May 13, 2025

Буллран-да 5 есе өсім беруі мүмкін ТОП-5 актив

Кіріспе

Криптовалюта нарығы әрдайым толқып тұрады және белгілі бір циклмен қозғалады. Әрбір құлдырау кезеңінен кейін міндетті түрде өсім кезеңі — буллран келеді. Осы өсімге дайындықты ертерек бастап, дұрыс активтерді таңдай білу маңызды.

Бұл мақалада алдағы буллран кезінде өсуі мүмкін 5 перспективті криптоактив туралы айтылады. Бұл жобалар мықты технологиялық негізге ие, нақты пайда әкеледі және үлкен даму әлеуетіне ие. Олар былтырғы күрделі жағдайларға шыдап қана қоймай, нарықтағы орнын одан сайын нығайтты.

1. SUI (Sui Network)

Негізгі сипаттамасы (Фундаментал):

SUI — бұл Meta компаниясының бұрынғы инженерлері әзірлеген, жаңа буынға арналған жоғары өнімді бірінші деңгейлі (L1) блокчейн желісі.
Жоба Move деп аталатын арнайы бағдарламалау тілін қолданады — бұл смарт-келісімшарттардың қауіпсіздігін және ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Sui-дің басты артықшылығы — транзакцияларды параллель орындау мүмкіндігі. Бұл технология желінің жылдам әрі қуатты жұмыс істеуіне жол ашады және оны нарықтағы ең озық блокчейндердің біріне айналдырады.

Серіктестік пен экожүйе:

Жобаны a16z, Binance Labs, Jump, Electric Capital сияқты жетекші венчурлік қорлар қолдайды.
Қазіргі таңда экожүйеде 200-ден астам қосымша (dApps) жұмыс істейді: децентрализденген биржалар, NFT алаңдар, GameFi және DeFi платформалар.
Жоба белсенді түрде жаңартылып, жаңа тестнеттер іске қосылуда. Сонымен қатар, DePIN (децентрализденген инфрақұрылым желілері) секторы да қарқынды дамып келеді.

Токеномика:

Жалпы ұсыныс көлемі — 10 миллиард SUI.
Қазіргі айналымда — шамамен 33%. Қалған бөлігі инвесторлар, командалар, қорлар және экожүйелік бастамалар арасында бөлінген.
SUI токені желі ішіндегі операциялық төлемдерге, стейкингке және желінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қолданылады.

Қолдану аясы:

Sui желісі Web3 қосымшаларында, ойын индустриясында және DeFi секторында кеңінен қолданылуда.
Желінің төмен комиссиясы мен жоғары жылдамдығы оны жеке қолданушыларға да, ірі институционалдық жобаларға да ыңғайлы етеді.

SUI-ге техникалық көзқарас: тренд, құрылымы және өсу әлеуеті

SUI биржаға шыққаннан бері 700 күннен астам уақыт өтті. Осы кезең ішінде бұл актив өзін нарықтағы тұрақты және сенімді жоба ретінде көрсетті.
Монета қазір тұрақты өсім бағытымен (восходящий тренд) саудаланып жатыр — барлық уақыт аралығында (таймфреймдерде) максимумдар мен минимумдардың дәйекті түрде жоғарылауы байқалады.
Бұл тенденция сатып алушылардың нарықтағы басымдығын және институционалдық инвесторлардың қызығушылығын айқын көрсетеді.

Айлық таймфрейм (Monthly):

Айлық графикте баға дискаунт аймағына келіп тоқтағаны байқалады — бұл Фибоначчи деңгейіндегі 0,705 белгісі.
Дәл осы деңгейден жоғарыға қарай бағаның реакциясы басталды. Бұл реакция — ірі инвесторлардың осы аймаққа назар аударып отырғанының айғағы.
Бұдан SUI үшін қолдау аймағының айқын қалыптасқанын көруге болады, яғни өсу әлеуеті әлі де бар.

Апталық график (Weekly):

Апталық таймфреймде біз төменгі бағыттағы құрылымның бұзылғанын байқаймыз — негізгі деңгей $2.83 айқын импульспен тесілді.
Бұл — нарықтағы тенденцияның өзгергенін және аю фазасының аяқталғанын білдіреді.

Қазіргі таңда баға 1 апталық FVG (Fair Value Gap) аймағына қайтып келді. Дәл осы жерден бағаның реакциясын күтуге болады, соның нәтижесінде бұрылыс моделі қалыптасуы ықтимал.

