Нұсқауыштар, сілтемелер
1. strstr(str1,str2) функциясы 2-ші көрсетілген жолды 1-ші жолдың ішінен іздейді.
2. strset(str,ch) функциясы берілген қатардағы барлық символдарды көрсетілген символға (char ch) ауыстырады.
3. strtod(str1,str2) функциясы берілген қатарды double типті санға ауыстырады.
4. strchr(str,c) функциясы берілген қатардағы коды көрсетілген символдың позициясын анықтайды.
5. strrev(str) функциясы берілген қатардың барлық символдарын керісінше бейнелейді.
6. strpbrk(str1,str2) функциясы 2-ші қатардың кез келген символын 1-ші қатардан іздейді
Осы функцияларды пайдаланып бағдарлама құру
Мысал 1. Автор туралы мәліметтің дұрыс дұрыс еместігін анықтау.
#include <conio.h> #include <stdio.h> #include <string.h> #define NAME "Ритчи" main () { char f[20]; puts("С тілінің авторы кім:"); gets(f); while(strcmp(f,NAME)!=0) {puts("басқа кім болуы мүмкін:"); gets(f); } ("Жауап дұрыс!"); getch(); }
Мысал 2.strcpy(str1,str2) функциясы сөз тіркесінің көшірмесін алу үшін қолданылады, мұнда str2 айнымалысындағы сөз тіркесі str1 айнымалысына көшіріледі.
#include <conio.h> #include <stdio.h> #include <string.h> main () { char str1[21]; strcpy(str1,"Хал қалай, Азат?"); puts(str1); strcpy(str1,"Тамаша!"); puts(str1); getch(); }
ТАПСЫРМАЛАР
1. Бiр топтағы фамилиялары бiрдей студенттерді табыңдар.
2. Топ студенттері фамилиялары мен аттарының бiрiншi әрпiн шығарыңдар.
3. Әрбiр сөзден кейiн бiр бос орын қалдырылған сөйлемдер берiлген. Құрамында дауысты әріптер ең көп кездесетiн сөздi табыңдар.
4. Әрбiр сөзден кейiн бiр бос орын қалдырылған сөйлемдер берiлген. Құрамында берiлген әрiптен басталатын сөздердiң санын анықтаңдар.
5. Әрбiр сөзден кейiн бiр бос орын қалдырылған сөйлем берiлген. Сөйлемдегі ең ұзын сөздi табыңдар.
6. Әрбiр сөзден кейiн бiр бос орын қалдырылған сөйлем берiлген. Сөйлем ішіндегі жақшалардың дұрыс қойылғанын тексерiңдер.
7. Әрбiр сөзден кейiн бiр бос орын қалдырылған сөйлемдер берiлген. Сөйлем ішіндегі жақшаға алынған мәтiндердi өшіріңдер.
8. Берілген сөз тіркесіндегі әрбiр нүктенi көп нүктемен (яғни үш нүктемен) алмастырыңдар.
9. Алдыңғы есеп шартындағы қатар келген нүктелердiң әрбiр тобын бiр нүктемен алмастырыңдар.
10. Дүкендегi кассир көмекшiсiне арналған программа құрыңдар. Программа тауардың бағасын, мөлшерiн, сатып алынған тауарлар бағасының қосындысын есептеп, сатып алушының берген ақшасының мөлшерiн сұрап, оған қайтарылатын соманы да анықтайды.