қателіктерден арылу үшін ең алдымен, əрбір максимум мен минимумның артында өтімділік жиналатынын түсіну қажет.
Үлгілер кестеде көрсетілген:
Ашық ең жоғары баға (хай), оның артында шорт-позиция ашқан трейдерлер стоп-лосс қояды.
Ашық ең төменгі баға (лой), оның артында лонг-позиция ашқан трейдерлер стоп-лосс қояды.
Бірдей жоғары баға деңгейлері (хайлар), олардың артында шорт-позиция ашқан трейдерлердің көп мөлшерде стоп-лосс ордерлері жиналады. Себебі, жеке трейдерлер үшін мұндай деңгей қарсылық ретінде қабылданады жəне олар осы жерден шорт ашуды жоспарлайды. Идеалды əртүрлі максимумдар мен минимумдарды іздеудің қажеті жоқ – мұндай жағдайлар сирек кездеседі.
Тағы бір жиі кездесетін қателік – осындай максимумдарды бірдей (тең) деңгей ретінде қабылдау.
Максимумдар шамамен тең көрінуі мүмкін, бірақ алғашқы төмендейтін импульсте шорт ашқан трейдерлер өздерінің стоп-лосс ордерлерін дəл бірінші хайдың артына орналастырған. Ал екінші свеча олардың позицияларын минусқа жауып немесе жойып жібереді.
Мұндай хайды жаңарту – бұл ликвидтілікті алу процесі, жəне біз бұл ұғыммен жақын арада толығырақ танысамыз.
Бірдей минимумдар – лонг позицияларын ашқан трейдерлердің стоп-лостары көп шоғырланған аймақ.
Алдыңғы күннің максимумы мен минимумы.
Алдыңғы күннің минимумы мен максимумы бөлшек трейдерлер үшін маңызды деңгейлер болып табылады, сондықтан бұл свингтердің артында айтарлықтай мөлшерде өтімділік жиналады. Осы свингтерге ерекше назар аударыңыз.
Previous Month High/Low (PMH/L)
Алдыңғы айдың максимумы мен минимумы
PDH/L сияқты, алдыңғы айдың максимумы мен минимумы да бөлшек трейдерлер үшін маңызды деңгейлер болып табылады, олардың артында көп мөлшерде стоп-лосс жинақталуы мүмкін.
Previous Week High/Low (PWH/L) Алдыңғы аптаның максимумы мен минимумы
PDH/L жəне PMH/L деңгейлеріне ұқсас, алдыңғы аптаның максимумы мен минимумы да бөлшек трейдерлер үшін маңызды деңгейлердің бірі, олардың артында үлкен көлемде стоп-лосс ордерлері жинақталуы мүмкін.
Баға өткен аптаның максимумымен қалай əрекет еткеніне назар аударыңыз.