Құрылым бұзылғаннан кейін баға 1W FVG аймағын тестіледі. Бұл тесттен кейін жоғары қарай қуатты импульс байқалды.
Егер баға қозғалысы қазіргі қарқынын сақтап, маңызды деңгейлерден оң реакция беруді жалғастырса, алдағы кезеңде келесі мақсаттар өзекті болмақ:

  • $10
  • $15
  • $20

Аталған баға деңгейлеріне жету — буллран кезеңінде және SUI экожүйесіне ликвидтіліктің белсенді ағылуы жағдайында толық мүмкін.
Әсіресе, DePIN бағыты мен бірінші деңгейлі (L1) блокчейндер секторындағы белсенділіктің артуы — бұл өсімді одан әрі қолдай түседі.
Осы салаларда SUI қазірдің өзінде маңызды рөл атқарып, негізгі ойыншылардың біріне айналып отыр.

2. LINK (Chainlink)

Фундаментал:
Chainlink — бұл блокчейндерді сыртқы мәліметтермен (мысалы, баға көрсеткіштері, спорттық деректер, API, резервтік мәндер және т.б.) байланыстыратын негізгі оракл-провайдер. Егер ораклдар болмаса, смарт-келісімшарттар сыртқы әлеммен байланыссыз, тұйық жүйе болып қалар еді. Chainlink бұл мәселені бірнеше жылдан бері шешіп келеді және саланың алтын стандарты болып саналады.

Серіктестері:
Жоба Google Cloud, SWIFT, Coinbase сияқты ірі ұйымдармен серіктес. Сонымен қатар Ethereum, BNB Chain, Polygon, Avalanche сынды танымал блокчейндермен интеграция жасалған. DeFi саласындағы AAVE, Compound, Synthetix, GMX сияқты ірі жобалар Chainlink қызметін пайдаланады.

Токеномикасы:

LINK токендерінің жалпы саны — 1 миллиард. Қазіргі кезде айналымда шамамен 657 миллион LINK бар. Бұл токен оракл қызметтері үшін ақы төлеуге, желінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және нода операторларын ынталандыруға қолданылады. 2023 жылы іске қосылған Staking 2.0 нұсқасы токеннің дефляциялық сипатын арттырды, яғни токен азайып, құны артуы мүмкін.

Қолдану ауқымы:
LINK токені — тұрақты жұмыс істейтін DeFi қосымшалар үшін маңызды құрал. Chainlink жобасы сонымен қатар CCIP деп аталатын — әртүрлі блокчейндерді байланыстыратын жаңа стандартты дамытып жатыр. Бұл — блокчейндер арасындағы өзара әрекеттесу жүйесі, яғни «блокчейндердің интернеті».

LINK бойынша техникалық шолу: тренд, құрылым және өсу мүмкіндігі

Көптеген альткоиндар соңғы жылдары 90%-ға дейін құлдыраса, LINK керісінше, тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2021 жылдан бері оның бағасы өсу трендін сақтап тұр. Бұл Chainlink технологиясының мықтылығын және институционал инвесторлардың сенімін көрсетеді.

LINK шамамен 500 күн бойы баға бойынша тар диапазонда қалып, осы уақытта нарықта үлкен ликвидтілік жиналды. Бұл кезеңнен кейін баға $8-ден $32-ге дейін күрт өсті — бұл жергілікті бағадан 4 есе жоғары көрсеткіш.

Осыдан кейін баға $10 шамасына тұрақталды — бұл қайтадан позиция жинау аймағы болды.

LINK — нақты қолданылуы бар, криптонарықтағы ең беделді жобалардың бірі. Ол 2021 жылдан бері тұрақты өсіп келеді, ал басқа жобалар 90%-ға дейін құлдыраған. 500 күн бойы жинақталған ликвидтіліктен кейін баға $8-ден $32-ге дейін көтерілді. Бұл — x4 өсу. Қазір біз жаңа өсу толқынының басталуын байқап отырмыз, ол бағаны $53 және одан жоғары деңгейге дейін көтеруі мүмкін.

Апталық графикте құрылымның бұзылғаны (Break of Structure — BOS) анық байқалды — нарық алдыңғы хаи (ең жоғары нүкте) деңгейінен жоғары серпіліп, өсу бағытына күшті импульс көрсетті. Бұл жағдай нарықтағы бағыттың өсу жағына (bullish сценарий) өзгергенін білдіреді. Яғни, LINK бұрынғы тоқырау кезеңінен шығып, енді нақты өсу трендіне өтті деген сөз.

