StudInvest|Nazar. 1-Сабақ. 📌 Жалпы "Акция" саласымен, терминімен таныстық.📈
"Акция"-деген не, жалпылама түсінік
Жалпы алып келгенде "Акция" дейтін ұғым сіздің қолыңыздағы компанияның жеке меншік үлесіңізді растайтын - құнды қағаз. Акцияның сізге тиетін пайдасы (әрине егер сіз оны дұрыс қолдана алсаңыз!).
- Ақшаңыздың құнсыздануыдан жақсы қорғаныс.
- Депозитке қарағанда жоғары ставка (процент).
- Дивиденттермен пассивті табыс табуға болатын жақсы мүмкіндік.
"Биржа"- бұл жер акциямен айналысқыңыз келсе ең керекті жер, осы жерден сіз акцияларды алатын боласыз.
Бұл жерде негізі тек акция емес тағыда басқа бағалы қағаздар, облигация дейтін құралдарды сататын нарык, қысқаша айтқанда бұл жер базар болып саналады, акиця, облигация сатып алатын. Негізі нарықтар көп, қазір соның негізгілерімен сіздерді таныстырып кетейін.
1) New York Stock Exchange (NYSE) — АҚШ
2) National Association of Securities Dealers Automated Quotation (NASDAQ) — АҚШ
3) Japan Exchange Group (JPX) — ЖАПОН
4) Shanghai Stock Exchange (SSE) — Қытай
5)The Kazakhstan Stock Exchange (KASE)-Қазақстан
Бұл жерде мен сізге үлкен биржаларды көрсеттім , мына соңғы тұрған өзіміздің KASE дейтін биржа , бұл жерде өзіміздің күндегі көріп жүрген алпауыт компаниялармыз бар; Halyk bank,Kaspi,Freedom,KAZATOMPROM-дегендей.
Айта кетейін, бұл жерде сіз тікелей акция сатып ала алмайсыз ол үшін сізге "БРОКЕР" керек, брокер жайлы келесі сабақта айтамын,оған дейін каналға тіркеліп каналды бақылап отсаң болады.