Қазіргі динамика жаңа өсу толқынының басталғанын көрсетіп отыр. Бұл толқын келесі нәтижелерге әкелуі мүмкін:

  • Бұрынғы бағалық максимумды жаңарту
  • LINK бағасының $53 және одан жоғары деңгейлерге жетуі

3. HYPE (Hype Token)

Hyperliquid — бұл децентрализатцияланған биржа (DEX), ол негізінен мерзімі шектеусіз фьючерстермен сауда жасауға маманданған. Көптеген бәсекелестерден айырмашылығы, Hyperliquid өз блокчейн желісінде жұмыс істейді. Бұл шешім жоғары өнімділікті және төмен кідірісті қамтамасыз етеді, сол арқылы трейдерлерге орталықтандырылған биржаларға ұқсас сауда тәжірибесін ұсынып, децентрализация артықшылықтарын сақтайды.

Технологиялық ерекшеліктері
-HyperEVM — Ethereum Virtual Machine (EVM) жүйесімен толық үйлесімді өзінің жеке орындау ортасы. Бұл dApps қосымшаларын құру мен орналастыруды жеңілдетеді.
-HyperBFT — Proof-of-Stake моделіне негізделген бірегей консенсус алгоритмі. Ол жоғары өткізу қабілеті мен жылдам транзакция растауын қамтамасыз етеді.
-Толығымен ончейн ордербуктер — Көптеген DEX платформаларынан айырмашылығы, Hyperliquid сауда тапсырыстарының толық кітапшасын блокчейнде сақтайды. Бұл ашықтық пен сенімділікті арттырады.
-Көп активті қолдау — Платформада BTC, ETH, SOL, SUI және тағы басқа криптовалюталармен сауда жасауға болады.

HYPE токеномикасы
- Жалпы ұсыныс — 1 миллиард HYPE токені.
- Қалай үлестіріледі:

  • 31% — балл жинау бағдарламасына қатысқан пайдаланушыларға аирдроп арқылы.
  • 38.88% — болашақ эмиссиялар мен қауымдастықты марапаттауға.
  • 23.8% — жоба командасына және болашақ қатысушыларға (1 жылдық блокировкамен).
  • 6% — Hyper Foundation қоры арқылы жобаны дамытуға.
  • 0.3% — қауымдастық жобаларына арналған гранттар.
  • 0.012% — Hyperliquidity протоколына.

Қолданылуы:

  • Платформада транзакциялық комиссияны төлеу үшін
  • HyperBFT консенсусы бойынша стейкингке қатысу үшін
  • Протоколды басқаруға дауыс беру арқылы қатысу үшін

HYPE техникалық көрінісі мен өсу әлеуеті
2024 жылдың қараша айының соңында іске қосылған сәттен бастап HYPE токені тұрақтылық пен күш көрсетіп келеді. Баға төмендеген сайын оны белсенді түрде сатып алу байқалады, бұл сатып алушылардың жоғары қызығушылығын және бұқалық қолдауды білдіреді.

Апталық графикте түзету тренді бұзылып, жинақтау кезеңінен кейін баға күрт өсіп, жаңа өсу импульсі қалыптасты. HYPE маңызды қолдау деңгейлерін сенімді түрде ұстап тұр және DEX секторының ішіндегі ең мықты трендтердің бірін көрсетіп отыр.

Қосымша дәлел — HYPE токенінің нарықтық капитализациясы $8 миллиардтан асты. Бұл оны децентрализатцияланған биржалар арасындағы ірі жобалардың біріне айналдырады. Бұл жай ғана кезекті альткоин емес — бұл деривативтік платформалардың жаңа буын көшбасшысы.

Болашақ баға мақсаттары (бұқа нарығы аясында):

  • $45 — ағымдағы импульстің кеңею деңгейі
  • $50 — психологиялық кедергі аймағы
  • $100+ — Hyperliquid экожүйесі тұрақты дамыған жағдайда ұзақ мерзімді мақсат

4. SOL (Solana)

Жоба туралы

Solana — бұл жоғары өнімділікке ие бірінші деңгейлі (L1) блокчейн желісі, ол Web3 қосымшаларын кең көлемде қолдануға арналған. Proof of History (PoH) деп аталатын ерекше консенсус алгоритмінің арқасында Solana келесі артықшылықтарды ұсынады:

  • Жылдамдық: секундына 65 000-нан астам транзакция өңдей алады
  • Комиссия: бір транзакция үшін $0.01-ден төмен
  • Тұрақтылық: 2024 жылы жүргізілген техникалық жаңартулардан кейін жүйенің жұмыс істеу уақыты (uptime) едәуір артты

Solana жобасы бастапқыда «блокчейн саласындағы Apple» болуды мақсат еткен — яғни, қарапайым қолданушыға түсінікті, жылдам және тұрақты жүйе құру.

Solana нақты өмірде қалай қолданылады

Делдалсыз қаржылық қызметтер.
Solana желісіндегі Jupiter, MarginFi, Drift және Kamino секілді DeFi-платформалар пайдаланушыларға токендермен алмасуға, криптовалютаны қарызға алуға немесе беруге, деривативтермен сауда жасауға және пассивті табыс табуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі — жылдам, төмен комиссиямен және банктерсіз жүзеге асады.

NFT және цифрлық активтер.
Compressed NFT технологиясы арқасында Solana желісінде миллиондаған NFT шығарылады. Magic Eden мен Tensor маркетплейстері NFT индустриясының негізгі орталықтарына айналды. Solana Saga смартфоны арқылы NFT-ні тікелей мобильді құрылғыдан минттеуге болады. Бұл функция ойындарда, Web3 қауымдастықтарында және сәндік брендтердің цифрлық коллекцияларында кеңінен қолданылады.

Инфрақұрылым ретінде Solana.
Wormhole (блокчейндер арасындағы көпір), Pyth (нарықтық баға мәліметтері), және Solana Pay (Shopify платформасында крипто арқылы төлем жасау) сияқты қызметтер — көптеген басқа қосымшалардың негізін құрайтын инфрақұрылым. Бұл тұрғыдан Solana — крипто әлемінің интернеті іспетті.

Контент және әлеуметтік платформалар.
Audius — музыкалық индустрияны өзгертуде, TipLink — токендерді сілтеме арқылы жіберуге мүмкіндік береді, ал Dialect пен Access Protocol — цензурасыз мессенджерлер мен жазылым сервистері. Мұның барлығы делдалсыз жұмыс істейді және Web3 байланысының жаңа үлгісін қалыптастырады.

Ойындар мен метаәлем бағытында қолдану.
Star Atlas және Genopets сияқты жобалар блокчейннің тек қаржыда ғана емес, сонымен қатар геймификация, мотивация және нақты экономикасы бар виртуалды әлемдерді құруда да қолданылатынын дәлелдеп отыр.

Серіктестіктер мен экожүйе

  • Jump, a16z, Circle және Shopify секілді ірі компаниялардың қолдауы
  • Helium Mobile — Solana желісінде құрылған децентрализатталған мобильді байланыс жүйесі
  • USDC стейблкойны Solana желісінде нативті түрде жұмыс істейді
  • Visa Solana-ны өзінің блокчейндік on-chain стратегиясына енгізді
  • Solana Pay Shopify платформасында төлем карталарына балама ретінде пайдаланылады
  • Solana — Web2 бизнесімен ауқымды деңгейде интеграцияға қол жеткізген алғашқы L1-блокчейн

Токеномика

  • Айналымдағы көлемі: шамамен 520 миллион SOL
  • Қолдану салалары:
    • Транзакция комиссияларын төлеу
    • Стейкинг арқылы желі қауіпсіздігіне қатысу
    • DEX платформалары, токендер және NFT жобалары сияқты бүкіл экожүйенің іргетасы ретінде қызмет ету

SOL токенінің техникалық көрінісі және өсу әлеуеті

Solana — криптовалюта индустриясындағы ең жарқын әрі тұрақты жобалардың бірі. 2021 жылғы бұқа нарығы, жоба феноменалды өсім көрсетті: небәрі бірнеше ай ішінде бағасы $1.7-ден $260-қа дейін көтерілді. Бұл серпіліс Solana-ны блокчейн-желілер арасында алдыңғы қатарға шығарды.

Алайда бұл әсерлі өсімнен кейін дертті аю нарығы басталды, ол шамамен екі жылға созылды. Бұл кезеңде баға $7-ге дейін құлдырап, көптеген адамдар жобадан үмітін үзді. Соған қарамастан, Solana командасы берілмей, экожүйені дамытуды, инфрақұрылымды жетілдіруді және әзірлеушілерге қолдау көрсетуді жалғастырды.

Нәтижесінде, бір жылға созылған консолидациядан кейін Solana жаңа параболалық өсім фазасын бастады. Жоба тарихи максимумын жаңартып, монета бағасы $300-ге дейін жетті.

Ағымдағы нарықтық жағдай

Қазіргі кезде біз айтарлықтай өсімнен кейінгі қалыпты түзетуді байқаудамыз.
$100–150 аралығындағы баға диапазоны — ұзақ мерзімді инвестициялық портфель қалыптастыру үшін өте қолайлы аймақ.
Апталық графиктен бағаның $110 шамасындағы өтімділік деңгейін дәл игеріп жатқаны көрінеді, бұл — ірі инвесторлардың нарыққа белсенді қызығушылық танытып отырғанын білдіреді.

Келесі бұқалық циклдегі баға мақсаты — $600+

Solana жобасының негізгі технологиялық әлеуетін, экожүйесінің үдемелі дамуын және әзірлеушілер белсенділігін ескере отырып, бұл желінің криптовалюта нарығындағы алдыңғы қатарлы Layer 1 (бірінші деңгейлі) блокчейнге айналу мүмкіндігі өте жоғары.


NEAR Protocol — ауқымды қолдануға бейімделген, пайдаланушыға ыңғайлы интерфейс (UX) және жасанды интеллектке (AI) бағытталған Layer 1 желісі.

NEAR Protocol — бұл Nightshade шардтау архитектурасына негізделген децентрализатталған бірінші деңгейлі (L1) платформа, ол масштабталуды жылдамдық пен қауіпсіздікке зиян келтірмей қамтамасыз етеді.

NEAR-дың негізгі мақсаты — блокчейнді жаппай пайдаланушыларға қолжетімді ету. Қарапайым әмияндар, электрондық пошта арқылы кіру, тұрақты комиссиялар мен ыңғайлы UX — осының барлығы NEAR-ды нақты секторға бағытталған желілердің бірі етеді.

Қолданылуы мен нақты пайдасы

  • AI-интеграция: 2024–2025 жылдары NEAR блокчейн мен жасанды интеллектті біріктіруге басымдық беруде. Осы мақсатта NEAR.ai платформасы іске қосылып, AI жобаларына арналған 100 млн долларлық қор құрылды.
  • DeFi: Ref Finance, Orderly, Burrow
  • Әлеуметтік желілер мен контент: Octopus, Nativo, Near Social
  • Ойындар мен метаәлем: Sweat Economy, Aurora

NEAR — бұл жасанды интеллект өнімдері, әлеуметтік платформалар, креативті индустрия және DeFi жобалары үшін бірдей тиімді L1-блокчейн.

Серіктестіктер мен танылуы

  • Open Web Alliance альянсында белсенді қатысу
  • Polygon, Google Cloud, Alibaba Cloud компанияларымен серіктестік
  • a16z, Dragonfly, Pantera сынды ірі инвесторлардан қолдау
  • Aurora арқылы Ethereum-мен стратегиялық әріптестік — бұл толыққанды EVM-қабат

Токеномика

  • Жалпы ұсыныс: 1,21 миллиард NEAR
  • Қолдану бағыттары:
    – Желі ішіндегі газ төлемдері
    – Стейкинг және желі қауіпсіздігі
    – Дауыс беру және DAO басқару

Неліктен буллранға дейін сақтау қажет?

  • UX (пайдаланушы тәжірибесі) тұрғысынан ең технологиялық дамыған және ыңғайлы блокчейндердің бірі
  • Жасанды интеллект пен AI-инфрақұрылымға нақты басымдық берілген
  • Стейкинг, DAO, DeFi және NFT бағыттарының барлығы қамтылған
  • Күшті серіктестер мен қор тарапынан тұрақты қолдау
  • Келесі өсім циклі кезінде NEAR — AI-стартаптар үшін тартылыс орталығына айналуы мүмкін

NEAR-ға техникалық шолу: тренд, құрылым және өсу әлеуеті

Токен листингтен кейін әсерлі өсім көрсетті — бастапқы ең төменгі деңгейден бастап x3 өсімге жетті. Бұған дейін де NEAR бірнеше рет параболалық серпіліс жасап, небәрі бірнеше апта ішінде $1-ден $9-ға дейін көтерілген болатын.

Апталық графиктегі техникалық көрініс бұл үрдісті айқын көрсетеді:

  • Трендтің өзгеруінің нақты белгілері байқалады
  • Бұқалар нарықты сенімді түрде бақылап, аюларды ығыстырады
  • Өсімді қолдайтын сауда көлемі бар, ал консолидация аймағы келесі өсу толқынының алдында капитал жинау фазасын көрсетеді

$1.5–2.0 диапазоны — позиция жинауға арналған оңтайлы аймақ

Бұл — нарық жаңа өсу импульсі басталмай тұрып, қолайлы бағамен кіруге мүмкіндік беретін кезең.

Баға қозғалысындағы мақсаттар:

$8, $10 және $12
Егер тарих тағы қайталанса, 5 есе және одан да көп өсу әлеуеті әлі де шынайы сценарий болып қала береді.